Сабақтың тақырыбы: ц дыбысы мен әрпі. Цирк Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа терең біліммен өнегелі тәрбие беру



Дата30.01.2017
өлшемі261,79 Kb.
#8356
түріСабақ




Әліппе


1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі. Цирк

Сабақтың мақсаты:Болашақ ұрпаққа терең біліммен өнегелі тәрбие беру.

Сабақтың міндеті:

  1. Ц дыбысы мен әрпін таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды меңгерту.

  2. Ц дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту.

  3. Оқушыларға жол көліктерін білдіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ц дыбысының баспаша, жазбаша түрлері, кеспе әріптері, дыбыстық белгілер, ролотно, жұмбақ, цирктің суреті, Күлегеш қонақ, бағанадағы сөздердің суреттері, әріптері алфавит, алтын мәтін жазылған плакат, ассоциация құру, insert әдісі.

Оқыту әдісі: Баяндау, ізденушілік, сұрақ-жауап, insert.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Қонақ


ә) Топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Білімді тексеру



III. Жаңа тақырып

а) Жаңа дыбыс

ә) «Цирк» суретпен жұмыс

б) Цирк сөзін дыбыстық белгімен жазу

в) Бағандағы сөздерге түсініктеме беру.
г)Цирк мәтінін түсіндіру.

ғ) Ассоциация құру.

д) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы

ж) Хормен, іштей, тізбектей оқу.


з) Сергіту сәті.

л) Ауада жазу, тақтамен жұмыс.



ІҮ. Бекіту сұрақтары.

a) insertәдісі.

ә) үйге тапсырма беру

Ү. Қорытынды

а) бағалау

ә) топ жеңімпаздарын анықтау

Сабақтың барысы:

I. - Сәлеметсіңдер ме? - Отырыңдар!


  • Қазір қай мезгіл?- Қыс.

  • Қыстың қай айы?- Желтоқсан

  • Қазір әліппе сабағы.

  • Балалар, бүгін келген оқушылар саны

- Күлегеш деген бала қонаққа келіп отыр. Сонымен қоса бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан сендер тыныш отырып, сабаққа жақсы қатысып отыруларың керек. Соның бәрін қонақтар сырттай сендерді бақылап, қарап, қадағалап отырады. Қане барлығымыз тыныш отырайық. Сыныпты3 топқа бөліп, топ басшыларын сайлап алайық.

II. 1-Аялдама. «Білімді тексеру» бөлімі.

  • Өткен сабақта қандай дыбыс өттік? (щ)

  • Ол қандай дыбыс? (дауыссыз)

  • Сондықтан біз оны қандай тор көзге орналастырдық? (көк)

  • щ дыбысына мысал келтіріңдерші? (щётка т.б.)

  • Үйге берілген мәтінді кім оқып береді? (Қолкөтереді).

  • Ал, кім мазмұнын айтады? (Қол көтер) Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер. Осы бөлім бойынша алдарыңдағы тізбеге, □, ▲ белгілерін орналастыру.

ІІІ. 2-Аялдама. «Жаңа дыбыс» бөлімі.

«Цирк» суретпен жұмыс. Цирк деген сөзде таныс емес қандай дыбыс естіледі? Ц дыбысы. Олай болса бүгінгі біздің танысатынымыз Ц дыбысы (баспа түрі) Қане хормен айтып көрейікші Ц-Ц-Ц. Біз қайттік? Көзбен көрдік, ауызбен айттық, құлақпен естідік. Дауысымызды созып айта аламыз ба? (жоқ) Олай болса Ц дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз)

Яғни,Цтіл алды, жуан, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздермен халықаралық терминдерге тән.

Цдыбыс сөздің басында, ортасында келеді. Оны қандай торкөзге қоямыз? (көк)



3-Аялдама.«Жаңа дыбыс еліне мысал келтір» Ц дыбысына кім көп, сөз айтар екен? (цирк, цех, т.б.)

Цемент сөзін буынға бөлейікші. (2 буын) Қане кім Цемент сөзін дыбыстық белгісін жазады. Дыбыстық талдау. Цемент сөзінде неше, буын бар? (2) дауысты дыбыс нешеу? (2) дауыссыз нешеу? (4) Ц дыбысы қай буында кездеседі? (1-ші). Офицер сөзін полотноға жазғызу. Ц дыбысы қай буында? (3-ші) Неше әріп, неше дыбыс бар? (6 әріп, 6 дыбыс)

Яғни, мынау Ц дыбысының әріп таңбасы. Бұл баспа түрі. Кітапта, газет-журналда жазылады. Ал мынау жазбаша түрі. Бұл дәптерде, тақтада жазылады. Қалташаларына, □, ▲ белгілерін қою.

4-Аялдама. «Кім дұрыс оқиды»бөілімі. Ц дыбысы бар бетті ашайық, бағандағы сөздерді оқып, түсініктеме беремін.

Цирк – көтеріңкі көңіл күй!

Цех – қажеттерді жасап шығару орталығы. (кәмпит, нан, т.б.)

Цемент – Құрғақ, ұнтақ, тез қататын құрылыс материалы.



Авиация – ауаға ұшақтарды ұшыру орталығы.

Офицер – әскери адам.

Ал енді, «Цирк» деген мәтінді түсіндіремін. Ассоциация құру.



Енді плакатпен хормен оқыту. Оқушылар орнында кітапен іштей оқу. Енді парта бойынша тізбектей оқу, дауыстап.



Сергіту сәті:Жазу жаздық бәріміз

Талып қалды қолымыз.

Тынығамыз біраз біз

Қайта жазу жазамыз.



  • Отырыңдар!Қалташаларына,, ▲белгілерін қою.

5-Аялдама. «Кім әдемі жазады» бөлімі.

  • ЕндіЦ жазбашасымен танысып, оны ауада жазғызу. Тақтадағы жазу әдемі жазғандар қалташаларына, □, ▲ белгілерін қою.

6-Аялдама. «Бәсеке,мәре» бөлімі.

Яғни, бүгін қандай дыбыспен таныстық? (Ц)

Ц дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)

Қандай мәтін оқыдық? (Цирк)




Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Циркте күлегештер, хайуанаттарды білеміз.

Цирктің мағынасын түсіндім.

Циркте хайуанаттарды қалай жаттықтыруларын білгім келеді.


Үйге: Цирк мәтінін оқып, мазмұнын айту.

Оқушыларды бағалау. Әр топтың -рын есептеп орын беру.


Copyright © 2007-2015 UNIPRADE
Все права защищены

Обратная связь • Контакты • Пользовательское соглашение




Тақырыбы: М дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: М дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық талдау жасау. М әрпі бар сөздерді оқи білуге, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.

Дамутышылық: Өтілген дыбыстарды қайталау арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабіліттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ұжымдық ойын сабағы

Сабақтың әдісі: Ой қозғау арқылы дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі: Слайд суреттер, сөзжұмбақ, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым!

Арайлап атқан әр күнге.

Өткен сабақты пысықтау



Ой қозғау

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыс дегеніміз не?


«Кім шапшаң ?» ойыны

Буыннан сөз құрау

а па

та ла


ал на

да ға


ай ра

ой ша


қа ма
Жаңа сабақ

Жұмбақ жасыру

Өзі жап-жас, мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп-шұбар. (мысық)

(слайдпен мысықтын суреті шығады)


Ал енді балалар, түйе өркешіне қарайық.

Ұқсайды оған қай әріп ? (м)

«Мысық» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? «М»

Олай болса, бүгін біз «М» дыбысы мен әріпімен танысамыз.

Кәне М дыбысын айтып көрейін М , М , М .

Ерін арқылы жасалады екен .

Қысқа айтылады, дауыссыз дыбысқа жатады .


(слайдттан моншақтың суретін көрсету)
Ненің суретін көріп отырсыңдар? (Мон-шақ )

М дыбысы сөздің қай жерінде естіледі? Басында .

Бұл сөз неше буыннан тұрады? Екі.

Неше дыбыс бар? Алты .

Неше дауысты? Екі .

Неше дауыссыз? Төрт .


М әріп таңбасын көрсету:

«Сөз ойла, тез ойла» ойны арқылы «м» дыбысына сөз айтқызу.

Балалар, біз қандай дауысты дыбыстар білеміз? а, о, у

Дауысты дыбыстарға байланысты буындарды оқып көрейік -ма, -мо , -му, -лам, -мақ, -мар

Оқулықпен жұмыс:

Оқулық бетіндегі сөздерді оқушыларға буынға бөліп оқытып, әр сөзге түсінік беру.



Сергіту сәті:

«Қара жорға» биінің әуені арқылы қимылын жасату.
Дәптермен жұмыс:

Оқушыларға М м әріпінің элементтерін көрсету



М м

Ауада жаздыру. Дәптерге екі жол жаздыру.



Шығармашылық жұмыс:

«Ұйқасын тап»

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбат.

Үзесің бірден жүзін ,

Оның аты ... (жүзім)

«Кім тапқыр» ойыны:


  1. Нольден кейінгі сан 1. Түйенің баласы

  2. Қозының анасы 2. Тамақтың дәмін келтіреді

  3. Мемлекеттік рәміздердің бірі 3 .Үй құс-ң бірі

  4. Қасиетті тағам 4. Тәтті жеміс

5. Балық аулайтын құрал


Сабақты қорытындылау
Дауыссыз дыбыс ерін арқылы жасалады


М

Сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.



Үй тапсырмасы: М дыбысы мен әрпін оқу
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет