2 тапсырма Ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігінен немесе артықшылығынан туындайтын ауруларды сипаттау
Жинақталған ақпараттарды қолдана білу үшін оқушыларға рөлдік тапсырмалар беріледі.
1-топ: Пациент картасын әзірлейді.
2-топ: Пациент картасымен танысып, нақтама ( диагноз) қойып кеңестер ұсанады.
Пациет карталары нақты әрі түсінікті болуы шарт, себебі бұл тек жаңа қызметке орналасқан тәжірибесі аздау жас маман дәрігерлерге арналады.
І топтың жұмысы:
1.Аурудың туындау себептері (ағзада қандай процесстер бұзылатынын)
2. Аурудың белгілері (кем дегенде 2)
ІІ топтың жұмысы:
1. Аурудың атауы
2. Аталған ауруға қатысты дәруменнің адам ағзасындағы маңызы
4. Тәуліктік мөлшері, ерігіштігі
5. Мөлшері көп азық-түліктердің тізімі.
Дискриптор:
Дәрумендерден болатын аурулардың әрқайсысына толық анықтама береді.
Тәулікте қолданылатын дәрумендер мөлшерін біледі.
Дәрумендердің маңызын түсінеді.
|