Сабақтың тақырыбы Әбілхан Қастеев сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі147,91 Kb.
#34197
түріСабақ

пән мұғалімі

Г.С.Титов атындағы №20 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сахова Ажар Байдосқызы

Пәні

Қазақ тілі

Сыныбы

9 Д

өтетін күні

3.12.2014.

сабақтың тақырыбы

Әбілхан Қастеев

сабақтың мақсаты

Етістіктің рай категориясын топтастыра отырып, қалау райдың жасалу жолдарын игеру. Жаттығу жұмысын орындау

күтілетін нәтиже

Қалау райды орынды пайдалана білуді, ұшқыр ойлы сөйлеуді үйренеді, Әбілхан Қастеевтің шығармашылық өмір жолымен танысады

бұрын меңгерілген білім

Қазақ бейнелеу өмірі тарихынан

сабақтың ресурстары

Кесте, тірек-сызба, кеспе қағаздар интерактивті тақта, стикерлер, постерлер



Кезең

уақыт

сабақтың барысы

мұғалімнің іс-әрекеті

оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

10

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

«Жүректен - жүрекке» (тренинг)

Үйге берілген тапсырманы «Өрмекші торы» әдісін қолданып сұрау.


  • Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер?

  • Қазақ бейнелеу өнерінің ежелгі түрі?

  • Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды?

  • Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін дайындайтын студия нешінші жылы ұйымдастырылды?

  • Онда кім сабақ берді?

  • Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын нешінші жылдары жасады?

  • Қазақстан суретшілерінің кәсіби шеберлікті тез игеруіне кімдер көмектесті?

  • Қазақ бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі қашан ұйымдастырылды?

  • Қай қалада өтті?

  • Айша Ғалымбаева кім?

Оқушыларға жүрекшелер таратылып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін керекті қасиеттерді бір-біріне тілейді.

Сұраққа дұрыс жауап берген оқушының қолына өрмекші торын бңр рет ораймыз, әрбір дұрыс жауап берген сайын. Оралған жіп санына қарай бағалаймыз



Негізгі

25

Балаларға суреттер беріледі, натюрморт пен пейзаж бейнеленген, сол бойынша 2 топқа бөлінеді.

Балалар, біз білім шыңына жету үшін көп оқып, көп білуіміз керек. Білім шыңын пирамида түрінде елестетіп, соның шыңына жету үшін тапсырмалары орындаймыз!

І саты

«Қалаймын», «Қаламаймын».

Етістік+ғы/гі+жіктік жалғауы+ келеді/келмейді

Осы формуланы пайдаланып, суреттердегі іс әрекетті айтыңдар.

Суда жүзу, сурет салу, қоқыс шығару, Астанада қыдыру, сабақ жазу, кітап оқу, соғысу, жазу, құрылыста жұмыс істеу,өлең жаттау, ән айту

Балалар, осыдан шығатын қорытынды қандай?

ІІ саты. Диалог құрау.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, диалог құрау. Диалог бойынша өзара сөйлесу. Сөздікте берілген сөздерді қолдану.

Даму – развитие

Үлес қосу – внести вклад

Дүниетаным – познание мира

Ерекшеліктері – особенности

Назар – внимание

60-жылдары Қазақ бейнелеу өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты.

Бұл кезеңдері Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М. Кенбаева, С.Мәмбеев, Ә. Жүсіпов, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты.

Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60-70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. А.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Сыдыханов, О.Нұржұмаев, А.Ақанов шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.
ІІІ саты Оқу, аудару

3-тапсырмада берілген мәтінді оқып, аудару тапсырылады.

Әбілхан Қастеев (1904-1973) – Қазақстан Республикасының халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алғашқы қазақ суретшілерінің бірі Әбілхан Қастеев өзінің талантымен Қазақстанның бейнелеу өнері тарихындағы жарқын құбылысқа айналды. Оның есімі ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізге өмірі мен дарынын өз халқына толықтай арнап, шексіз беріле еңбек еткен Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ш.Айманов, Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев сынды атақты қайраткерлерімізбен қатар тұр.

Әбілхан Қастеев 1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол байдың жалшысы болады. Жаркент қаласында, кейіннен Түрксіб теміржол құрылысында жұмыс істейді. Ол сол кездің өзінде үнемі сурет салып, өзінің дарыны мен шеберлігінің арқасында айналасындағыларды таңғалдырады. 1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.

Ә.Қастеев 1930жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 1934 жылы ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне, Абай портретін жазудан және оның шығармаларына иллюстрациялар жасаудан республикалық жарысқа, Мәскеудегі Мемлекеттік Шығыс халықтары мұражайындағы Қазақстан суретшілері туындыларының бірінші көрмесіне қатысады. Осы уақыттан бастап Әбілхан Қастеев халықаралық, бүкілодақтық, республикалық және қалалық көрмелерге тұрақты түрде қатысып отырады.

1934-1936 жылдары Әбілхан Қастеев Мәскеуде тұрып, Н.К.Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 ж. КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады. 1930-1940 жылдар аралығында суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты үлкен акварельдік топтама жұмысын жазады. 1942 ж. Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді. Осы жылы суретшіге Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі. 1944 жылы ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.

Сөздік

Жарқын құбылыс – яркое явление



Әкесінен ерте айырылған – оставшись рано без отца

Таңғалдыру – удивить

Көрме – выставка

Шексіз – безгранично


«Жылдам жауап» ойыны. Сәйкестендіру тесті.

Сұрақтар

Жауаптар

  1. Ә.Қастеев қашан және қай жерде дүниеге келген?

  2. Суретші қайда білім алды?

  3. Ә.Қастеев алғаш рет Мәскеуге қашан барды?

  4. Ол нелерге қатысты?

  5. Ә.Қастеев нешінші жылдары Мәскеудегі көркемсурет студиясынан сабақ алды?

  6. КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қашан қабылданды?

  7. Халық суретшісі қандай атақтарға ие болды?




А) 1904-1973жж
Ә) жарыстар мен көрмелерге
Б) 1934-1936жж
В) өнер қайраткері
Г) Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясы
Ғ) 1937 ж


IV саты. Шығармашылық деңгей.

2 топқа тапсырмалар беріледі.



  1. «Әбілхан Қастеев» тақырыбында постер жасау

  2. Мәтіннен 10 етістікті теріп жазып, үлгі бойынша қалау рай жасау, сөз тіркестерін құрау.

  3. Оқушылар құрған сөздер мен сөз тіркестерін орыс тілі мен ағылшын тіліне аудару.

Тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға қылқалам бейнеленген стикерлер беріледі.


Оқушыларға суреттер беріледі, сонда көрсетілген іс-әрекетті істегісі келе ме, келмей ме айтуы керек.

Оқушылар қорытынды ретінде қалау райдың анықтамасын шығарады. Оны кітаптағы анықтамамен салыстырып, толықтырады.

2 топтың мүшелері бір-біріне 2 сұрақтан дайындайды.

Мәтін екі топқа беріледі, оқушылар оқып, аударады (Синхронды аударма жасайды)

Әр топқа кеспе қағаздар таратылады. Оқушылар дурыс сәйкестендіріп, плакатқа жабыстыруы керек.

«Әбілхан Қастеев» тақырыбында сурет салып, өз тақырыптарын қорғайды.

Мәтіннен тапқан етістіктерді қалау рай формасында жазып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аударады.


Қорытынды

10

Сонымен, балалар, біз етістіктің қалау рай формасының қалай жасалатындығының формуласын таптық!

Оны тақтаға кім жазады?

Ә.Қастеевтің кім екендігін, оның қайда туып, өскендігі туралы мағлұмат алдық.

Ә.Қастеевтің қандай туындылары бар екен?

Балалар, сендерге әділ баға қою үшін мен сендердің пікірлеріңді білгім келеді, қарсы топтан кімге қандай баға берер едің, не себепті?

Енді сендердің жинаған қылқаламдарыңа сәйкес сендерді бағалаймын!

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Мәтін бойынша хронологиялық кесте дайындау, мәтінді мазмұндау.




Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Бір-біріне баға береді.

Үйге берңлген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.




рефлексия




Бүгінгі сабақтан не білдім, не ұнады, не ұнамады, қосарың бар ма?

Жапырақ пішіндес стикерлерге жазып

тақтадағы ағашқа жабыстырады





1. Ә.Қастеев қашан және қай жерде дүниеге келген?

А) 1904-1973жж


  1. Суретші қайда білім алды?




Ә) жарыстар мен көрмелерге


  1. Ә.Қастеев алғаш рет Мәскеуге қашан барды?




Б) 1934-1936жж


  1. Ол нелерге қатысты?




В) өнер қайраткері


  1. Ә.Қастеев нешінші жылдары Мәскеудегі көркемсурет студиясынан сабақ алды?




Ғ) 1937 ж

  1. КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қашан қабылданды?




Г) Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясы


  1. Халық суретшісі қандай атақтарға ие болды?




Д) 1904 ж. Шежін ауылында


1904


Талдықорған облысының Жаркент ауданындағы Шежін ауылында кедей малшының отбасында дүниеге келген.

Он родился в семье бедного скотовода в ауле Шежін в Жаркентском районе Талдыкурганской области

1929


тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г.Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады.


Судьба привела его в Алматы, где он учился в художественной студии Н.Г.Хлудова

1930

алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді.



Первый раз отправляется в Москву

1934

ол Алматыдағы көркемөнерпаздар слетіне қатысады


Он участвует в слете художественных самодеятелей в Алматы

1934-1936



Мәскеуде тұрып, Н.К.Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады.

Живя в Москве он учится в вечерней художественной студии народного искусства им Н.К.Крупской

1937

КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қабылданады


Его принимают в членство в союз художников СССР

1930-1940



суретші «өткен өмірге» деген ойлары бейнеленген «Ескі және жаңа тұрмыс» атты үлкен акварельдік топтама жұмысын жазады.

художник пишет большую акварельную серию под названием «Старый и новый быт», где изображены его мысли о «прошлой жизни»

1942


Алматыда суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш жеке көрмесі өтеді

В Алмате проходит первая личная выставка посвященная 15 летию творческой деятельности художника

1944



ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.


Он получил звание народного художника КазССР

60-жылдары Қазақ бейнелеу өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты.


Бұл кезеңдері Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М. Кенбаева, С.Мәмбеев,

Ә. Жүсіпов, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты.

Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60-70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды.


А.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Сыдыханов, О.Нұржұмаев, А.Ақанов шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.



қазақша

орысша

ағылшынша

қалау рай



Қазақша

орысша

ағылшынша

қалау рай

1

еңбек еткен

трудился

to work

еңбек еткім келеді

1

еңбек еткен

трудился

to work

еңбек еткім келеді

2

тұр

стоит

to stand

тұрғым келмейді

2

Тұр

стоит

to stand

тұрғым келмейді

3

дүниеге келген

родился

to be born

дүниеге келгісі келеді

3

дүниеге келген

родился

to be born

дүниеге келгісі келеді

4

жұмыс істейді

работает

to work

жұмыс істегің келеді

4

жұмыс істейді

работает

to work

жұмыс істегің келеді

5

сурет салады

рисует

to draw

сурет салғым келеді

5

сурет салады

рисует

to draw

сурет салғым келеді

6

білім алады

учился

to study

білім алғым келеді

6

білім алады

учился

to study

білім алғым келеді

7

жасау

делать

to do

жасағысы келеді

7

Жасау

делать

to do

жасағысы келеді

8

жазады

написал

to write

жазғым келеді

8

Жазады

написал

to write

жазғым келеді

9

қатысады

участвует

to take part

қатысқым келеді

9

Қатысады

участвует

to take part

қатысқым келеді

10

таңғалдырады

удивляет

to amaze

таңғалдырғың келді

10

Таңғалдырады

удивляет

to amaze

таңғалдырғың келді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет