Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Ашық сабақ
Ана тілі
Тақырыбы: Буын. Не деу керек ?
Орындаған: Бабашева Гулмаржан
Оналбековна
Алматы қаласы
Сабақтың тақырыбы: Буын. Не деу керек?
Әнуарбек Дүйсенбиев
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп қатасіз оқуға қалыптастыру.
Буын туралы білім –түсінік беру.
2. Оқушылардың оқу және сөйлеу дағдыларын
Жетілдіру, сөз байлығын арттыру, ой-өрісін
дамыту.
3. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: жаңа бөлімді беңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, слаитар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезені
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де, сіз,
Баршаға жанды құрметтен,
Бас иеміз біз.
Балалар, біз бүгін «Әдептілік» әлеміне саяхаттқа барамыз. Тапсырмалары орындау арқылы сиқырлы әлемінің кілтін шешеміз. Дайынбыз ба?
Онда жолға шығайық.
II Үйтапсырмасын сұрау
«Өлең» әлемі
« Көрші атам» М.Жаманбалиев өлеңін жатқа айтқызу.
-Үлкен кісілермен, аталармен қалай амандасамыз?
Сөздердің мағынасын сұрау.
Әжелермен ше?
Амандасудың тағы қандай түрлерін білесіндер?
Үлкендермен кездескенде бірінші кім амандасуы керек? (кішілер)
Хормен: Біздер сәлем береміз
Алдымыздан кезікен,
Көп танысты көреміз.
Бәрінеде ізетпен,
Біздер сәлем береміз
Е. Өтетілеуұлы
- «Салем- сөздің анасы»-деп бекер айтылмаған. Әрбір адам бір- бірімен кездескенде амандасуы керек.
«Ойындар әлемі»
«Адасқан әріптер» ойыны
А,Ы,Қ,Л. Ш,Ы,Д,Н,Ы,Қ.
Т,Р,Т,Ә,П,І. Б,М,І,Л,І.
«Кім жылдам?» ойыны сөздерге дыбыстық талдау жаса
Ақыл –
Шындық -
Тәртіп-
Білім –
Жуан айтылған сөздерді ата.
Жіңішке айтылған сөздерді ата.
Сөздердің жуан және жіңішке айтылуы?
Жуан дауыстылар?
Жіңішке дауыстылар?
Жұп дауыстыларды атату.
Сөздегі жұп дауыстыларды тапқызу.
«Сен білесіңбе бе? ойыны
Сөздерді буынға буынға бөлгізу
А- қыл, шын-дық, тәр- тіп, бі-лім.
Сөздерді буынға қалай бөлдік?
Дауыстыларды атату.
III Жаңа сабақ
а) «Көркем жазу» әлемі
Мынау- менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау –басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау- менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым
Көркем жазу атқарған.
Көркем жазу минуты:
Ы ы Ыы Ыы Іі Іі Іі
Ақыл шындық тәртіп білім
«Оқулық» әлемі
ә) Оқулықпен жұмыс
58-жаттығу.1.Сөздерді буынға бөліп оқыту.
А-па, ә-же, а-та, кө-ке, ше-ше, на-ға-шы, жи-ен.
Бұл – туыстықты білдіретін сөздер.
2.Әр сөздегі дауысты дыбыстарды атату.
Б)Ережені оқыту,түсіндіру,қорытындылау.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
В)Суретпен жұмыс:
«Сурет» әлемі
-Суретте кімдерді көріп тұрмыз?
-Осы суретте қандай жақсы ізгі істі көріп тұрмыз?
-Өздерің үлкендерге қандай құрмет көрсетесіңдер?
- «Кішіпейілділік – кісілік белгісі» - қалай түсінесіңдер?
Г)59-жаттығу. 1.Мақал-мәтелдерді оқыту.
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы.
2.Әр сөзде неше дауысты дыбыс,қанша буын бар?
« » әлемі
«Сиқырлы сөздер» әлемі
Не деу керек? Әнуарбек Дүйсенбиев
1)Өлең авторымен таныстыру.
Әнуарбек Дүйсенбиев – 1931-1979 жылдар 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы,Қарақыстақ ауылында туылған.Қазақ «Жалын» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.
2)Өлеңмен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Оқушыларға іштей оқыту.
Тізбектетіп оқыту.
Шумақпен оқытып, сұраққа жауап алу.
Рахмет!Кешіріңіз!Рұқсат па?
Жарайды, мақұл.
-Өздерің осы сөздерді жиі айтасыңдар ма?
-Бұдан басқа тағы қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?
-Көмектесейін, айып етпеңіз, өтінемін, төрлетіңіз, т.б.
-Осындай сөздерді жиі айтқан балаларды әдепті деп атайды.
«Әдептілік» әлемі
Бекіту:
1.Кішіпейілділік – қанша дауысты дыбыс бар?
2.Ереженің жалғасын тап.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша ...
3.Адасқан сөздерді орнына қойып, мақалды тап
Анасы, сөздің,сәлем - ...
4.Сыпайы сөздерді айт.
5.Мақалдың ұйқасын тап
Әдепті бала – ата-анасын ...
Әдепсіз бала – ата-анасын ...
Достарыңызбен бөлісу: |