Шынкулова Раушан Алтыбаевна
Ақтөбе қаласы,
№43 негізгі мектеп-бақшасының
бастауыш класс мұғалімі
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
• Оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін үйрету;
• есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту;
• балаларды ақыл - ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, "МАТЕМАТИКА" сөзі жазылған көрнекі материал, слайд, ойынға қажетті кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
• 11 - бет №4. Оқушы математикалық тілде дұрыс оқып, амалдардың орындалу ретін түсіндіреді.
ІІІ. Жаңа сабақ:
• Жаңа сабақты бастамас бұрын дайындық кезеңі жүргізіледі.
Слайдта "Кім жылдам" ойыны
• № 1. Бөліндінің мәні мен қалдығын табуға берілген, ауызша есептелінеді.
4205: 20=210 (қалд. 5) ----------- 8102: 90= 90 (қалд. 2) ---------- 7203: 8=900 (қалд. 3)
24050: 80= 300 (қалд. 50) ---------- 63008: 10=6300 (қалд. 8)
- Балалар, бүгінгі сабағымызда екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерімен есептер шығарамыз. Енді, сабақ барысында мына көрнекі қағаздарға назар аударуымыз керек. Әр қағаздың артында бір әріп бар, 1 есеп дұрыс шықса 2 әріптен ашылады. Қандай сөз жасырылды екен?! Мұны білу үшін бәріміз ат салысайық.
• №2
а) оқушыларға түсіндіре отырып шығарту, қосымша бірнеше мысалдар келтіру.
ә) 4 оқушы тақтада
(Үйге)
294: 98=3 345: 69=5
276: 46=6 837: 31=27
420: 84=5 936: 78=12
558: 18=31 667: 29=23
16 692: 52=321 31 458: 98=321
12 456: 24=519 59 215: 65=911
• №3 Слайдта ізденіске жетелейтін тапсырма.
Шешуі: s= (v1 + v2) • t
(66км/сағ + 95км/сағ) • 6сағ = 966 км
Жауабы: екі қаланың арасы 966 км.
• №4.
Шешуі: 255: (10+7) =15
15•10=150
15•7=105
Жауабы: Әр кітапта 150 және 105 бет бар.
IV. Жаңа сабақты пысықтау:
• Слайдта №5. Мысалдар тізбегін 3қатардан 3 оқушы шығып жалғастырады.
1560•17=26520 26520 - 350=26170
26170: 5=5234 5234+3325=8559
8559: 27=317 1358: 14=97 97+926=1023
1023•38=38874 38874 - 10819=28055
28055+1507=29562 115668: 36=3213
3213+38955=42168 42168: 12=3514
3514•18=63252 63252+51486=114738
• №6 Слайдта ереже. Ережені пайдаланып теңдеуді шешу.
240: а=480: 80 -------------- х•81+67=553
а• (288 - 190)=392 ------------- 489+c•5=9614
V. Сабақты бекіту.
• №8 берілген сандардың цифрларының қосындысы нешеге тең болатынын есептеу және шыққан санды 9 - ға және 3 - ке бөлу. (ауызша орындалады)
231=2+3+1=6
7887=7+8+8+7=30
624=6+2+4=12
34 281=3+4+2+8+1=18
378=3+7+8=18
- Міне, балалар, №2, 3, 4, 5, 6 есептерді жазбаша орындадық және көрнекі қағаздардың жасырған сөзі де белгілі болды. "МАТЕМАТИКА" сөзі. Математикадан алған бағаларымызды білейік, үйге тапсырма алайық.
-Үйге тапсырма
-Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |