Сабақтың тақырыбы Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі1,73 Mb.
#97725
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10 ФИЗИКА ҚМЖ-2

Материялық нүкте деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері мен пішінін ескермеуге болатын денені айтады.
ІІ. Санақ жүйесі. Дене қозғалысын бақылаған кезде, біз оның уақыт өтуіне қарай орын ауыстырғанын басқа денеге қатысты қарастырамыз. Сондықтан дененің қозғалыста немесе тыныштықта тұрғанын анықтау үшін алдын ала екінші дене таңдап алынады. Мұндай дене санақ денесі деп аталады.
Санақ денесімен байланысқан координаталар осі мен уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйені санақ жүйесі деп атайды.
ІІІ. Траектория. Материалық нүктенің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістік нүктелерінің жиынтығы траектория деп аталады.
IV. Жол. Жол – бақылау уақыты аралығында дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы.
V. Орын ауыстыру. Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді орын ауыстыру деп аталады.


Топтық жұмыс .
Есеп шығару :(есептің шығарылу жолын графопроэктор арқылы түсіндіреді)
Есеп. Көлемі 0,5м гранит тасын 20м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер. Граниттің тығыздығы 2500 кг/м.

Берілгені :
v=0.5м
ρ=250кг/м3
h=20м

Шешуі :
A=F*S мұндағы F гранитті бірқалыпты жоғары көтеретін күш. Бұл күштің модулі гранитке әрекет ететін Fауырлық күшіне
тең, ал бағыты оған қарама-қарсы. Ауырлық күшін граниттің m массасы арқылы анықтауға болады:F= mg .
Граниттің көлемі мен тығыздығын біле отырып, оның массасын есептейміз: m=ρ*v; S=h.
Сонымен, m=2500кг/м*0,5м3 =1250кг.
F=9,8 Н/кг*1250кг=12250Н.
A=12250н*20м=245000Дж=245кДж.

А-?

Жауабы: A=245кДж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет