Сабақтың тақырыбы: Бос уақытты тиімді пайдалану (1-сағат) Күні


Бас бармақ - басты мәселе



бет8/8
Дата14.12.2021
өлшемі448,5 Kb.
#100539
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
doc1548518170

Бас бармақ - басты мәселе.

Бүгінгі сабақта басты мәселе не болды ?

  • Балан үйрек - бірлесу. Мен топта қалай жұмыс

жасадым? Кімге көмектестім ?

  • Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен

тәжірибе алдым?

  • Шылдыр шүмек – шынайылық . Сабақ маған

ұнады ма? Неліктен?

  • Кішкене бөбек – көңіл-күй ахуалы . Мен өзімді

сабақта қалай сезіндім?











































Қосымша ақпарат

Саралау– Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлайсыз?

Мен жұмыс жасайтын мектеп жалпы білім беретін мектеп болғандықтан, оқу мақсатын сай алынған әдіс-тәсілдерді орындау барысында оқушылардың қабілеті мен мүмкіндігіне қарай саралауды әр тапсырмамда басшылыққа алып отырдым.

1-тапсырма «Топтастыру» әдісі "Диалог және қолдау көрсету" арқылы

Жауап беруге қиналған оқушыларға дайын сөз тіркестерін ұсынамын .(Кітап оқу, суға жүзу, театрға бару, доп ойнау т.б.)

2-тапсырма «Айналмалы бекет» әдісінде "Қарқын " әдісі арқылы тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға топтағы қабілеті жоғары оқушылар қолдау көрсетеді.

3-тапсырма «Тексеру, оқу, өзара болжау» әдісінде "Дереккөздер" арқылы тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға хабарландыру үлгісі ұсынылып қолдау көрсетеді.

4-тапсырма «Детальдарын қосу» әдісінде"Сыбырлау" әдісі арқылы тапсырма орындау барысында Кеңейтілген сөйлемді орындауда қиналған оқушы мұғалімнен немесе сыныптасынан көмек алады.



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Оқу мақсатын сай алынған әр тапсырманың орындалуын тексеру үшін қалыптастырушы бағалау орындалып отырады. Олар дескриптор арқылы " Екі жұлдыз, бір тілек", "Стикер"арқылы және

"Жапондық бағалау әдісі" арқылы бағалап отырдым.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Сабақтың оқу мақсаты :

- Тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

- Жанрлық ерекшелігіне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу.

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер оқу мақсатына сай алынды. Бұл сабақта оқушылар мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойлары мен көзқарастарын білдіре отырып, оны өмірмен байланыстыру арқылы бәсекелестікке деген қабілеті артты деп білемін. Сыныптағы оқушылардың әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай жауап бергендіктен барлық оқушылар өз деңгейінде меңгеріп, сынып ахуалы бірө бірін қолпаштау, бағалау, қолдау бағытында сыйластықта болды.

Сыныпта жақсы ахуал орнату бағытында саралау тапсырмаларын балалардың қабілетіне қарай беріп отыруға тырыстым. Мен осы сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды таңдауда " детальдарын қосу" тапсырмасын орындауда жұлдызша арқылы бағалауды "жапондық бағалау әдісіне ауыстырып түзету енгіздім.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Әр тапсырманы оқу мақсатына сай саралап алу;

2. Әр тапсырмаларды орындау барысында калыптастырушы бағалауды орындау барысында, өзара және

мұғалімнің марапаттауы мен қолдауы оқушыға тақырыпты меңгеруде табысты болды.



Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақ мақсатына сай, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану;

2. Тапсырманы орындау барысында топ лидерлерінің топ мүшелерін жетелеп қолдау көрсетіп отыруы.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы не білдім? Мен келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

Сабақ соңында рефлексиялық байланыс жасай отырып, мен сыныптың немесе жекелеген оқушылардың нені меңгергенін, неден қиналғанын, не білгісі келетінін біліп, сол арқылы келесі сабақта қалай жұмыстануға болатынына мүмкіндік алып отырамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет