Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші, қызмет көрсету салалары



бет4/7
Дата11.11.2022
өлшемі446 Kb.
#157778
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1b15b
1 Тапсырма, 1 әріпке 10 атау ойыны
І-топ: «Өндіруші өнеркәсіп»
А) Өндіруші өнеркәсіп дегеніміз не?
В) Өндіруші өнеркәсіптің құрылымын сипатта.
Кескін картаға тау кен өнеркәсібінің, балық және орман шарушылығының негізгі аймақтарын белгілеңіз. (кескін картаға толтыру ережелерін сақтаңыз)


ІІ-топ: «Өңдеуші өнеркәсіп»
А) Өңдеуші өнеркәсіп дегеніміз не?
В) Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымын сипатта.
Кескін картаға металлургияның, энергетика салаларының негізгі аймақтарын белгілеңіз. (кескін картаға толтыру ережелерін сақтаңыз)

ІІІ-топ: «Қызмет көрсету»
А) Қызмет көрсету саласы дегеніміз не?
В) Қызмет көрсету саласының құрылымын сипатта.
Кескін картаға еліміздегі туризм басым дамыған негізгі аймақтарын белгілеңіз. (кескін картаға толтыру ережелерін сақтаңыз)

Берілген уақыт ішінде топтар өз тақырыптарын сынып алдында баяндап, кері байланыс алады.


(ҚБ) Топтар өзара «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағаланады.
Мұғалімнің ынталандыруы мен қорытындылауы.
Ж Ж. «Сәйкестендіру» әдісі
2-тапсырма: Төменде берілген Қазақстандағы кәсіпорындар мен мекемелерді шаруашылық салаларына қарай кестеге орналастырыңыз.

Шаруашылық салалары

Өндіруші өнеркәсіп

Өңдеуші өнеркәсіп

Қызмет көрсету аясы























































  1. «Балқаш балық зауыты»,

  2. «Эйр Астана» әуе компаниясы,

  3. «Өскемен жібек талшықтарын шығару комбинаты»,

  4. «Қарашығанақ» газ конденсат кен орны,

  5. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы,

  6. «Алматы хайуанаттар бағы»,

  7. «Семей ағаш өңдеу комбинаты»,

  8. «Соколов Сарыбай темір кен орны»,

  9. Медициналық көмек көрсету орталығы,

  10. «Қаратау фосфор кені»,

  11. «Үштөбе киіз үй жасау фабрикасы»,

  12. «Арал ас тұзы»

Бағалау критерийі

Дескриптор

-Шаруашылық салаларын топтастырады.



- Өндіруші өнеркәсіп салаларын анықтайды;
- Өңдеуші өнеркәсіп салаларын анықтайды;
-Қызмет көрсету салаларын анықтайды.

(ҚБ) Өзара дәптер алмасу арқылы дұрыс жауаптармен өзара жұптық бағалау. Саралау қарқын арқылы жүзеге асырылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет