ОҚО, Түлкібас ауданы А. Пушкин жалпы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кадырбаева Ултуар Курманбековна
Сабақтың тақырыбы: Буынның түрлері
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділік: жаңа технологияларды пайдалана отырып, буын түрлері туралы мәлімет беру, оларды мәтін ішінде ажырата білуге дағдыландыру.
Ә)Тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, жақсы мінез- құлыққа тәрбиелеу, дүниетанымы қалыптасқан дара тұлға дайындау.
Б)Дамытушылық: сөздік қорын молайту, тілін дамыту, дыбыстан сөз, сөзден сөйлем құру арқылы сөйлеу шеберлігіне төселдіру, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слаидтар, таблица,суреттер, оқулық.
Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру, сұрақ- жауап, ойындар
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: А) Сәлемдесу.
Ә) Кезекшімен тілдесу.
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу.
Психологиялық тренинг.
Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, ұлағат.
Әрбір ісім – тірлік,тірек, адамдық.
Әрбір сөзім –шындық, бірлік, адалдық.
Оқиық, үйренейік, білейік.
Шындыққа, бірлікке, адалдыққа талпынайық
Тірліктің тірегі – білімге ұмтылайық.
Сабақтың оқушыларға тақырыбы мен мақсат-міндеттерін айту. Бүгін сабақта мына кезеңдер бойынша жұмыс жүргіземіз.
Қайталау – оқу анасы.
Оқу – инемен құдық қазғандай
Кітап- досың , ақылшың.
Білімді мыңды жығар.
Біліміңді байқап көр.
Буын және буын түрлерін мына технологиялар мен әдістер арқылы меңгерту
Деңгейлік тапсырмалар технологиясы
Сатылай кешенді оқыту технологиясы
Ойындар қолдану арқылы меңгерту
«Қайталау – оқу анасы» кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген жаттығуды тексеру. 299—жаттығу.
I- деңгей. Суреттер топтамасындағы 4 суретке қарап шағын мәтін құрастыру. Сөйлемдерін буынға бөліп келу.
II-деңгей. Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз, мәнін аш.
III-деңгей. Буын деген тақырыпқа ертегі немесе өлең шығарып келу.
«Оқу – инемен құдық қазғандай» кезеңі
ІІІ. Жаңа сабақ. Буын түрлері
1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла т. б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т. б.
Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і-өр-ті, оқ+ы-о-ғы, еп+і-е-бі, ек+ін-е-гін т. б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т. б.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.
ІV.Жаңа сабақты пысықтау. «Кітап- досың , ақылшың» кезеңі
Оқулықпен жұмыс: 302-жаттығу
1) Мәнерлеп оқу
2) Кітапты жауып, сұрақ- жауап алу «Не жетім?»
3) Топтастыру
Ел қонбаса, жер жетім,
Құс қонбаса, көл жетім.
Кемпірі жоқ шал жетім,
Иесі жоқ мал жетім.
Соқыр болса, көз жетім,
Тыңдамаған сөз жетім.
Доссыз қалса, ер жетім,
Жау қолында ел жетім.
Жапырақсыз бұтақ жетім,
Оқылмаса, кітап жетім.
Тыңдаушысыз дана жетім,
Ата-анасыз бала жетім.
Қағазсыз қалам жетім,
Ақылсыз адам жетім.
Жетім
303-жаттығу.
1) Мәтінді мәнерлеп оқу
2) Әл Фараби жайлы слаидтар көрсетіп, әңгімелеу
3) Үлестірмелі қағаздармен жұмыс жасау. Мәтіннен берілген сөздерді сатылай кешенді талда.
Достарыңызбен бөлісу: |