Гүлтас Ернісқызы Ернісова
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Катонқарағай ауылы
«Ленин атындағы орта мектебі»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Дауыссыз дыбыстар, олардың
түрлері: қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігін
түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, өз бетінше іздену
қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа, елін, жерін сүюге батырлық пен ерлікке
тәрбиелеу. экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі.
Сабақтың көрнекілігі: Слаид, плакаттар, кесте карталар.
Пән аралық байланыс: әдебиет, музыка, табиғаттану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу, сабаққа бағыттау).
2. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Жаттығуды тексеру. (бірін-бірі тексереді).
ІІ. Тестік тапсырмамен жұмыс.
(нашар оқитын оқушылармен жеке жұмыс)
ІІІ. Кестелік тест.
Оқушылар өзіне қойылған бағаны бүкіл сабақ бойы жанындағы бағалау парақтарына түсіріп отырады.
Өткен сабақты бекіту.
Ойын «Алтын қақпа»
Қазір біз өткен сабақты қайталап, жаңа сабаққа көшу үшін 3 қақпаны ашуымыз керек.
« Тас қақпа »сұрағы ІІІ деңгей оқушыларына қойылады.
1. Көп нүктенің орнына қажет дауыстыны қой.
2. Әліпбиде неше әріп бар?
3. Тек қазақ тілінің сөздерінде ғана кездесетін дыбыстарды ата.
«Күміс қақпа» сұрағы ІІ деңгей оқушыларына қойылады.
1. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата.
2. Дауысты дыбыс деген не?
3. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (У неге құбылмалы)
«Алтын қақпа» сұрағы келесі сабаққа жетелеу тапсырмаларынан тұрады. Сондықтан ол І деңгей оқушыларына қойылады.
1. Ізденіс тапсырмасы:
Еліміздегі қай өзендер әліпбидегі 8-әріптен басталады?
2. Алфавиттегі бірінші әріп пен соңғысының алдындағы әріптен қандай сөз шығады?
3. Дауыссыз дыбыс қалай жасалады? Олар қалай бөлінеді?
Ойын нәтижесін бекіту, қақпаны ашу.
Жаңа сабаққа дайындық.
Үн - созылып шығады, өкпеден шыққан ауа кедергісіз шығады немесе кедергі аз болады.
Салдыр – дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге кездесіп, соқтығыс пайда болады.
Ұғымдарын таныстыру.
Өздеріне айтқызып көру.
Т, д Б,п С,з.
Жаңа сабақ.
Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шықса онда олар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Дауыссыздар:
Б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у).
Олар салдыр мен үннің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып 3-ке бөлінеді.
Айтқыза отырып әр қатарға тіземіз.
Қатаң Ұяң Үнді
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,ч,х,ц,һ. Б,в,г,ғ,д,ж,з. Р,м,н,ц, й, (у)
Салдырдан салдыр мен үннен салдыр мен үннен, үні басымырақ
Кітаппен жұмыс. Ережені оқу.
262 жаттығу. Ойын «Жұп дауыссыздың орнын тап»
Осы сөздерден келетін 1 мақал тауып айт.
270 жаттығу.
Ід. І абзацтан қатаңнан басталатын сөздерді теріп жаз.
ІІд.ІІ абзацтан ұяңнан басталатын сөздерді теріп жаз.
ІІІ д. ІІІ абзац бойынша өз ойыңды айт. Үндіден басталатын сөзді тап.
«Ата ақылы-алтыннан қымбат» сөзінің мәнін аш.
271 жаттығу.
Тек ұяңнан басталатын сөздерді ауызша жеткіз.
«Табиғат көркі - ағаш» тақырыбына шағын мәтін құра.
(Слаид көрсетіледі).
Дидактикалық материалмен жұмыс.
І д. 23 тапсырма.
ІІ д. 24 тапсырма.
ІІІ д. 25 тапсырма.
Сабақты бекіту.
Ұлдар «Ат ерттеу »ойыны.
Қыздар «Текемет басу» ойыны.
Ұлдарға. Суреттегі ат және оның әбзелдері жазылған парақтар беріледі. Олардың артындағы сұрақтарға жауап берсе, ол ат әбзелін орналастырады.
Жүген, тоқым, өмілдірік, ер, құйысқан.
Жүген:
Түсіп қалған дауыссыздың орнын толтыр.
Ха... Жа... а Ба.... Ө....із
Тоқым:
Салдыр деген не?
Өкпеден шыққан ауа кедергіге соғылғанда шығатын дыбыс.
Өмілдірік:
Тек салдырдан қандай дауыссыз жазылады.(Қатаң)
Ер:
Салдырдан үнінен басымырақ болатын дауыссызды ата. (Үнді)
Құйысқан:
Салдыры басым болса, онда ол қандай дауыссыз? (Ұяң)
Бекіту. (Жаттығу).
Қыздар осы кезде текемет басып жатулары керек. Тыңдай отырып. Текемет туралы тапсырма берілген. (түсінік беру).
Оюлар берілген. Оларды орналастыру керек.Сұрақтарға жауап бере отырып.
1. Тек қатаңнан ғана тұратын сөз айт. (Кітап)
2. Ұяңнан басталатын жерлес жазушы (Дидахмет)
3. Есімі үндіге аяқталатын . (Оралхан)
4. Қатаңға аяқталатын жерлес жазушы (Әлібек)
Жаттығуды қорытындылау. Жерлес жазушыны айта кету.
Фонетикалық талдау үлгісін ұсынамын.
І д. Кітап ІІ д. Балалық ІІІ д. Ана
Қорытынды:
Слайдта Венн диаграммасы көрінеді.
Дауысты дыбыстар
Үннен жасалады, жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік езулі.
Дауыссыз дыбыстар
Үн мен салдырдан жасалады. Қатаң, ұяң, үнді.
Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды.
Ұстаз түлегіне алға бастырар талап сыйлайды.
Бағалау:
Үйге тапсырма: ережені жаттау.
І д.– 276 жаттығу.
ІІ д. – 272 жаттығу.
ІІІ д. – 273 жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |