Сабаќтыњ таќырыбы: Дыбыстар еліне саяхат



Дата21.07.2020
өлшемі35 Kb.
#63599
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар еліне саяхат


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауысты,дауыссыз дыбыстардың

ерекшелігі туралы түсінік беру.Тапсырмалар орындату

арқылы дыбыстар туралы білімдерін жетілдіру.

Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру,сөздігін байыту,жалпы

ой-өрісін дамыту,байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.кеспе әріптер,суреттер.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп,сабаққа назарын аудару.

ІІ.Шаттық шеңбері

Қуан шаттан!

Қуан шаттан!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.
-Балалар, біз өткен сабақтарда қандай дыбыстармен таныстық?

-А,Т,П,Н,Ғ,Р,Л,У,Ш

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
Алфавит сыры:
Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде ?

Түсінші.

А деген ол-

Аналар ғой ардақты,

Ә деген ол-

Әкелер ғой салмақты,

Б деген ол –

Балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі...


-Балалар дыбыстардан не құраймыз?

-Буын.
ПА,НА,ША,ТА,УА,РА,ҒА,ЛА,


-Буыннан не құраймыз?

-Сөз.
ШАНА,ТАНА,ПАНА,АУА,АРА,АҒА,АЛА,АТА.


-Сөзден не құраймыз?

-Сөйлем.


Балалар шанаман ойнады.

Анарды ара шақты.


1-тапсырма

Сыныптағы дауысты дыбыстан басталатын оқушылардың атын ата.
Сыныптағы дауыссыз дыбыстан басталатын оқушылардың атын ата.
Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс?

У дыбысы

2- тапсырма


Суреттердің атын атап,тақтаға жазып,дыбыстық талдау жасау.

Сөздерді буынға бөліп,сөйлем құрау.

Суретке қарап әңгіме құрау.

Дәптермен жұмыс.

Сергіті сәті.
Бас бармақ -әкем,

Балаң үйрек-шешем,

Ортан терек –ағам,

Шылдыр шүмек-әпкем,

Кішкентай бөбек –мен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз?

3-тапсырма


«Адасқан әріптер» ойыны.
4-тапсырма
Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны коймайық.

«Қазақстан» сөзжұмбағын шеше отырып,сабақты қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет