Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық-зор байлық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: денсаулық туралы білімді тереңдету, пән бойынша білік, дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: күнделікті өмірде қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, өткен тақырыппен байланыстыру, жеке оқушымен жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өткізілу түрі: сұрақ-жауап , жеке және тақтамен жұмыс
Сабақтың әдісі: интерактивтік оқыту әдістері – ізденіс, ой қорыту, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Техникалық оқу құралдары, көрнекілігі: интерактивтік тақта, мультимедиялық
презентация, таратпа материалдар, ғалымдардың суреттері.
Лексикалық минимум:
денсаулығы –здоровье
дүние жүзі-весь мир
қоғам-общество
ең басты мәселесі-самая главная проблема
үйлесімі-гармония
ынтымақты-солидарность
спортпен шұғылдану-заниматься спортом
дұрыс тамақтану-правильно питаться
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Ынталандыру, негізгі білім деңгейін анықтау.
Сұрақтарға жауап алу.
Қос сөз деген не?
Біріккен сөз деген не?
Қысқарған сөз деген не?
Зат есімнің қандай жалғаулары бар?
Көптік жалғауларды атаңыз.
Тәуелдік жалғауларды атаңыз.
Жіктік жалғауларды атаңыз.
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту.
бүгін сабақта: денсаулық туралы әңгімелейміз:
септік жалғауын, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөздерді еске түсіреміз
Жаңа сабақ: Денсаулық-зор байлық.
Септік жалғауын еске түсірейік.
Кестемен жұмыс. Септік жалғауларды атаңыз.
А.с
|
дәрігер
|
денсаулық
|
І.с
|
дәрігердің
|
денсаулықтың
|
Б.с
|
дәрігерге
|
денсаулыққа
|
Т.с
|
дәрігерді
|
денсаулықты
|
Ж.с
|
дәрігерде
|
денсаулықта
|
Ш.с
|
дәрігерден
|
денсаулықтан
|
К.с
|
дәргермен
|
денсаулықпен
|
Біз бүгін сабақта денсаулық туралы әңгімелейміз. Қазақстан Республикасының
тұңғыш президенті былай деді.
«Халықтың денсаулығы – ел дамуының
аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі».
Н.Ә.Назарбаев
Мәтінмен жұмыс:
мәнерлеп оқу;
аудару;
мәтінге сұрақ қою.
Сөздік жұмыс: жаңа сөздермен таныстыру.
Мәтінді оқып, өз отбасыларың туралы әңгімелеңдер.
Денсаулық-зор байлық.
Адам денсаулығы – барлық дүние жүзі бойынша, әр қоғамның ең басты мәселесі.
Денсаулық - әр бір жеке адамның, қоғамның, адам психологиясының үйлесімі,
адамдардың өздерімен, туыстарымен, табиғатпен ынтымақты, қарым- қатынасы.
Адам, ең бастысы, денсаулықты сақтау керек. Ол үшін өзін күтіп, спортпен
шұғылданып, дұрыс тамақтанып, саламатты өмір сүру салтын дамытып отыру керек.
Денсаулықтың басты кілті – дене шынықтыру, дұрыс тамақтану болып табылады.
Күнделікті тіршілікте денсаулықтан асқан бақыт жоқ. Адам ауырып емделсе, ол бәрібір
денеде із қалдырады. Созылмалы аурулардың ошағы кейде сақталып қалады.
Кейіннен қайталануы да мүмкін.Ауырмас үшін витаминдер, шөп тұнбаларын
пайдаланып, алдын – ала сақтанып жүргендердің іс – әрекеті өте дұрыс. Ол да өз
жемісін береді.
Мәтін бойынша сұрақ-жауап:
Мәтін қандай стильде жазылған?
Мәтіннен негізгі сөздерді, сөз тіркестерін табыңыздар.
Сен білесің бе?
Бір жас жігіт қариядан: «Денсаулықты не жетілдіреді?» - деп сұрапты.
Қария: «Денсаулықты жетілдіретін жеті емші бар,» - деп жауап беріпті.
Тоқшылық – денсаулықтың кепілі.
Ұйқы – денсаулықтың дәрігері.
Күлкі денсаулықты арттырады.
Жақсы жар көңілді өсіреді.
Ақылды дос ақылыңа ақыл қосады.
Еңбек – денсаулықтың күзетшісі.
Өнер еңбегінді өсіріп, өрісіңді кеңейтеді, - депті қария.
қария – старик
тоқшылық – сытость
ұйқы – сон
күлкі – смех
жақсы жар – хороший супруг, супруга
еңбек – труд
өнер – искусство
Сызбамен жұмыс: «Кластер» стратегиясы.
Денсаулық
Өздік жұмыстар:
1 тапсырма. Зат есімнің тәуелдік жалғаулы түрін септеу. Тақтамен жұмыс.
|
І жақ
|
ІІ жақ
|
ІІІ жақ
|
А.с
|
дәрім
|
жүрегі
|
көзі
|
І.с
|
|
|
|
Б.с
|
|
|
|
Т.с
|
|
|
|
Ж.с
|
|
|
|
Ш.с
|
|
|
|
К.с
|
|
|
|
3-тапсырма. Мына сөздердің мағынасын біліп алып, көшіріп жазындар.
Көз – адамның, жан-жануардың көру мүшесі.
Көз – күннің сәулесі, нұры.
Көз – біреудің ескерткіш заты, бұйымы, сыйға тартқан заты.
Көз – келешек ұрпақ.
Көз – заттың тесік жері.
Көз – заттың басталатын жері.
Көз – кесілген ағаштың бұтақ өскен жері.
2 . Үлгі бойынша әрі қарай толықтырыңыздар.
Емханада қандай дәрігерлер қызмет етеді?
Үлгі: Жүрек дәрігері
.....................................................
....................................................
...................................................
Бес жол өлең стратегиясы.
Зат есім _____________________
Сын есім _____________________
Етістік _____________________
Сөз тіркесі _____________________
Синоним _____________________
Тәрбие сәті! Есіне сақта!
Дәрумендер және олардың маңызы.
Дәрумендер — ерекше органикалык заттар. Адам ағзасы дәруменсіз қалыпты жұмыс істей алмайды. Адамдар тамақтанғанда дәрумендерді азық – түлік, көкөніс, жеміс – жидек, шырындардан алады. Дәрумендердің түрлері өте көп. Олар латын алфавиті А, В, С, Д және т. б. әріптермен белгіленеді.
А дәрумені ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз алабүғасында, сары майда, сәбізде, қызанда кездеседі.
В дәруменінің түрлері өте көп, В1, В2, В6, В12, В15 . Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде әсіресе ашытқыда болады. В дәрумендерінің тобы бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бүл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі тозады және ашуланшақтық байқалады.
С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістердің мықтылығын жақсартады. Бұл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған орамжапырақты тағамға көбірек пайдаланған жөн.
Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен келеді. Д дәрумені жетіспесе бала мешелге ұшырайды. Д дәрумені тресканың, басқа да балықтардың бауыр майында мол. Сары майда, жұмыртқаның сары уызында аздау. Өсімдік тағамдарында жоқ, мал өнімдерінде өте аз.
Кестемен жұмыс.
треска, алабұға балықтар
сары май, сәбіз, қызан
нанда, ашытқыда
жемістерде
көкөністер
ашыған орамжыпырақ
жемістер
сары май, жұмыртқада аз
күн сәулесі
треска, балықтардың бауыр майында мол
өсімдік тамақтарында жоқ
мал өнімдерінде өте аз
Синквейн құрастыру. Бес жолды өлең.
1 қатар . «Дәрігер» сөзіне
2 қатар. «Емхана» сөзіне
3 қатар. «Дәрумен» сөзіне
Сабақты қорытындылау:
Дәрумен – дененіміз не?
Адам дәрумендерді қайдан алады?
Дәруменнің қандай түрлері бар?
А дәрумені не үшін қажет, ол қандай тағамдарда болады?
В дәруменінің қандай түрлері бар?
Ол қандай тағамдарда болады?
В дәрумені жетіспегенде адамда қандай белгілер байқалады?
С дәрумені не үшін қажет, ол қандай тағамдарда болады?
Д дәрумені адам ағзасына қайдан келеді?
Ол қандай тағамдарда болады?
Қорытынды жаттығу. (Жазбаша)
Қай азық-түліктің құрамында қандай дәрумен бар? Жауап беріңдер.
Ү л г і: С дәрумені лимонда, пиязда, сәбізде т.б. болады.
А дәрумені _____________________________________
В дәрумені _____________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |