Сабақтың тақырыбы: Достық асыл қасиет Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата13.05.2020
өлшемі29,66 Kb.
#67685
түріСабақ
Байланысты:
Достық - асыл қасиет

Сабақ : қазақ тілі


Мектеп: Абай Құнанбаев атындағы орта мектеп

Күні : 4.11.2019

Мұғалім: Сариева А.Л.

Сынып: 7 «а»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Сүйіспеншілік пен достық

Сабақтың тақырыбы:

Достық – асыл қасиет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т/А.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;

7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану



Сабақ мақсаты:

  1. мәтін үзінділерін тыңдайды, етістіктің есімше, көсемше түрлерін мұғалім көмегімен түсінеді.

  1. мәтін үзінділерін тыңдайды, оқиғаның дамуы мен аяқталуына болжам жасайды, етістіктің есімше, көсемше түрлерін барын түсінеді;

  1. мәтін үзінділерін тыңдайды, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды, етістіктің есімше, көсемше түрлерін тілдесім барысында қолданады;

Бағалау критерийлері:

  • мәтін үзінділерін тыңдайды;

  • оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды;

  • етістіктің есімше, көсемше түрлерін тілдесім барысында қолданады;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: достық туралы ойлар, мақалдар, есімше, көсемше

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Достық туралы жазылған шығармаларды оқыдың ба?

  • Дос деген кім?

Диалог құруға/шығарма жазуға пайдалы тіркестер:

Доссыз қалу, жақсы дос, жаманмен жолдас болу



Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығы


Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Слайд

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа мақалдар таратылып беріледі. Берілген мақалдың мәнін ашып, оған қатысты ой айтылу керек.

1-топ: Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

2-топ: Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

3-топ: Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар



Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

Мақал жазылған парақтар

Сабақтың ортасы

30 минут

Тыңдалымалды тапсырма

С

  • Достық туралы жазылған шығармаларды оқыдың ба?

  • Дос деген кім?

  • Саған дос не үшін керек?

Тыңдалым тапсырмасы:.

1-тапсырманы бір оқушы оқып, қалған оқушылар тыңдайды.

Оқушылар жаттығуда айтылған ақпараттардан оқиғаның басталуы мен аяқталуын болжап, кесте түрінде дәптерлеріне жазады.

Ақпараттар

Басталуы

Аяқталуы









Дескриптор:


  1. Тыңдалым материалын түсінеді;

  2. Берілген ақпараттан оқиғаның басталуы мен аяқталуын болжайды, ажыратады;

Тілдік бағдар

Етістіктің ерекше түрлері –есімше мен көсемше туралы мағлұмат беремін.



Есімше жұрнақтары: (Есімдерше- бастауыш, анықтауыш; етістік-баяндауыш)

-ған,кен, қан, кен; Өткен шақ

-атын, -етін, -йтін, йтын; Ауыспалы өткен шақ

-ар,-ер,-р,-с; Болжалды келер шақ

-мақ.-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек. Мақсатты келер шақ

Көсемше жұрнақтары: Етістік, үстеу (баяндауыш, пысықтауыш)

-а,-е,-й; жіктеледі. Осы шақ

-ып,-іп,-п;жіктеледі. Өткен шақ

-ғалы,-гелі,-қалы,келі.жіктелмейді.

Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды.

Тыңдалым арты тапсырма

Т/Ж. Топтарға ұлылар айтқан тұжырымды ойлар ұсынылады. Оқушылар келісу немесе келіспеу себептерін айтады. «Бізге достық не үшін керек?» деген тақырыпқа постер қорғайды?

1.А.Шопенгауэр «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді».

2. Парсы жазушысы Кабус «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы».

3. Даниель Дефо «Доссыз қалу - бақытсыздық ең үлкені»
Дескриптор:

1. Ұлылардың тұжырымдарын оқиды;

2. Келісу немесе келіспеу себептерін айтады.

3. Берілген тақырыпқа постер қорғайды.

4. Етістіктің есімше, көсемше түрлерін қолданады.

Ж.

4-тапсырма. «Ұлы адамдардың ұлы достығы» тақырыбындағы мәтінді оқиды. Достық жайында шағын мақала жазады.

Дескриптор:


  1. Мәтінді түсініп оқиды.

  2. Шағын мақала жазады.

  3. Етістіктерді қолданады.

Кері байланыс.

Мұғалім жасалған жұмыстарға, оқушылардың бір-біріне берген бағасына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.

Алматы «Атамұра»

«Қазақ тілі» 2017 оқулығы

7-сынып

62-бет


Сабақтың соңы
5 мин


«Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап жазады.

  • Бүгін қандай білім алдың?

  • Сен сабақта өзіңді қалай сезіндің?

  • Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?

Үйге тапсырма

Достық туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

Қосымша ақпарат:

Саралап оқыту - Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байла-ныс (тәрбиелік элемент)










Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма)? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?






Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет