Сабақтың тақырыбы: «Еңбек –тәртіптілік негізі»
Сабақтың мақсаты:«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған
құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім сөзі:
- Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, сәрсенбі күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Оқушылар хормен: А.Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін орындайды.
Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл,
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы:
Еңбекшіл досым – ай,
Болайықшы осындай.
Ой шақыру
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын айқындау.
Сөзжұмбақ шешейік.
1. Қасиетті сан.
2. Қателігіңді түсінген кезде айтатын сөз.
3. Біз өткен тақырып « ............ мен сауап»
4. Үлкенге - ..........., кішіге – ізет. (құрмет)
5. Аптаның соңғы күні.
Әңгімелесу
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек –тәртіптілік негізі».
Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу жүргізіледі.
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіріліп, өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор жандар туралы фотосуреттер және бейнефильм көрсетіледі.
Оқушыларға бейнефильм көрсетіліп болған соң, тақтаға итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген сөздің анықтамасын, ұқсас түсініктерді, бақыт деген түсініктің артықшылығын және кемшілігін анықтату
Сахналау.Көрініс.
Еңбектің адам өміріндегі мәнін түсіндіру үшін Ө.Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» атты өлеңін рөлдік орындаулар арқылы үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) оқиды. Осыдан кейін оқушылар «Нан дастарқанға қалай келеді?» деген сұрақ аясында сөйлейді.
Сергіту сәті
1. Денеге арналған жаттығу
2. Көзге арналған жаттығу
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді.
1 – тапсырма: Мақал – мәтел кітапшасын жасау тапсырылады. Оған еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді.
2 – тапсырма: «Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме құрастыру.
Берілген суреттерді пайдаланып әңгіме құраңдар.
Қорытындылау
- Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кез де келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы әртүрлі суреттермен еңбекқорлар елін безендіреді.
Қортынды:Кішкене жүрекшелерге жазып, балалар бір – біріне бата береді.
Мысалы:
- Ерасыл, еңбегің жемісті болсын!
- Алма, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- Олжас, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- Аделия, өмірдегі тірегің еңбек болсын,
- Мұхаммед, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.
Тақырыбы: Су –тіршілік көзі
Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру.Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. Жергілікті жердегі су айдындарымен таныстыру. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: 1.Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
2. Тәжірбие жасау арқылы судың қасиеттерін біледі. 3. Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді
Сабақ әдісі: СТО стратегиялары , ассоциация құрастыру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс, әңгімелеу, кері байланыс, бағалау
Ресурстары: Мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, сызбалар ,тәжірбиеге қажетті заттар, жұлдызшалар , слайдтар, кеспе қағаздар т.б.
1.Ұйымдастыру кезеңі .Оқушыларды сабаққа әзірлеп алу
Психологиялық дайындық
Айдай арайлап, Күндей күлімдеп,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз -Балалар, қазір біз сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп аламыз.
1-топ «Су», 2-топ «Бу» , 3-топ «Мұз»
Топ басшыларын сайлау
Қызығушылықты ояту Жұмбақ жасыру.
1. Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді.
Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтыңдаршы, осыны кім біледі.
(Су)
Яғни, бүгінгі сабағымызды су тақырыбына арнаймыз.
2. Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады..
(Мұз).
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасаң қолға ілінбейді.
(Бу.)
- Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Су – тіршілік нәрі» деп аталады. Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары оралады.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.
Кіріспе әңгіме
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.
Су- тіршілік нәрі. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білесіңдер. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз 1 аптадан артық өмір сүре алмайды
Яғни, бүгінгі тақырыбымыз су тақырыбына арнаймыз.Ал енді өздерінің су туралы не білетіндеріңді сұрайын
Су дегенде ойларыңа не келеді?
Ассоциация құрастыру Су
2.Су туралы мәліметтер айту
Өздерінің су туралы білетіндіктерін сұрайын:
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ
Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адам денесінде 50кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе адам өледі. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
Cу тіршілік нәрі.. Су бар жерде тіршілік бар. Адам тәулігіне 4-5 литр су ішеді. Адам баласы тамақ ішпей бір айдан астам өмір сүре алады. Ал сусыз үш күнде өмір сүре алмайды. Су күнделікті тұрмыста, егістікте, өндірісте пайдалануға қажет.
Су-Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады,
Шлактарды тазалап,азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады,
Су- ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.
Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі.
Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.
Жер бетінде ең көп тараған зат - су. Глобусқа қарасан жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол - су, мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, сарқырамалар.
Топпен жұмыс
1-Топ Су туралы өлең шумақтарын айту
Су – тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің
Су – табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.
Үйде ванна, душ болса
Салқын сумен құйынғын
Ыстық сумен шомылсаң
Суық сумен жуынғын
Су сергітер бойыңды
Онымен дос болғайсың
Судан кейін сен енді
Ісіңді оңай жалғайсың
Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл
Қауіп-қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл
Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар
Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
2-топ Су туралы мақал- мәтелдер айту
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
Су патшасы – мұрап,
Түн патшасы – шырақ.
Су - ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.
- Сулы жер – нулы жер.
Сағадағы су ішеді, жағадағы у ішеді.
- Су тіршілік көзі.
Бұлақ көрсең көзін аш
.Судың да сұрауы бар
Сыйлап берген су да тәтті
.Су қадірін шөлдеген білер
Жол қадірін жүрген білер
Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар
Тау мен тасты су бұзар, адам арасын сөз бұзар
Суға кеткен тал қармайды
3- топ Су туралы тыйым сөздер айту
Суды бекер ағызба
Түнде су алуға барма
Суды лайлама
Бұлақты былғама
Ағынды суға кір жума
Судың бетін ашық қалдырма
Суды сапырма, суды сатпа
Лас су төккен жерді баспа
Түнде су төкпе
Су ішкен құдығыңа түкірме
Суды ысырап етпе, үнемде
Тәжірибе көрсету
1-Топ
Тәжірбие арқылы көрсету.
Суда еритін заттар І топ көрсетеді 1.Суға қант салу Қант суда еріп кетті.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды.Қант суда жақсы ериді.
2. Суға тұз салып арластыру.Тұз суда еріді.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.
2- топ
Суда ерімейтін заттар 1.Суға құм салып араластыру .Құм қиыршықтары сол қалпында стакан түбіне шөгеді.Құм суда ерімейді.
3-топ.Стакандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады.Суды біраз тұндырсаң, саз түбінде шөгеді. Саз суда ерімейді.
Өздері қорытындылайды, ой түйеді
Топпен жұмыс
1-топ Судың қасиеті қандай ?
Түссіз, сұйық, мөлдір, дәмсіз, иісі жоқ, пішіні жоқ, еріткіш, жұққыш
2-топ Судың пайдасы
Адам,жануарлар, өсімдіктер ішеді, бақша суарамыз, емдейміз, құрылысқа керек, электр тогын аламыз, үй жылытамыз, көлік жуамыз, шөлді басады
3-топ Судың зияны
Жаңбыр Үйді бұзады, топырақты шаяды, әртүрлі қоспалар бар, адамды батырады, тамақты ауыртады
Қазақ ырымында түнде су алуға тиым салынған. Қажет жағдайда су атасы Сүлейменнен рұқсат сұраған:
Су атасы - Сүлеймен
Айдыныңа тас аттым.
Рұқсат ет балаңа
Су алуға бола ма?
Түн ұйқыңнан ояттым.
Слайдтармен жұмыс жасап отыру. Сусын түрлері қандай?
Пепси кола, Сарыағаш минералды суы, шырын т.б, Салыстыру.Қорытынды түю
Ой толғаныс Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды.Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді.Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып,қабырғасы қайысып кетті Неге? Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта суды сорып алып ауырлап кетті
Рефлексия.Не білдік? Не үйрендік?
Жұлдызшалармен бағалау. Өзара бағалауМақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі
болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге
тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер
БАРЫСЫ:
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер:
І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Көші-қонның зерделенген тарихтың, Тарихшылар баяндайды ақиқаттың жай күйін, - деп сөзді лицейіміздің тарих пәнінің оқытушысы Мұстафаев Ербол ағайымызға берейік. Тарихшы «ХХ ғасырдың бас кезі мен Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі Ресейдің көші-қон саясаты», «КСРО-ның 1937-1991 жылдар аралығындағы көші-қон» туралы материалды баяндайды.
ІІ жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
І жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
ІІ жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.
І жүргізуші: Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Исмайлов Темірбек ағай. Ендеше, ағай көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік.
Ұлттық би
ІІ жүргізуші: Мерекелі құттықтау сөз кезегі ардагер – ұстаз Қабыл Арғын ағайымызға беріледі.
І жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 5 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
ІІ жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
І жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
ІІ жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
І жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс биін тамашалауға шақырамыз.
Орыс биі, орындайтын №88 топтың оқушылары
ІІ жүргізуші: Мы дружной семьюй живём в Казакстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов
Сөз кезегін орыс ұлт өкіліне берейік.
І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
ІІ жүргізуші: Бүгін біздің кешімізге өзбек ұлтының өкілі келіп отыр. Олай болса, сөз кезегін кешіміздің қонағы Абуд Баймурадовқа беріледі.
Өзбек биін тамашалаңыздар!
І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
ІІ жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
І жүргізуші: сахнамыздың төріне татар биін орындау үшін №88 топтың оқушыларын шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Өз лебізін білдіру үшін арамыздан татар ұлтының өкілі, қала тұрғыны, ардақты ана Нұрания Валиеваға сөз кезегін береміз.
І жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып, кәріс биін тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Келесі кезекті бүгінгі кеште қонақ болып отырған кәріс ұлтының өкілі Ли Людмила Герасимовна апайымызға берейік.
ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенгн елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүіегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: Хор «Атамекен»
І жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлына беріледі.
ІІ жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
І жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын!
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!Тақырыбы: Тіл табыса білейік
Мақсаты: Ата - аналарға қиын болған жағдайда балалармен қарым - қатынас жасау, қалай сөйлесу керектігін көрсету. Татуласу және бітімге келу жолдарын табуға көмектесу.
Көрнекі - құралдар: тапсырмалар жазылған карточкалар, доп, жағдаятқа арналған мата, қиынды фигуралар
Жұмыс барысы: Мұғалімнің алғы сөзі:
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Қазіргі заманда өмір сүруге байланысты көптеген қиындық тудыратын жағдайлар бар. Солардың бірі суицид болып отыр. Қазақстан әлем елдерінің арасында осы мәселе бойынша алғашқы орынды иеленеді екен. Бұның өзі ойланарлық жағдай. Біз тәрбиеленіп жатқан балаларымыз үшін жауаптымыз. Олардың болашағынан үміт күтетін азамат болып өсуіне жол көрсетуге тиістіміз. «Олар болашақта кім болады, нені бойына сіңіреді, жаман қылықтарға не үшін барады, себебі не?»Сол сұрақтарға жауап табу, жаман жағдайлардың алдын - алу мақсатымен бүгінгі шараларды өткізіп отырмыз.
Бүгінгі күніміз сәтті болуы үшін балалардың сәлемін тыңдайық!
- Армысың сұлу күн!
- Армысың ашық аспан!
- Қайырлы күн, баршаға!
- Бүгінгі күн қандай тамаша!
- Балалар бүгінгі күннің қандай болғанын қалайсыңдар?
1. Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын.
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын.
Ұл - қыздарымыз аман болсын!
- Ал олай болса, бүгінгі күнді қалай бастаймыз?
2. Күндей жайнап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі күнді бастаймыз!
Мұғалім: Осы балалардың тілектері қабыл болсын, күніміз сәтті болсын деп жұмысымызды жалғастырамыз.
Балалар біздің айтқанымызды тыңдай ма екен, есте қалдырып ойлана ма екен, ақылымызды тыңдаса, айтқанымызды орындаса, үлкенді сыйласа неге олар жамандық жасауға жол береді. Өздерінен сұрап көрейік.
- Балалар сендер ата — аналарыңды тыңдайсыңдар ма? Қалай тыңдайсыңдар?
Ата сөзін тыңдаймыз,
Ана сөзін тыңдаймыз.
Жаттап алып жақсысын,
Жаман істі қылмаймыз!
Қалай ойлайсыңдар, үлкендерді не үшін сыйлау керек? Ал енді сыйламасақ не болады?
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа.
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Сыйлы адам болуы үшін не істеу керек? Қандай үлгі көрсету керек?
Құрметті қонақтар, ата - аналар! Енді сіздер біздің тек қана қонағымыз емес, бүгінгі шараға қатысушы да болыңыздар. Ол үшін мен сіздерге мынадай карточкалар таратамын. Сіздерге бір минут уақыт беремін. Топтағы адамдардың барлығы да жұмыс жасайды, пікірлерін дайындайды. Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
1 – жағдаят. Марат 4 - ші сыныпта оқиды. Оқуы жақсы. Мінезі жайлы, өзі жайдары, қымбат киімдер киеді. Ата - анасы бай тұрады. Ата - анасы баласынан ешнәрсе аямайды. Мектепте де мұғалім тарапынан ұрысу, ескерту жоқ. Бірақ соңғы уақытта Мараттың мектепке барғысы келмейді. Көңілі түскен. Үндемейді. Үйге келгенде мектепте не болғанын айтпайды. Ақша сұрауы көбейіп кетті. Ал ақшаны неге жұмсайтыны белгісіз. Үйдегі алтын сақина мен ақша жоғалғанын білгенде анасы ойлана бастады. Не істеу керек? Осындай іс жасауға не себеп болды?
2 – жағдаят. Нұрланның әке - шешесі ажырасқан. Жақын арада Нұрланның отбасында өгей әке пайда болды. Нұрлан осы кезге дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Сыныптастарының арасында онша көзге түсе бермейді.
Нұрланның анасы мектепке келіп, оның үйден ақша ұрлап сыныптастарына беретінін айтты. Баланы үйде ұрсып, ұрды. Жақында мектептен шыққан Нұрлан үйге келген жоқ. Түні бойы шешесі, мұғалімі іздеумен болды. Ал таңертең Нұрлан ешнәрсе болмағандай мектепке келді. Қайда болғанын айтқысы келмеді. Бұлай істеуіне не жағдай итермеледі?
3 – жағдаят. Салиманың отбасы нашар тұрады. Ата - анасы үйде ішімдік ішеді. Ұрысу, ренжісу күнделікті әдетке айналған. Киімі де ұқыпсыз, шашы да дұрыс таралмайды. Сабағы да нашар, кейде мүлдем сабаққа дайындалмай келеді. Ал сыныптастары онымен бірге отырғысы келмейді. Салима да оларға жоламайды. Балалар оны мазақ қылады, күледі. Бұл балаға қалай көмектесер едіңіз? Бұл баланың болашағы не болады?
4 – жағдаят. Арман көрікті, күшті, әдемі бала. Спорт секциясына барады. Сыныптастарымен жиі ренжісіп қалады. Кез - келген уақытта балаларды ұрып тастайды, төбелеске шақырады. Ал ата - аналары балалардың арасына араласу қажет емес деп ойлайды. Балалар өздері шешеді, өздері ренжісті, өздері татуласады деп ойлайды. Сіздің ойыңыз қандай?
5 – жағдаят. Аружанның ата - аналары оны нашар баға алғаны үшін ұрысады. Тек жақсы баға алғанын қалайды. Бірақ Аружанның қабылдау қабілеті нашар дамыған, есте сақтауы нашар, тез шаршайды. Ата - анасы көмек бермейді, бірақ қатаң қарайды. Ата - анасы мұғалімге кінә қояды. Мұғалім дұрыс оқытпайды, көңіл бөлмейді деп ойлайды. Ата - анасынан қорыққан Аружанды мұғалімнен баға сұрауға мәжбүрлейді. Аружанның ата - анасының ісі дұрыс па? Не істеу қажет?
Психолог: Өмір – ол театр. Бұл театрда рөлді тек үлкендер ойнайды, ала бала рөлінде болу сізге қалай әсер етеді? Баланың не сезінетінін білу үшін бала болып ойнап көрейік.
1 ойын. «Бала ата - ананың қоршауында»
2 ойын. «Мен сені көргім келмейді!»
3 ойын. «Естігім келмейді, көргім келмейді, айтқым келмейді»
Осы жағдайларда өзіңізді бала рөлінде қалай сезіндіңіз? Осындай сөзді естіген бала қандай күйде болады? Қандай ойлар мен сезімдер туады? Мұның соңы неге апарады деп ойлайсыз?
Ал балалар бұл туралы не дейді? Құлақ салып көрейік.
Ата - ананың ақылы
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы,
Сарқылмайтын көлмен тең.
«Жүректен жүреккке»Көз алдыңызға елестетіңіз, сіздің балаңыз бірнәрсеге ренжулі, қабағы қатулы, өзін жайсыз сезініп тұр. Сол балаңызға көмек беретін, жүрегін жылытатын, сезімін оятатын жылы сөздеріңізді айтып көріңіз.
Осы жылы сөздер жанымызға шипа, балаларға үлгі болсын деп тілек тілейік.
Жанымызда дос, дастарқанда ас болсын!
«Дос болайық бәріміз»
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Тақырыбы: Ел таңбасы елімнің
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы
және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.Оқушының есте
сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушыларды
Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге,
елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының
тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты суреттер, буклеттер, Отан,жер туралы нақыл
сөздер.
Тәрбие сағатының барысы:
Кіріспе бөлім:
- Сәлеметсіздер ме балалар?
Бүгін міне сіздерге «Ешқашан жалықпайық», «Білім алу жолында талмайық», «Бір – бірімізге дос – бауыр деп қарайық» дегім келеді. Сонда ғана өз отанымыздың нағыз азаматы бола аламыз.
Олай болса біз отан деген сөзді қалай түсінеміз? Отан деген не? Деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
- Өте жақсы балалар. Өз ойларыңды ортаға салдыңдар. Енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келеді.
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
2. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
3. Қазақстан көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?
4. Қазақстанның астанасы қай қала?
5. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
6. Президенттің жұмыс орны
7. Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды?
8. ҚР Конститутция күні қашан?
9. Рәміздерге нелер жатады?
10. ҚР туында не бейнеленген?
11. Тудың авторларын ата
12. Әнұранның авторлары кімдер?
- Міне балалар бастаймыз бүгінгі сабағымызда мемлекеттік рәміздерге көбірек тоқталамыз. Сондықтан да бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» деп аталады.
Ақпараттар легі
Президент Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр.
Әнұран орындалады.
Еңселі Елтаңба.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
1-оқушы:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Тұғырлы туымыз.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман-есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
1-оқушы:
Айнымайды аспаннан Жанатын да өзі отша
Біздің тудың болуы Жалын шарпып бетіңді
Оны халық қашанда Туымыз да қазақша
Биікке іліп қояды. Сөйлеп тұрған секілді.
Асқақтаған Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
1-оқушы: Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт - бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Ережесі: Берілген сөздерден басқа сөздер құрап жазу
Елтаңба - ел, таңба, таң, аң
Байрақ - бай, ай, қар, ар
Әнұран - ән, ұра, ұн, нан
2. Ойын «Жауабын тап»
Ережесі: Әр сөздің сұрақтарына қарай жауап беру керек
Елтаңба – не? (шаңырақ,тұлпар, Қазақстан, егін, жұлдыз, т.б )
Ту – қандай? (көгілдір, төртбұрышты, әдемі, белгілі)
Әнұран – не істейді? (шырқайды, айтады, жаттайды)
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Ендеше сіздерді өз Отанымыздың алдында ант қабылдауға шақырамын.
Ант
Мен, өз Отанымды сүюге, қадірлеп, қорғауға, Мемлекеттік рәміздерді, тілімізді құрмет тұтуға, үлкенге - ізет, кішіге - құрмет көрсете отырып, елімнің көркейіп, дамуына өз үлесімді қосуға ант етемін.
Материал рейтингісі:1- сынып оқушылары үшін
Тест «Мектеп оқу қабілетін зерттеу»
Мақсаты: Баланың ақыл –ойының даму деңгейін, оқуға дайындығын анықтау
Аты-жөні _________________________________________________________________
1-тапсырма.Образдармен жұмыс істеу (45 б. max).
Алқаның заңдылығын тап және сурет жалғастыр.
2-тапсырма Сандар қатарына жетпейтін сандарды жаз. (40 б. max).
1 2 4 5 6 8 10
10 9 7 6 4 3 1
3-тапсырма Жетпейтін фигура сал. (15 б. max).
Тапсырм 2. Графикалық диктант 30 б. max).
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде анықтама.
Мектебімізде 2014-0215 оқу жылында 1 «а» сыныбында 20 оқушы, ал 1 «б» сыныбында 21оқушы бар. Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелерін үнемі сақтап отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы, күнделікті толтыруы жақсы жағдайда. 1 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. Сынып құжаттарының толтырылуы қанағаттанарлық.
Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді, сынып жетекшілерін ата-аналарынан кейінгі екінші орынға қояды, жақсы көреді.Сынып жетекшілері оқушылармен жексенбіде басқа апта күндерінің бәрінде түске дейін бірге болады.Оқушылармен жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасайды.
Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті.
№ Эмоциялық жағдайы 1 «а» 1 «б»
1. Мұғаліммен тілдесуі өте жақсы- 11 оқушы
жақсы- 7 оқушы
орташа- 2оқушы өте жақсы-10 оқушы
жақсы- 8 оқушы
орташа- 3 оқушы
2. Мектепке келуі Көңілді- 17оқушы Көңілді- 20 оқушы
3. Сабақта
өте жақсы- 10 оқушы
жақсы- 7 оқушы
орташа- 3оқушы өте жақсы-9 оқушы
жақсы- 9 оқушы
орташа- 3 оқушы
4. Құрдастарымен қарым-қатынасы Жақсы- 20 оқушы Жақсы- 21 оқушы
5. Үйге қайту Көңілді- 20 оқушы Көңілді- 21 оқушы
Сынып жетешілері сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізіледі. Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға қадағалу бар. Ата-аналар жиналысы қыркүйек – қазан айлары аралығында әр сыныпта 2 рет өткізілген. Ата-аналардан бала мен қарым-қатынасы, баласының сабағына көңіл бөлуі туралы сауалнама жүргізілді. Нәтижесі: баламен қарым-қатынасы жақсы-100%, сабағына көңіл бөлуі: жоғары - 80%, орташа 20%.
Мектептің оқу- тәрбие жұмыс жоспары бойынша қыркүйектің 15-27 аралығында бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау әкімшілік тарапынан жүргізілді. Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды.
Ұсыныс: Мектеп ережесін барлық оқушылар сақтайды. Көбірек көңіл бөлетін оқушылар: 1 «а» сыныбында Турган Али, Кабимуллина Динара, ал 1 «б» сыныбы бойынша Секеева Раушан, Оразгали Байсұлтан, Сагимбаева Сабина.
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейі (ата - аналар жиналысы)
Бәрі де оқудың ойдағыдай болып, көп ыңғайсыздық тудырмауын қалайды. «Сен мектепте қалай оқитын боласың?» - деген сұраққа болашақ бірінші сынып оқушылары «беске оқитын боламын» - деп сенімді түрде жауап береді. Жетістік деген түсініктің өзі де салыстырмалы болғанымен, мектепте жетістікке жету, шынымен де, өте маңызды. Кейбір балалар мұндай қиыншылықтарды ешкімнің көмегінсіз оп - оңай жеңеді. Бірақ басқа да балалар бар – олар үшін мектепке, оның тәртібі мен талаптарына бейімделу оңайға соқпайды.
Мектепке бейімделу деген не, соның басын ашып алайық. Психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс - әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі, яғни:
1. бала өзінің « істегім келедісін» мектептің «істеу керегіне» сәйкес келтіруі керек;
2. тапсырмаларды (кейде балаға онша қызықты емес) өз бетімен орындауға үйренуі керек;
3. мектеп тәртібін сақтауға, онымен есептесуге, өзінің тәртібімен басқа балаларға кедергі келтірмеуге және мұғалімдердің басын ауыртпауға үйренуі керек;
4. достық қарым - қатынас орнатып, оны ұстануға, басқа баланың ұнауына не ұнамауына қарамастан онымен тіл табысуға, тым болмаса қарым - қатынас жасауға үйренуі керек;
5. мектептегі оқуы – оның «жұмысы» екенін, оқушы болу - өте маңызды екенін түсінуі керек!
Балалардың бейімделуі қалай өтеді? Ата - аналардың бірі балаларға оқу « онша қиын емес» деп, ал енді бірі «оқу қиын, бірақ күшіміз жетеді» деп есептейді. Ата - аналар үй жұмысын дайындау кезінде балалардың теріс эмоцияға беріледі деп есептейді. Олардың себептері ретінде еңбектен шаршау, рухани шаршау, материалдарды онша ұқпау, тапсырманы ұмытып қалу, көшіру кезінде қате жіберу, тапсырманы орындағысы келмеуі аталады. Ұйықтарда балалардың бірі тың, бірі шамалы шаршаңқы көңіл - күйде болу себебі не? Қиындыққа қарамастан, балалардың көбі оқуға ойдағыдай бейімделеді. Бірақ көмек керек ететін балалар да болады. Кімге көмек керек екенін қалай анықтауға болады? Әдетте мектепке бейімделудің 4 деңгейі болады: жоғары, орта, төмен және өте төмен.
Бейімделуі жоғары деңгейдегі бала мектепті жақсы көреді, оқушы болғанына қуанышты. Ол үшін оқу жеңіл, жаңа білімді қызығушылықпен қабылдайды және айналасындағылармен қуана бөліседі, тапсырманы мектепте де, үйде де ынтамен орындайды ( сырттай бақылау жасамай - ақ және қысым көрсетпей - ақ), сабақта мұғалімді ынтасымен тыңдайды, өзі белсенділік танытып «бағдарламадан тыс» бір нәрсе істеуге не жаттауға қабілетті, «қоғамдық тапсырмаларды» абыроймен орындайды, сыныптастарымен оңай тіл табысады.
Бейімделуі орта деңгейдегі бала да мектепке баруға қарсы емес, сабақтарға да кет әрі емес, сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым - қатынаста, сабақта берілген материалды меңгеруге қабілетті, бірақ мектепте де, үйде де ересектердің бақылауында, солардың бұйрығымен ғана жұмыс істеуді қалайды. Өз бетімен жұмыс мұндай балаларда «жүрмейді». Мектепте бұл балаға білім емес, оқушы дәрежесі маңыздырақ, сондықтан оны жаңаны меңгеру емес, «бәрін ереже бойынша істеу» қызықтырады. Қызықты болған нәрселерді – жақсы орындайды – егер бір нәрсе шықпай қалса не «көңілсіз» болса – оқу процесі тоқырауға ұшырайды және тек ересектердің көмегімен ғана алға жылжиды. Бір сөзбен, мұндай балаларға үздіксіз бақылау қажет, білім алуға құлшыныс білдірмейді, тікелей мүддесіне қажет емес істерді өз бетімен істеуі нашар дамыған. Мұндай бірінші сынып баласына үйде қарап, сабақ қарауы бірнеше сағатқа созылып кетпеуін қадағаласа, ал мектепте мұғалімнен «балаға аса көңіл бөлуді» өтінсе (жұмыс істеуге ынталандыру үшін) – бәрі де жақсы болады.
Бейімделуі төмен деңгейдегі балалар бұдан да көп назар аударуды қажет етеді. Мұндай балалар мектепке теріс көзқараста немесе немқұрайлы болады, сабақта бұйығы, «жоқ» секілді. Немесе, керісінше, жиі тәртіп бұзады, оқу материалын толық меңгермейді, жұмысты өз бетімен қиындықпен және көңілсіз орындайды, үй тапсырмаларын анда - санда орындайды ( соның өзінде жақындарының бақылауы және қысымы арқылы). Жаңа материалды меңгеру үшін оған мұғалімі мен ата - аналарының көмегі қажет: бірнеше рет толық түсіндіру және қайталау, басқаларға қарағанда көп уақыт бөлу сияқты. Қоғамдық жұмыстарды бұл балалар ынтасыз орындайды, көбінесе сыныпта жолдастары - достары болмайды, керек десе балардың есімдерін де жыл аяғына дейін білмеуі мүмкін.
Төртінші деңгей «қатерлі» деп аталады, бұл расында да бала үшін де, ата - ана үшін де, мұғалімдер үшін қатерлі. Ең ауыр жағдайда баланың жұмысынан не талап етілгенін мүлдем түсінбейтінін көруге болады. Ондай балалар жеке жұмыста үлкендермен қарым - қатынасқа түсіп, оның нұсқаулықтарын түсіне алады, осыны ескеріп, бастапқы кезде мұғаліммен жеке жұмыстар жасалады.
Егер сіздің балаңыздың бейімделу деңгейі төмен болса, – оған көмектесіңіз, әйтпесе баланы алда «мектеп неврозы» күтіп тұр.
Егер сіз баланың бойынан бейімделудің төмен деңгейі белгілерін байқасаңыз, балаға да, сізге көмек керек екенін білгеніңіз дұрыс! Көмек сұраудан ұялмаңыз! Мұғалімдер мен психологтардың сізге көмектесе алатынына сенімді болыңыздар!
Ата - аналарға ұсыныс:
1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ - түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады.
3. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз: тентек болма, өзіңді жақсы ұста, бүгін жаман бағалар болмасын және т. б. Балаға сәттілік тілеңіз.
4. БҮГІН ҚАНДАЙ БАҒА АЛДЫҢ деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.
6. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.
7. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 - 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт - 15 - 17 сағат аралығында.
8. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 - 20 минут сабақтан кейін 10 - 15 минут үзіліс қажет.
9. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.
10. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл - күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.
Психодиагностикалық зерттеу
2013-2014 оқу жылында 1 сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке дайындығын анықтау мақсатында Керн – Йирасек тесті алынды. Зерттеу жұмысына 168 оқушы қатысты. Зерттеу жұмысы барысында оқушылар назарына «Ер адамның суретін салу», «Әріптерді көшіріп салу», «Бір топ нүктелерді көшіріп салу» ұсынылды. Негізгі мақсат алынған нәтижелерден оқушылардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау. Сонымен бірге 1-сынып оқушыларының таным процесстері анықталды. Зейін бөлінушілігі, логикалық ойлауы, қысқа мерзімді есте сақтауы анықталды. Балалардың 72 % -ы жоғары деңгейде, 63% - ы орта деңгейде, ал 17%- ы төмен көрсеткіш көрсетті.
Бастауыш, орта, және жоғары буын оқушыларының таным процесстерін, жекелік қасиеттерін және мектепішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу мақсатында оқушылардың зейін, ойлау, есте сақтау сияқты танымдық процесстеріне тесттер алынды.
Оқушылар назарына С.Л Рубинштейн,Т.Р Нұрмұхамбетова «Тәжірибелік психология», Л.К Көмекбаеваның әдістері, Г Айзенк құрастырған әдістемелерінен тесттер ұсынылды. Тест жүргізу барысында кейбір оқушылардың есте сақтау қабілеттері орташа, логикалық ойлауы және интеллектуалдық қабілеттерінің даму деңгейлері жоғары екені анықталды.
5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін анықтау сауалнамасы алынды.
Мақсаты: Оқушылардың төменгі буыннан орта буынға ауысу кезінде кездесетін қиыншылықтарды анықтау.
Психологиялық зерттеу жұмысына 167 оқушы қатысты.
Алынған нәтижелерді төмендегі көрсеткіштерден көруге болады.
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау мақсатында «Жануарлар мектебі» жобалау әдістемесі, Г.А.Куребаева тесті алынды. Зерттеу жұмысында 1-ші сыныптардан 148 оқушы қатысты. Оқушылар назарына 24 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды. Оқушылардың нәтижелерін төмендегі кестеден көруге болады.
№
Сыныбы
Өте жоғары
Орта
Төмен
1
1 «А»
20 (83%)
3 (11%)
1 (4%)
2
1 «Ә»
9 (34%)
7 (26%)
10 (38%)
3
1 «Б»
11 (55%)
8 (33%)
3 (11%)
4
1 «В»
15 (52%)
11 (38%)
3 (10%)
5
1 «Е»
8 (40%)
4 (20%)
8 (40%)
6
1 «Д»
9 (34%)
10 (38%)
7 (26%)
Қорытынды: Жүргізілген әдістің қорытынды нәтижесінде 1 сынып оқушыларында мектепке жағымды көзқарас байқалады. Оқушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылықтары жақсы. Мұғалімдер мен оқушылар арасында тұрақты қарым – қатынас сақталған.
Жоспарға сәйкес 5-10 сыныптардан социометрия әдісі алынды. Қорытындысышығарылып хаттамаға тіркелді. Мақсаты: бір сыныпта оқитын оқушылардың қарым –қатынасын анықтау. Сыныптағы лидер және таңдаудан тыс қалған оқушыларды анықтау. Нәтижелері сынып жетекшілеріне таныстырылды.
6-7-8 сынып оқушыларынан Өзін-өзі бағалау диагностикасы жүргізілді. Зерттеме жұмысына 235 бала қатысып нәтижелері төмендегідей болды:
11 сынып оқушыларына «Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық жағдайларын шешу жолдары» атты лездеме оқылды. Мақсат- бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясымен тактикасын өңдеуін, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. Лездеме барысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің психологиялық шешу жолдары бойынша оқушыларға күн тәртібін құруға, материалдарды есте сақтап, қайта жаңғыртуға, өз қабілеттерін молынан қолдауға, стрестік жағдай бола қалғанның өзінде, оны жеңудің жолдары бойынша ауқымды ақпарат оқылып, оқушылармен талданды.
7-10 сынып оқушыларының арасында оқушылардың қызығушылығымен бейімділігін анықтау мақсатында тест жүргізілді. 9 сынып оқушыларына А.Е.Голомшоктың «Танымдық қызығушылықтың диагностикасы» атты тесті жүргізілді. Тест 174 сұрақтан құралған. 9-шы сыныптардан тестке 102 оқушы қатысты.
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
1
|
Қарапайым түсініктер. Заттарды санау, салыстыру.
|
1
|
|
2
|
Заттардың ұзындығын өлшеу
|
1
|
|
3
|
Нүкте .Сәуле.Бұрыш.Кесінді
|
1
|
|
4
|
Он көлеміндегі сандар
|
1
|
|
5
|
Қосу. Азайту. - ,+;
|
1
|
|
6
|
Өрнек .Қосынды.Айырма.
|
1
|
|
7
|
Қосылғыштар. Азайғыш.Азайтқыш.
|
1
|
|
8
|
1-ден 10-ға дейін тура және теріс санау
|
1
|
|
9
|
4 және 5-сандары және цифрлары
|
1
|
|
10
|
6 және 7-сандары және цифрлары
|
1
|
|
11
|
Салыстыру
|
1
|
|
12
|
8 және 9-сандары және цифрлары
|
1
|
|
13
|
10 санының құрамы
|
1
|
|
14
|
Кестелік қосу және азайту
|
1
|
|
15
|
Есеп.Барлығы нешеу?
|
1
|
|
16
|
Есеп .Неше артық ? неше кем?
|
1
|
|
17
|
Кері есептер
|
1
|
|
18
|
4 санын қосу және азайту
|
1
|
|
19
|
5 және 6 сандарын қосу және азайту
|
1
|
|
20
|
7және 8 сандарын қосу және азайту
|
1
|
|
21
|
9 санын қосу және азайту
|
1
|
|
22
|
10 санын қосу және азайту
|
1
|
|
23
|
Салыстыру
|
1
|
|
24
|
Санды және әріпті өрнектер
|
1
|
|
25
|
Өрнектер
|
1
|
|
26
|
Өрнектер
|
1
|
|
27
|
Теңдеу
|
1
|
|
28
|
Ондықтар .Жүз
|
1
|
|
29
|
Ондық .Натуралды сандар
|
1
|
|
30
|
Ондықтармен санау
|
1
|
|
31
|
Ондықтарды санау
|
1
|
|
32
|
Ұзындықты өлшеу
|
1
|
|
33
|
Ондықтарды қосу және азайту
|
1
|
|
34
|
Геометриялық фигураларды кескіндеу
|
1
|
|
«Бекітемін»
Мектеп директоры
Д.Ешкенов
« » .2015ж
Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығының
1- сынып оқушыларның ата-аналар жиналысының өтілу
жоспары
Р\с
|
Мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
1 отырыс
|
1.
2.
3.
|
Танысу.Ата –аналар төрайымын сайлау
Оқушылардың мектепке келуі мен дайындығы
Сіз қандай ата-анасыз? (сауалнама)
|
Қыркүйек
|
Сынып жетекші
Сынып жетекші
Психолог
|
2 отырыс
|
1.
2.
3.
|
Баяндама «Балаға қамқор бол»
I тоқсан қортындысы
Оқушылардың тазалығы
|
Қараша
|
Сынып жетекші
Сынып жетекші
Медбике
|
3 отырыс
|
1.
2.
3.
|
2 тоқсан қортындысы
Оқушылардың тәртібі мен тазалығы
«Отбасының бақыты бала деген» (Баяндама)
|
Желтоқсан
|
Сынып жетекші
Медбике
Психолог
|
4 отырыс
|
1.
2.
3.
|
3тоқсан қортындысы
Оқушының себепсіз сабақтан қалуы
Мектеп психологымен әңгіме жүргізу
|
Наурыз
|
Сынып жетекші
Сынып жетекші
Психолог
|
5 отырыс
|
1.
2.
3.
|
4 тоқсан қортындысы.Жылдық қортынды.
Жазғы демалыста қауіпсіздік ережесін сақтау
Келесі оқу жылына дайындық
|
Мамыр
|
|
Сынып жетекші Жұмадилова Ә.А.
Достарыңызбен бөлісу: |