Сабақтың тақырыбы Демографиялық проблемалар Оқу мақсаты



Дата26.03.2020
өлшемі19,53 Kb.
#60834
түріСабақ
Байланысты:
Улданай


Ұзак мерзімді жоспардың тарауы:

4-бөлім.Әлеуметтік география




Мектеп: №31 Сарыбұлақ орта мектебі

Күні:13.02.20

Mұғалімніңаты-жөні:Бегалиева У

Сынып:8 «б»

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Демографиялық проблемалар

Оқу мақсаты:

8.4.1.5-дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

-Дүниежүзі елдерінің негізгі-демографиялық проблемаларын жіктей алады



Оқушылардың басым бөлігі:

-Дүниежүзі елдерінде демографиялық проблемалардың туындау себебін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

- Дүниежүзі елдерінің демографиялық проблемаларын шешу жолдарын болжау жасап,талдайды.



Бағалау критерийі

  • Дүниежүзі елдерін демограиялық проблемалары бойынша жіктейді.

  • Дүниежүзі елдерінің демографиялық проблемаларын жіктеп,шешу жолдарына болжам жасайды.




Тілдік мақсаттар:

- тыңдалым: Оқушылар жалпы тапсырмаларды орындау барысында бір-бірін тыңдайды;

- oқылым: Демографиялық проблемаларды кітаптан оқиды;

-айтылым:Оқушылар өздерінің алған білімдерін еркін жеткізе алады.Бір-біріне түсіндірме жұмысын жасайды;

-жазылым: Тақырып бойынша сұрақтарды дәптерге жазады.

Терминдермен жұмыс.

Демография-белгілі бір халықтың,ұлттың,этникалық топтың санын,құрамы мен құрылымын,аумаққа бөлінуін,өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін ғылым саласы.

Демографиялық жарылыс-дүниежүзіндегі халық санының күрт өсуі.



Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының аясында, қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік келісім.Халық арасындағы достыққа,қайырымдылыққа,отбасы бірлігін сақтуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Биология-адамның көбеюі.

Информатика-презентация жасау барысында.



Бастапқы білім



7.4.1.1.дүние жүзі халықтарының этнолингвисталық жіктелуін түсіндіреді.


Акт дағдылары

Сабақтың жосарланған кезеңдері

Интербелсенді тақта,суреттер,үлестірмелі

қағаздар

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері





Дереккөздер,

ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

2мин



«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу
Топқа бөлу үшін түрлі түсті қағаздарды пайдалану.Әрбір топ ұқсас түстер арқылы топтасады.
I топ-Қытай
II топ-Ақш
III топ-Үндістан
IV топ-Бразилия
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жасыл түс-еркін,жігерлі,табанды,өзімшіл болып келеді.Бұл түсті таңдағандар-өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы

келетіндер,айналасындағы адамдардан мақтаулар,жақсы пікірлер күтетін адамдар.
Қызыл түс-адамның энергияға толы екенін көрсетеді.Бұл түсті таңдағандар-өз арманына қол жеткізу үшін кез-келген қиындыққа мойынсұнбайтын,күрескер,батыл адамдар болып келеді.

Күлгін түс-адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны.Оларға әлем сиқырлы,барлық нәрсеге қол жеткізуге болатындай болып көрінеді.
Көк түс-молшылықты,татулықты білдіреді.Көк түсті ұнататындар өкпелегіш,сары уайымға салынғыш болып келеді.Тыныш ортада келіспеушіліктен алыс болуды қалайтын адамдар.

.


Бүгінгі сабақта «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан,-деп Абай атамыздың нақыл сөзін бағалау мақсатында қолданамыз. Сабақ барысында әр сұраққа жауап берген кезде бір кірпіштен қалап отырасыздар.
Үй тапсырмасын тексеру. «Кезбе журналист» әр топ бір –біріне сұрақ қояды.

Ұдайы өсу режимі дегеніміз не?


Халықтың ұдайы өсу типтері нешеу?

Демографиялық дағдарыс?

Демографиялық дүмпу?

Ұлттың қартаюы дегеніміз не?



Түрлі-түсті қағаздар

Микрафон


Сабақтың ортасы

3-минут


3-минут

3-минут

15-минут

5-минут


5-минут


Оқу мақсатын ашу:

«Демографиялық проблемалар»видеоролик

Оқушыларға сұрақ қойылады?

Не байқадық?

Оқушылар пікірі...Дұрыс айтасыңдар...яғни бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?


Сабақтың тақырыбы: Демографиялық проблемалар

Сабақтың мақсаты:8.4.1.5-дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді.
Бағалау критерийі:

  • Дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктейді.

  • Дүниежүзі елдерінің демографиялық проблемаларын жіктеп,шешу жолдарына болжам жасайды.


Жаңа тақырып:
Менің кіріспе сөзім:
Демографиялық мәселе-ғасырдың ортасында шиелініскен дүниежүзілік халық санының өсуі,қазіргі заманның маңызды ғаламдық проблемаларының бірі.Жаһандық демографиялық ахуал төтенше гетерогенділікпен сипатталады.Егер көптеген индустриалды дамыған елдерде,оның ішінде Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде туудың төмендеуі байқалса,дамушы елдердің көпшілігі үшін халықтың өсуінің жоғары қарқыны тән болып табылады.

1.Тапсырма(ТЖ)

4 топқа 4 түрлі тапсырма беріледі.Оқушылар тапсырманы орындап қалған 3 топқа түсіндіреді.
1-топ.«Постер»әдісі арқылы демографиялық саясатты ұсынатын елдерді анықтап оларға сипаттама береді.

Дескриптор:

Білім алушы :

  • Демографиялық саясатты ұстанатын мемлекетті анықтайды.

  • Картадан көрсетеді.


2-топ «Галерияға саяхат»әдісі

Бұл топтың оқушылары берілген суреттерді пайдаланып демографиялық проблеманың түрін анықтайды.



Дискриптор:

Білім алушы:

  • Демографиялық жарылыстың зиянды жақтарын сипаттайды, таралу аймағын жіктейді.

  • Шешу жолдарын ұсынады.


3-топ. «Инновация» әдісі арқылы оқушылар презентация жасап көрсетеді, проблемаға сипаттама береді.

Дескриптор

Білім алушы:


4-топ. «Картография» әдісі демографиялық дағдарыс проблемасына ұшыраған мемлекеттерді анықтайды,кескін картаға түсіреді.

Дескриптор

Білім алушы:

  • Мемлекеттің проблемасының түрін анықтайды.

  • Картадан көрсетеді.


ҚБ. «Мадақтау» әдісі
Бағалау критерийлері арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

I топ II-топты

II топ III-топты

III топ IV-топты

IV топ I-топты
2.Тапсырма (ЖЖ)
«Сағаттаағы сұрақтар» әдісі

Оқушылар жұптасып бүгінгі тақырып туралы 2 сұрақ құрастырады. Содан кейін А4 қағазға саат тілін уақытты белгілейді,әр сағат тұсына сыныптасының атын жазады.Сұрақты белгілеген оқушыға қояды,осылай сыныптағы


барлық оқушылар бұл жұмысты орындап шығады.
ҚБ. «Бутерброд» әдісі

(жұптар бір-бірін бағалайды)

«Бейне-материал »

А-4 қағаз

Маркер

Компьютер

Карта

А4 Қағаз


Сабақтың соңы

3- минут





Рефлексия: «Үйшік» әдісі

Оқушылар сабақтың басында берілген үйшігімізге қаншалықты кірпіш қалай алдық немесе қай тапсырмалар қиындық туындағанын білу үшін келесі сұрақтарға жауап береміз.




Үйшік




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың мақсаттары, немесе оқу мақсаттары шынайы және қол жетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсатына жету шынайы және қолжетімді болды. Саралауға қатысты тапсырмалар берілді. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.Сабақ кезінде уақытты тиімді пайдаландым.

Қорытынды бағалау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет