Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Галереяны шарлау» әдісі
Балалар,жарайсыздар , бұл Түркістан қаласы екен.
Бұл біздің өткен тақы
рыбымыз,Түркістан
қаласы туралы жуан, жіңішке сұрақтар қоямын.
«Жуан, жіңішке сұрақтар» әдісі.
1. Түркістан қаласы – ежелгі қала ма?
2. Түркістан «Жібек жолы» бойында орналасқан ба?
3. Түркістан бұрын қалай аталған?
4. Түркістандағы кесене кімнің атында?
Балалар, Түркістаннан басқа тағы қай қаламен таныстық?
Иә ,дұрыс айтасыз . Отырар.
Ал ,мына адамды танисыздар ма? Мүмкін басқа сабақтарда естіген боларсыздар?
|
Оқушылар шапалақтау арқылы сабақтың өту барысына психология
лық ахуал орнатады.
Берілген суреттерде қай қала берілгенін болжайды.
Түркістан туралы сұрақтарға жауап береді.
|
Мадақ сөздер
Мадақ сөздер
|
смайлик
«Галерея
ны шарлау»
«Жуан, жіңішке сұрақтар»
Әбу Насыр әл-Фараби суреті
|
Сабақтың ортасы
|
Күннің жадын , тақырып жаздыру
Балалар, біз Әбу Насыр әл-Фарабидің кім екенін білу мақсатында 3 мәтінмен жұмыс жасайтын боламыз.Әр үзінді бойынша тапсырмалар беріледі . Мұқият болайық.
І-мәтін. Данышпан Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан тарапында
ғы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі. Ол алғаш білімді туған қаласы Отырардан алады. Асқан зерек, алғыр жас Фараби медреседе оқып жүріп, Отырардың атақты кітапханасында жұмыс істеп білімін толықтырады. Оқуын Бағдад, Шам (Дамаск) қалаларында жалғастырады.Мұнда ірі ғалымдармен кездеседі, сырлас болады.Түркі, араб, парсы, грек, латын тілдерінде еркін сөйлеген. Жалпы 70-ке жуық тіл білген.
2-мәтін. Әл-Фараби өмірге келген Отырар қаласы –бүкіл Шығыс
қа танымал болған. Отырар шаһары- Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр аралығын
да орналасқан. Бұл жерде көптеген төбе
лер жатыр. Сол төбе
лердің барлығы да бір кездегі Отырар қала
сының орны. Арабтар Отырар қаласын Фа
раб деп атаған. Әбу Насырдың аты Фараби болып аталып кетуі осыған байланысты. Ол- Отырар немесе Отырарлық деген мағынада.Болашақ ұлы данышпанның туған қаласы Отырар- сол кездегі дүние жүзіндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Отырарда үлкен медресе, базар, қонақ үй, монша, ғимараттар болған. 1220 жылы монғолдар қаланы қиратады. Халқын қырып тастайды.
3-мәтін. Әбу Насыр әл-Фараби -Аристо
тельден кейін «Екінші ұстаз». Ол математика
, астрономия, логика, медицина, музыка, риторика туралы еңбектер жазған. Олар ағылшын, неміс, француз тілдеріне аударылған. Ол барлығы 150-ге жуық еңбек жазған. Ән шығарған, аспаптарда ойнаған. “Музыканың ұлы кітабы” – музыка әрі физика-математика жайында жазған тарихи шығармасы.
Ұлы ұстаз 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген.
Берілген сөйлемдерді перефраз әдісін пайдаланып, өзгертіп жазу.
1.Әбу Насыр әл-Фараби Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған.
2. Отырардың атақты кітапханасында білімін толықтырады.
3. Ол барлығы 150-ге жуық еңбек жазған
РАФТ стратегиясы
Р- әл-Фараби
А- бүгінге оқушыға
Ф- үндеу
Т- білімнің маңызын,
бірнеше тіл меңгерудің маңызын айту
Сабақты қорытындылау
«Синквейн» әдісі
|
Күннің жадын , тақырып жазады.
Дескриптор:
1.Мәтінді оқиды .
2. Мәтін бойынша берілген тірек сөздер пайдаланып, әл-Фараби туралы баяндайды.
3. Сөйлем құрылымын сақтайды.
Дескриптор:
1.Мәтінді түсініп оқиды.
2. Мәтінге сұрақтар құрастырады.
3. Сұраққа толық жауап береді
Дескриптор:
Мәтінді түсініп оқиды.
Негізгі ақпаратты ішіне жазады
Қосымша ақпаратты сыртына жазады.
Дескриптор:
1.Сөйлемдерді түсінеді.
2.Перефраз әдісімен сөйлемдерді өзгертеді.
Дескриптор:
Әл-Фараби
атынан үндеу жазады.
Мәтіндегі ақпараттарды қолданады.
|
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
«Бас бармақ» әдісі
«Шапалақ» әдісі
Ынталандыру арқылы бағалау
|
«Ішіне-сыртына»
РАФТ стратегия
сы
|