Сабақтың тақырыбы Деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі



бет3/3
Дата23.01.2022
өлшемі353,5 Kb.
#113386
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ҚМЖ

Топқа бөліп алу. Оқушыларды 2 топқа бөліп алу үшін, ең бірінші осы сыныпта 2 оқу озатын ортаға шақырып, әліпби бойынша тұрғызып оқушыларға сұрақ қойылады:

  • Үшеуің үш белгісіз аралға саяхатқа шығасыз. Сол саяхатқа саған кім көмек көрсетеді сол оқушыны бір - бірлеп таңдаймыз. Соңында 2 оқушы өздерімен бірге топ құрады.







Сабақтың ортасы

Үй тапсырмасы.

Үй тапрсырмасын «Иә,жоқ кестесі» әдісі арқылы тексеремін.

1-топ:



Тұжырымдама

ИӘ

ЖОҚ

1

Паскаль бағдарламасы қолданбалы программаға жатады.







2

Паскаль тілінде программа командаларын жазу үшін тек латын

әріптері қолданылады









3

Программа құрылымына қарай сызықтық, тармақталған, циклдік

болып бөлінеді.









4

Компьютерлік модельдеу 3 кезеңнен тұрады.







5

Компьютерлік модельдеу кезіндегі анықталған қате нәтиже бола

алады ма ?








2-топ:




Тұжырымдама

ИӘ

ЖОҚ

1

Паскаль программасы 3 негізгі және бір қосымша бөлімнен тұрады.







2

Паскаль программасында компиляция орындау – F12 пернесі.







3

Паскаль программасында меншіктеу операторының белгіленуі [ = ]?







4

Массивтер көлеміне қарай бір өлшемді және екі өлшемді болып

бөлінеді?









5

Модельдер – бұл түпнұсқа бойынша жасалған үлгі нысан.







ҚБ: «Бас бармақ» әдісі

Жаңа сабақ:

Деректер қоры- қандай да бір ақпарат

тасымалдауышта, мысалы, қағазда, кинотаспада,

магниттік дискіде сақталған арнайы

ұйымдастырылған деректердің жиынтығы.

Деректер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен

көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін

арналған арнайы программалар

1. Сақталатын ақпараттың сипатына қарай

Факто-графиялық , Құжаттық

2. Ақпаратты сақтау әдісі бойынша

Орталықтандырылған, Бөліктелінген

3. Ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша

Реляциялық, Иерархиялық, Желілік

Кестелік ақпаратпен біз күнделікті өмірде жиі

кездесеміз. Мысалы, сынып журналы, күнделік,

үлгірім табелі және т.б.

Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер

жиыны реляциялық деректер қоры болып саналады.

Реляциялық немесе кестелік ДҚ өзінің бөліктерінің

өзара байланысынан құрастырылған.

MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар:

Кесте – мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, бір тақырыпқа берілген нақты мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) менжазбалардан (записи) тұрады.

Форма кесте мәліметтерін экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, форма мәліметті енгізу, көру және толықтыру үшінқолданылады. Сұраныс (запрос) керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Сұраныс беруарқылы берілген өрістерден немесе басқа кестеден алынатын өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады. Басылым (отчет) мәліметтердің керекті құрылымын баспаға шығарып қағаздабейнелеу тәсілі.

Макрос МБ-ның нақты бір операциясын орындауды программалаусыз автоматтанды-рады.

Модуль МБ-ны баптау, түрлендіру және толықтыруға керекті Visual Basic тіліндегі программадан тұрады.

Кестелер, сұраныстар (запросы), формалар, басылымдар (отчеты), макростар және модульдер — жалпы файлдар базасында сақталатын тәуелсіз өзіндік объектілер.

Деректер типі – шамаларды қабылдай алатын мәндердің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынтығын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін амалдар жиынтығын орындатады. Мысалы, 1,2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды азайтуға немесе қосуға болады. Дәл сол сияқты бізде де Деректер қорының типі қолданылады. Олар мәтіндік, сандық, ақшалай, санауыш, мерзім/уақыт, логикалық.







1-тапсырма. Ақпараттық диктант

1-топ:

  1. Access программасы – бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі

  2. Мәліметтер базасы (МБ) - информациялық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны.

  3. Кестенің әрбір жолы жазба деп аталады. Жолдар рет-ретімен нөмірленіп отырады.

2-топ:

  1. Әрбір бағана өріс болып саналады, онда нақты мәлімет болады

  2. MS Access объектілері: кесте, пішін,сұраныс,басылым,макрос және модуль

  3. Мәліметтер типтері: мәтіндік, сандық, ақшалай, санауыш, мерзім/уақыт, логикалық, мемо өрісі, ole объектісі өрісі, гиперсілтеме,алмастыру шеберлері

Дескриптор:__Деректер_қорының_маңызды_элементтерін_анықтай_алады__Мәліметтердің_объектілері_мен_типтерін_біледі.__Қ/Б'>Дескриптор:

  1. Деректер қорының маңызды элементтерін анықтай алады

  2. Мәліметтердің объектілері мен типтерін біледі.

Қ/Б: «Бағдаршам» тәсілі
2-тапсырма. Практикалық жұмыс

Ms Access деректер қорында бірнеше оқушының мәліметтерін төмендегі үлгі бойынша жасап үйренейік:




Дескриптор:

Ms Access мәліметтер қорын қосып енгізе алады



Қ/Б: «Бағалау терезесі» әдісі
Саралау тапсырмалары (Жеке жұмыс)

Тест сұрақтары


1. Microsoft Access деген не?
А) мәліметтер базасын қолданушыға арналған программа.
В) компьютер мен адамның өзара сұхбаттасы құралы.
С) мәтіндік редактор.
Д) амалдық жүйе.
2. Microsoft Access қандай программалық жасақтамаға жатады?
А) жүйелік.
В) қоданбалы.
С) қызметтік.
Д) оқытушылық.
3. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасының негізгі объектілері.
А) кесте.
В) пішін.
С) сұраныс.
Д) есеп.
4. Кесте құруды неден бастаған дұрыс.
А) макетін беруден.
В) өрістерін енгізуден.
С) мәліметтерді енгізуден.
Д) жазбаларды енгізуден.
5. Microsoft Access мәліметтер базасының қандай терезесінде орнатылған байланыс параметрлері беріледі?
А) Мәліметтер схемасы терезесінде.
В) Байланыс терезесінде.
С) Бас терезесінде.
Д) Мәліметтер базасы терезесінде.
6.Деректер типі болып табылады
А) Мәліметтер 
В) Байланыс терезесінде
С) Мәтіндік, сандық, ақшалай, дата/уақыт, логикалық
Д) Өрістер, жазбалар
7. «Жаңа кесте» диалог терезесінде нұсқалар тізімі
А) кестелер режимі 
В) конструктор
С) кесте шебері
Д) барлығы дұрыс

Дұрыс жауаптар


1) А 2) В 3) В 4) В 5) А 6) С 7) Д

Дескриптор: Білім алушы

Теориялық білімін қолдана алады;


Таратпа қағаздар










Сабақтың соңы


Рефлексия.

«ББҮ» әдісі

Оқушыларға сабақ басында кері байланыс таратылады. Білемін, білгім келеді, үйрендім кестесіне бүгінгі сабақ бойынша қорытындылау өз ойларын жазады.



Бұл сөздер оқытудың мақсаттарымен сәйкес келуін ескерту және қадағалау керек.

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу,отбасы мүшелерінің мәліметтерін енгізіп үйрену

The lesson is over good bye.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Компьютерде отыру ережесін сақтау және монитор мен оқушының арақашықтығын талапқа сай отыру.

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


  • Тапсырма

  • Қарқын

  • Қорытынды

  • Диалог және қолдау көрсету.

  • «Бес саусақ» әдісі

  • «Бағдаршам» әдісі

  • «Бағалау терезесі» әдісі.

  • «ББҮ» әдісі.

Компьютерде отыру ережесін сақтау және монитор мен оқушының арақашықтығын талапқа сай сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет