1-тапсырма Тыңдалым алдындағы тапсырма.
«Тақырыпқа, ұғымға қатысты 10 сөзді ата» әдісі
…Адам құқығы туралы 10 сөз немесе сөз тіркестерін атаңыз
Осы сөздерді маңыздылығына қарай іріктеп алып , «Ромбтық жіктелім» графикалық органайзеріне орналастырады.
Ең маңызды сөз
Маңызды сөз
Маңызды сөз
Жеткілікті түрде маңызды элемент
Жеткілікті түрде маңызды элемент
Жеткілікті түрде маңызды элемент
Онша маңызды емес сөз
Онша маңызды емес сөз
Ең бір маңызы аз сөз
2- тапсырма
Жеке жұмыс
Тыңдалым тапсырмасы
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.
Бөлім
|
Адам құқығы мен бостандығы
|
Тақырып
|
Бостандықта өмір сүру – әр адамның арманы
|
Оқу мақсаты
|
9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіру, сыни тұрғыдан баға беріп айту
|
Оқу дағдыларының деңгейлері
|
жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша өз көқарасыңызды білдіріп, сыни тұрғыдан баға беріңіз.Кестені толтырыңыз.
Бостандық туралы ұғым
Адам баласы өмір сүруге қандай құштар болса, бостандықта болуға да сондай құштар. Себебі бостандықсыз өмірдің мәні жоқ. Бостандық дегеніміз – адамдардың басқалардан қысым көрмей, еркін ойлап, еркін сөйлеп, еркін іс-әрекет етуге мүмкіншілігінің болуы. Басқаша айтқанда, адамдар өздерінің түсінігімен, сенім-нанымымен заңның шеңберінде, қоғамдық тәртіпті бұзбай өмір сүруі және олардың санасында қауіп, үрей, қорқыныш сияқты жағымсыз сезімдердің болмауы. Әркім күнделікті өмірде үйлесімді өмір сүріп, ұнамды іспен айналысып, еркін жүріп – тұрса ,өздерін бостандықта сезінеді.
Барлық адамдар негiзгi нақты құқықтар мен бостандыққа ие болады. Адам құқығы жалпыға тән және әмбебаптық сипаттан тұрады. Оның себебi адам құқығы әр алуан мәселелерге кез болады, атап айтқанда: еңбек ету, бiлiм алу, жанұя құру, баланы тәрбиелеу, ғылым саласымен айналысуға, мемлекеттiк қызметке кiру, өзiнiң және мемлекеттiң мүддесiн қорғау, отан алдында азаматтық боршын өтеу т.б.
Алматы ақшамы» газетінен
Кестені толтырыңыз.Мәтінде айтылған ойға түсіндірме бере отырып, өз көзқарасыңызды бідіріңіз, баға беріңіз.
№
|
Мәтінде айтылған ой
|
Мәтінде айтылған ойға түсіндір
ме
|
Мәтінде айтылған ойға менің көзқара сым, бағам
|
1
|
Адамға тіршіліктегі ең қымбат нәрсе - ол арының , намысының таза болуы. Адам өмірде ізгілікті іс істесе де, зұлымдық іс істесе де бірінші кезекте жеке арының алдында жауап береді.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |