Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18 орта мектеп мемлекеттік мекемесі.
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Қосанова Баян Бисенбаевна.
Мерзімі: Пән: Қазақ тілі. Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Дауыстылардың жазылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың фонетика тарауынан алған лингвистикалық білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, елдікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, талдау
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
249-жаттығу
ІІІ.Түсінік беру:
1. Ашық дауыстылардың жазылуы
1. А, е дауыстылары сөздің барлық буынында жазылады. Мысалы: алақан, мақала; ереже, елгезек.
2. Ә дауыстысы көбінесе сөздің бірінші буынында жазылады. Мысалы: ә-сем, ә-леу-мет, дәу-рен, кә-сіп, ән, т. б.
Ескерту:
1) ә әрпі мына сияқты сөздердің екінші буынында естілуі бойынша жазылады: сірә, куә, күнә, кінә, іңкәр, күмән, зәмзәм, шүбә, мүсәпір, Күлән, Күләш, Күләй;
2) ә әрпі біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында жазыла береді: ендігәрі, әжептәуір, Гүлжәмила, Бейсенәлі, кәп-кәрі, әлсін-әлі.
3) О, ө дауыстылары сөздің бірінші буынында жазылады. Мысалы: бө-рене, кө-белек, ө-сімдік, оқ, тор, төр. Ескерту: 1) о әрпі орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында жазыла береді: кино, синоним, домино;
2) о, ө әріптері біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буынында жазыла береді: көркемөнер, төсек-орын, алабота, Айнамкөз, т. б.
2. Қысаң дауыстылардың жазылуы.
1. Ұ, ү әріптері сөздің бірінші буынында жазылады. Мысалы: ұзын, ұлы, құ-лын, күн, құн, ұн, жұ-дырық, т. б.
Ескерту: 1) Ұ, ү әріптері мына тәрізді сөздердің екінші буынында жазылады: бұлбұл, мазмұн, мақұл, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, байғұс, мағлұмат.
2) Ұ, ү әріптері біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарының алғашқы буындарында жазыла береді: қыстыгүні, көкқұтан, мал-мүлік, күп-күрењ, т. б.
2. Ы, і әріптері сөздердің барлық буындарында жазылады. Мысалы: ыдырау, ыстық, абырой, айығу, іскер, көрініс, қабілет, қатынас, ықылас, қыртыс, т. б.
Ескерту: Кейбір сөздердің соңғы буынындағы ы, і дыбыстары тәуелдік жалғауынан басқа қосымшалар жалғанғанда, жазуда түсіп қалады: орын+а=орна, ойын+а=ойна, бұйыр+ық=бұйрық, жиын+ал=жинал, қорық+ыт=қорқыт.
3. И дыбысына біткен етістіктер мен сый, тый деген етістерге –у, -а жұрнақтары жалғанда, олар ю, я болып жазылады: қи+у=қию, қи+а=қия, и+у=ию, кей+у=кею, тый+ады=тыяды.
Сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс:
250-жаттығу
Сөздегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар. Білмейтін сөздерің болса, мағынасын бірлесіп анықтаңдар.
251-жаттығу
Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып жазыңдар. Білмейтін сөздеріңді мұғалімнің көмегімен талдаңдар.
252-жаттығу
Мына сөздердің қалай жазылатынын біліп алыңдар да, түбір мен қосымшаға бөліңдер. Осылардың жазылуынан ереже шығарыңдар.
1-тапсырма
Сөздің басы мен соңы бірдей дауысты болып келетін 10 сөз тауып жазыңыздар.
Үлгі: алма, іні, апа.
2-тапсырма
Дауысты дыбыспен басталып, дауысты дыбыспен аяқталатын жер-су аттарын тауып жазыңыздар.
Үлгі: Алматы, Африка.
3-тапсырма
Қазақ тілінің үндестік заңына бағынбайтын кірме сөздерден 10 сөз тауып жазыңыздар.
Үлгі: мейрамхана, мұғалім.
4-тапсырма
Тек бір дауысты дыбыстан ғана басталатын 4 сөйлем құраңыздар.
Үлгі: Өгіз өткелден өтпей өкірді.
5-тапсырма
Қай жағынан оқысаңдар да, белгілі бір мағынаны білдіретін 10-15 сөз теріп жазыңдар.
Түс - сүт, сақ - қас, лақ - қал, сал - лас, қазақ, қызық, құс - сұқ, тақ - қат.
6-тапсырма
Сөздің басы мен соңғы бірдей дауысты немесе бірдей дауыссыз болып келетін 10 сөз тауып жазыңдар.
Алма, іні, ынталы, арна, арпа, әже, өлке, арба, айна, аққала.
Қасық, қақ, балық, жастық, қар, тас, төл, сал, қыр, мал.
«КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны. Көңілді шумақтар
1)«УА!»-десіп отырар
Кейде үлкендер білсеңдер.
«УА!»-дан тағы сөз туар,
Кері оқып көрсеңдер.
«...!» болады ол сөзің
Екі әріптен тұрады-
Көріп жүрген күнде өзің
Балықшының құралы.
2)Оңға қарай оқысаң,
ҚАМЫТ-әбзел бұйымың.
Солға қарай оқысаң,
“... “ – қысқы киімің.
3) «...»-сүйікті тамағың,
Теріс оқып қарағын:
Кейде ұйқыда көретін
«...» боп шығар жаңағын.
4) Көп қой ыдыс түрлері,
«...» деген және бар.
Көп жүк артып жүреді,
«...» - күшті жануар.
Тест
1.Қазақ тілінде қанша дыбыс бар? А/36 В/35 С/37 Д/25
2.Дауысты дыбыстар ненің қатысына қарай жуан,жіңішке болып бөлінеді?
А/еріннің қатысына В/тілдің қатысына С/жақтың қатысына Д/үннің қатысы
3.Сөздің ең кіші бөлшегі қалай аталады? А/сөз В/буын С/дыбыс Д/әліпби
4. Жуан дауысты дыбыстар тұрған қатарды көрсетіңіз.
А/Кенесары, өнерпаз В/Ұлытау, қуғыншы С/Игілік, ержүрек Д/Емхана, арбакеш
5.Еріндік дауыстылардың қатарын табыңыз.
А/ а,о,ұ,у,ы В/а,ә,о,ө,е С/ы,і,и,ұ,ү Д/о,ө,ұ,ү,у
6. Төрт дауыстыдан тұрған сөзді табыңыз.
А/уылдырық В/дауыстап С/қарулану Д/туысқан
7. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыс қалай бөлінеді?
А/еріндік,езулік В/жуан,жіңішке С/ашық, қысаң Д/ашық, жуан
8. Қай дыбыс жақтың кең ашылуы арқылы жасалады? А/ ү В/ ы С/і Д/ ә
9. Дауыстылардың саны қанша ? А/ 11 В/12 С/ 13 Д/9
10. Ашық дауыстының саны қанша? А/6 В/5 С/4 Д/7
11.Бірыңғай қысаң дауыстыдан тұратын сөзді табыңыз.
А/кемсіту В/бұрылу С/құдалық Д/өшіру
12.Қай сөз қазақтың төл сөздерінің заңдылығына бағынбай тұр?
А/балалық В/темір С/қазір Д/терезе
Үйге тапсырма беру: 253,254-жаттығу
Оқушыларды бағалау:
Достарыңызбен бөлісу: |