Сабақ кезеңі / Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
|
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
Үй тапсырмасын тесеру
«Тез ойлан » тәсілі:
Роботтың қандай түрлері бар?
Гидроскопиялық датчик деген не?
Гидроскопиялық датчиктің жұмыс істеу режимдері қандай?
Талқылау сұрақтары
|
Мұғаліммен амандасады.
Сабаққа назар аударады.
|
Ауызша кері
байланыс беру.
|
|
8 минут
1
1
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Жол белгілерін білеміз бе?
Қандай жол белгілерін білеміз?
Суретпен жұмыс
Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру. Сабақ тақырыбын және мақсатын, оқушыларға болжату.
ЕББҚ бар оқушы сыныптасынан қолдау көреді және қарым-қатынасқа түсуі артады.
Дағды: сабаққа мақсат қою дағдысы, бағалау критерийлерін шығару дағдысы қалыптасады.
Бейне сабақ «Бұрылыстар» тақырыбын қарау
|
Жол белгілері туралы білетіндерін айтады
Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ мақсатын өздері болжап айтады, мұғалімнің көмегімен толықтырады.
|
-Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Интербелсенді тақта
https://youtu.be/9ebfTjEPaPo
|
Сабақтың ортасы
10минут
|
Тәжірибелік жұмыс :
Роботты көрсетілген градусқа бұру
Гироскопиялық датчикті пайдалынып, робот 90°-қа бұрылатын программа құрып көрейік.
Старт блогына Тәуелсіз басқару блогын жалғаймыз.
Қосу режимін таңдаймыз.
Сол жақ мотордың қуатын 40, оң жақ мотордың қуатын 0 деп өзгертеміз.
Тәуелсіз басқару блогына Күту блогын жалғаймыз.
Датчиктен мәліметтерді алу үшін оның режимін ауыстырамыз:
Гироскопиялық датчик – Өзгерту – Бұрыш (Бағыты – 0, бұрыш – 90).
6. Күту блогына тағы бір Тәуелсіз басқару блогын қосамыз.
7. Өшіру режимін орнатамыз. Нәтижесінде робот 90°-қа айналған соң, бұл оны тоқтатады.
ЕББҚ бар оқушылар берілген тапсырманы мұғалімнің көмегімен алып шығу.
|
LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 бағдарламасында роботты бұру блоктарын құрастырады
|
Дескриптор:
- тәуелсіз басқару блогын жалғайды-1б
Қосу режимін таңдайды-1б
-мотордың қуатын өзгертеді-1б
Күту блогын жалғайды-1б
-датчик режимін ауыстырады-1б
-тәуелсіз басқару блогын қосады-1б
Өшру режимін орнатады – 1б
|
LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 программасы
|
|