«Білімді мыңды жығар» кезеңі
Ойындар:
1)«Кім тапқыр?» ойыны
2) Грамматикалық ойын «Сөз ойла, тез ойла»
Аға,бала,қала - ........ буын
Ат,аз,ақ,өрт,ұл,ант - ....... буын
Тал,төрт,бар,жаз,қант,кент - ....... буын
3) «Адасқан әріптер» ойыны
Адасқан әріптерді орнына қой, буын түрлерін ажырат.
А) н м ә д и е т е =...........
Ә) т л е д и р е д а=…….
Б) ж р а п ы қ а =………
В) б а о т а н қ =………..
4) «Екінші буыным қайда?» ойыны
5) «Кім шапшаң?» ойыны
1.-ғақ буынына аяқталған екі буынды сөзді тап! (тайғақ, айғақ,жарғақ,ырғақ,
Тоңғақ)
2.Екі бітеу буыннан құралған құс аты (тарғақ,бүркіт, қызғыш, торғай, кептер, сұңқар, байғыз,тұйғын, құзғын)
3.Екі ашық буыннан құралған туыстық қатынасты білдіретін сөз жаз
6) «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын!» ойыны
Қызықты сұрақтар:
1.Қай буында дыбыс көп болады?
2.Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
3.Шалға қарағанда балада не көп?
4. Ант- қант,
Оқ- тоқ,
Ұрт- мұрт сөздерінің ерекшелігі неде?
5. Бота мен қозы неге ұқсас?
Сергіту сәті. «Дыбыс лақтырыспақ» ойыны
Үш топтан үш оқушы шығады. Оқушылар тақтадағы бірінші оқушыға дауысты дыбыс лақтырады, ол оқушы сол дыбыстан буын құрайды, екінші оқушы сол буыннан сөз құрайды. Үшінші оқушы сөйлем құрайды.
V. Сабақты бекіту. «Біліміңді байқап көр» кезеңі
Тест тапсырмалары
1.Ашық буынды сөзді анықтаңыз. 2.Бітеу буынды сөзді анықтаңыз.
А) Даңғыл. А) Даңғыл.
В) Танысу. В) Танысу.
С) Дәстүр. С) Отбасы.
D) Ермек. D) Ерекше.
Е) Мекенжай. Е) Шеше.
3.Ашық буын сөздерді көрсетіңіз 4.Тұйық буын сөздерді көрсетіңіз
A) Аспан, жайлау, жер. A) Ашық, жабық, қысаң
B) Дала, жаға, сары. B) Аң, аш, ар.
C) Ай, ас, мал. C) Мереке, той, думан.
D) Үлкен, ұзын, қызық. D) Дәптер, мектеп, сынып.
E) Орман, тоғай, күз. E) Есік,, еден, тақта.
5.Тек бітеу буын сөздерді көрсетіңіз 6. Қазақ тіліндегі буын түрлерін белгілеңіз.
A) Сұлу, жұқа, кіші. А) Ашық, тұйық, бітеу.
B) Ән, аң, жаңаша. В) Қатаң, ұяң, үнді.
C) Мереке, үлгі, аула. С) Ашық, қатаң, үяң.
D) Дәптер, мектеп, бұлбұл. D) Үнді, бітеу, тұйық.
E) Оқушы, бала, оқытушы. Е) Тұйық, қатаң, үнді.
7. Ашық буыннан құралған сөздерді анықтаңыз. 8.Тұйық буыннан құралған сөздерді белгілеңіз.
А) Доп, дәптер. А) Ақын, аға.
В) Ана, терезе. В) Кеме, теңіз.
С) Ас, астық. С) Ақ, ар.
D) Ұшқыш, кемеңгер. D) Жас, мұғалім.
Е) Тұйық, қатаң, үнді. Е) Танысу, даңғыл.
9.Бітеу буыннан құралған сөздерді белгілеңіз. 10.Үш буынды сөзді анықтаңыз.
А) Аға, ана. A) Бөлме.
В) Ас, ақ. B) Даңғыл.
С) Кеме, киік. C) Пәтер.
D) Мектеп, дәптер. D) Танысу.
Е) Терезе, дала. E) Зат.
11. Буын түрін анықтаңыз. 12. Буынға дұрыс бөлінбеген
сөзді белгілеңіз.
Терезе, кеме, ана, аға.
А) Ашық буын. A) Нем-ере.
В) Тұйық буын. B) Ме-ре-ке.
С) Бітеу және тұйық буын. C) Жол-дас-тық.
D) Бітеу буын. D) Бар-дық.
Е) Ашық және тұйық буын. E) Ке-зек-ті.
VI.Сабақты қорытындылау.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
VII. Оқушылар білімін бағалау.
1)Жұптық жұмыстың, өзара тексерудің нәтижесін жинап алу.
2)Көңіл күй парақшасы арқылы оқушыларға сабақтан алған әсерін білу.
VIII. Үйге тапсырма:
1. Ереже жаттау.
2. 304-жаттығу
- Мәтіндегі ұлағатты сөздерді түсініп оқу,
- әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажырату
- Көкжиекке, құдіретін деген сөздерге фонетикалық талдау
Достарыңызбен бөлісу: |