Сабақтың тақырыбы: Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары,мәні,функциялары


Бекіту сұрақтары мен тапсырмалары



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі59,62 Kb.
#89139
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
дидактика 6docx

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалары

  1. Дидактика пәні туралы түсінік беру.

  2. Дидактиканын негізгі міндеттері қандай?

  3. Дидактиканы ғылым ретінде танытқан қай ғалым?

  4. Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында өз үлестерін қосқан қазақ педагогы ғалымдарын атаңыз.

  5. Жеке адамның дербес ерекшеліктерін қалай түсінесіз:

Үй жұмысы:Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов сынды ғалымдардың дидактика саласына қосқан үлестері туралы жазу.

Жеке даму тұжырымдамасы – адамның жеке дамуын түсіну мен түсіндірудің нақты тәсілдері. Бүгінгі күні адамның жеке басын біріктіретін тұтастық ретінде сипаттайтын және субъектілер арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін баламалы даму тұжырымдамалары бар.
Жеке даму тұжырымдамасы мүмкіндіктері мен қабілеттерін қарапайым дамытудан әлдеқайда кең. тұлғалық психология дамуының білу бізге адам табиғаты және оның жеке басын өте мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Алайда, қазіргі заманғы ғылым жеке тұлғаны дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын ұсына алмайды. дамуына ықпал күштер, итеріп, даму процесіне тән ішкі қайшылықтар бар. Қарама-қайшылықтар қарама-қайшы келетін қағидалардан тұрады.
Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.
Проблемалық оқыту оқушылар үшін қиыншылық деңгейі бойынша әртүрлі болуы мүмкін, ол оның проблеманы шешу үшін қандай және қанша іс-әрекеттер жүзеге асырылатынына байланысты. В.А. Крутецкий оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеттерін бөлу негізінде дәстүрлі оқытумен салыстыра отырып, оқытудың проблемалығы деңгейінің сызбасын ұсынды. 
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:

  • Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

  • Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;

  • Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет