Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Әбілхан Қастеев шығармашылығы мен сіңірген еңбегі жайлы таныстыру, бейнелеу өнері жайлы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Сөздік қорларын, дүниетанымын, тіл байлығын, шеберлігін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Бейнелеу өнерінің құпияларын оқып білуге шақыру, өз елін, жерін сүюге қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал- жабдықтары: көрнекі құралдар,тақтамен жұмыс,суреттер
Сабақтың типі: Білім,білік дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру,ой-қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу, баяндау, топтастыру, сұрақ-жауап, жеке шығармашылық, ауызша, жазбаша, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясының элементтерін пайдалану.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, еңбекке баулу, дүниетану.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды сабаққа даярлау
ә) Назарларын сабаққа аудару.
б) Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.
II. Кіріспе-қызықтырушылық кезең.
Оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын жүрек тұсына қойып, ана тілі өлеңін дауыстап оқу.
Ақыл-ойын дананың ,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
III.Мотивациялық кезең.
IV. Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.
Әбілхан Қастеев өмірі, шығармашылығы мен халқына сіңірген еңбегі жайлы танысамыз. сонымен қатар тақырыпқа байланысты түрлі тапсырмалар орындаймыз.
V.Өткенге шолу.
Өткенді еске түсіру кезеңінде өткен тақырыптарды еске түсіру, шолу жасау.
Қалау райға сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап жазу
VI.Өткенді бекіту.
Жаңа мағынаны тану. Жаңа сабақ.
1. Сөздік жұмыс.
1. Сөздермен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік
дәптерлеріне жазу.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
3. Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.
4. Олардың синоним, антоним, омоним қатарын табу.
5. Сөйлемдер құрау.
даму- развитие
үлес қосу-внести вклад
дүниетаным-познание мира
ерекшеліктері-особенности
назар-внимание
жарқын құбылыс-яркое явление
әкесінен ерте айырылған-оставшись рано без отца
таңғалдыру-удивить
көрме-выставка
шексіз-безгранично
2-тапсырма. Мәтінді түсініп, диалог құрастыру. Диалог бойынша өзара сөйлесу.
3-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды жеке-топтық оқыта үйрету ойыны арқылы жүргізуге де болады.
Жеке-топтық жұмыс формасы
Құрал-жабдығы:
1. Бағалау парағы.
2.Оқулықтағы үш күрделілік деңгейдегі тапсырмалар.
3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды. Жетондар
Ойынның жүру барысы:
Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады.
Әр оқушының алдында үстелде барлық үш деңгейдегі сұрақтары бар парақтар жатады (әр парақта 2-3тапсырмадан).
Оқушылар деңгейді таңдайды:
• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.
• I деңгей (едәуір кұрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.
Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут).
I деңгейді таңдап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10минут уақыт беріледі. Оқушылар жұп-жұбымен отырады.
II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ
бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады.
I күрделілік деңгейінің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2,3- сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.
Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс
істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.
I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
VII. Сабақты қорытындылау
Кері байланыс
Үйге тапсырма: Әбілхан Қастеев туралы оқу, берілген тапсырмаларды орындау.
VIII. Рефлексия бағалау кезеңі. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |