Саптағы жаттығулар: оңға,солға, айналу жаттығулары.
Жүру жаттығулары: Аяқтың ұшымен жүру, аяқтың өкшесімен жүру.
Жүгіру жаттығулары: жеңіл жүгіру, оң, сол иық ты алға беріп секіріп жүгіру, тізені жоғары көтеріп жүгіру, аяқты алдыға, артқа лақтырып жүгіру.
Жүгіру жаттығулары: Жеңіл жүгіру, қолды алдыға созып аяқты көтере жүгіру, қолды артқа қойып аяқты лақтыра жүгіру.
Гимнастикалық жаттығулар: Басты оңға, солға айландыру 4 рет; иықты алдыға, артқа кең айландыру; оң қол жоғары, сол қол төмен артқа алдыға алма–кезек сермеу; белді оңға, солға 4 рет айландыру; аяқ иық деңгейінде ұстап, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа жеткізу, тізені бүкпеу; секіру жаттығулары; қол мен аяқтың буындарына арналған жатты –ғулары; демалыс жаттығуларын жасату.
Негізгі бөлімі. Арнайы жаттығулар; допсыз волейбол ойынының допты алу және қабылдау әдістерін үйрету; допты екі қолымен ұстап әріптесіне лақтырып беру және қабылдау; бір қолымен допты лақтыру және қабылдау.
Жаңа сабақты айтып, көрсетіп түсіндіру; допты беру және алу тәсілін үйрету; тапсырма бойынша допты бір-біріне беру әдістерін ұйымдастыру; кемшіліктеріне қарай тапсырмаларды қайталап орындау; допты жоғарыдан бір рет төбеге лақтырып, екінші допты әріптесіне беру; бір қадам алдыға жасап еңкейіп допты қабылдау.