«Синквейн»
1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).
2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).
3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).
4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
Галереяны шарлау әдісі ( Саймон Браунхилл бойынша)
Мақсаты: Талқыланған мәселе, дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс немесе өнімді ұсыну арқылы өз жұмысын ұсыну, идеяларын қорғау, ерекше идеялар ұсыну.
Тиімділігі: сараптау, жинақтау, бағалау. Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады. Сыныптастарының ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады, ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі, өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді.
Қолданылуы: Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «фгалереяға саяхат» топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді.
«Жылдам фото»
Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.
Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |