Сабақтың тақырыбы Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу



бет1/2
Дата04.12.2019
өлшемі178 Kb.
#52992
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Қылышбаева А (1)

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3А Тұрақты электр тогы




Мектеп:«Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қылышбаева Арайлым Мұратқызы

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.4.2.2 - электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру



Сабақ мақсаттары:

Электр тізбегі және электр тізбегі элементтері шартты белгілерін білу

Электр схемасында шартты белгілерді қосу ережелерін түсіну, қарапайым электр тізбегін құрастыру және графикалық түрде бейнелеу

Кернеу және ток күшінің физикалық мағынасын білу, өлшем бірліктері мен формуланы жаза алу

Кернеу мен ток күшінің формуларын есептеулерде қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийі




  • Электр тізбегі және электр тізбегі элементтері шартты белгілерін біледі

  • Электр схемасында шартты белгілерді қосу ережелерін түсінеді, қарапайым электр тізбегін құрастырады және графикалық түрде бейнелейді

  • Кернеу және ток күшінің физикалық мағынасын біледі, өлшем бірліктері мен формуланы жаза алады

  • Кернеу мен ток күшінің формуларын есептеулерде қолданады




Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және термонология:

Электр тізбегі, ток күші,кернеу


Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Электр тізбегі ....... деп

Электр тізбегі бойымен өтетін токтың әсерін атаңыздар...

Ток күшінің өлшем бірлігі......

Кернеу өлшем бірлігі.......


Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Мемлекетіміздің экономикасын көтеру жолында еңбек ететін, елін, жерін құрметтейтін тұлға қалыптастыру. Электр тізбегінің шартты белгілерін біле отырып, ғылым саласының мүмкіндіктерін пайдаланып, электр энергиясын үнемді және тиімді пайдаланатын құрылғылар ойлап табу және кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін шығармашылық ізденіске, білім алуға бағыттау.

Пәнаралық байланыс

Информатика – АКТ қолдану(интербелсенді тақта, интернет желісі, слайд)

Математика – есептершығару(амалдар қолдану)



Бастапқы білім

Физика 7 сынып. Энергия. Энергияның түрлері

8 сынып Электр тогы .Электр тогының көздері



Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі;

Сәлемдесу

1.Ынтымақтастық орта орнату. « Күн сәулесі» әдісі арқылы оқушылармен шаттық шеңберін құра отырып, бір-біріне бүгінгі күнгі сәттілік тілейді

2. Топқа бөлу. 1,2,3,4 санын кезектесе санап 4 топқа бөлінеді

3. «Жалғыз аяқ жол» әдісі

Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға интербелсенді тақтада көрсетіліп тұрған ұяшықтарды кезектесе таңдай отыра жауап береді.

1. Электр тогы деп?

2. Тізбекте ток жүру үшін қандай шарттар орындалуы қажет?

3. Өткізгіштегі электрондар қозғалысының бағыты қандай? Токтың бағыты ше?

4. Бөгде күштер деп нені айтады?

5. Электр тізбегіндегі ток көзінің рөлі қандай?

6. Ток көзін сипаттайтын шама қандай?

7. Ток көзі, электр қозғаушы күшінің физикалық мағынасы қандай?

8. Ток көзінің ішкі кедергісі деп нені түсінесіңдер?

9. Ток көзінде жазылған 9 В жазуы нені білдіреді?

10. Ток көзінің электр қозғаушы күші 4,5 В болса, 1,5 Кл зарядтың орнын ауыстыру үшін бөгде күштер жасайтын жұмысты табыңдар.

11.Денені зарядтаудың жолдары?

12. Электр қозғаушы күштің формуласы?

13.Кез-келген дене бойында энергия бар, оны қандай жолмен электр энергиясына түрлендіреміз?

14.Ток көзі түрлендіретін энергия түріне қарай қандай бөлімдері бар?

15. Электр қозғаушы күш қандай әрпімен белгіленеді?

16.Механикалық энергия электр энергиясынатүрлендіретін ток көзін ата?

17. Ішкі энергия электр энергиясына түрлендіретін ток көзін ата?

18. Жарық энергиясы электр энергиясына түрлендіретін ток көзін ата?

19. Химиялық энергия электр энергиясына түрлендіретін ток көзін ата?



20.Электр зарядын өткізгіш бойында қозғалысқа түсіретін физикалық шама қандай?

Қалыптастырушы бағалау.Мадақтау сөздерКеремет!!!, Өте керемет!!!, Жарайсың!!! арқылы қолдау
Миға шабуыл.«Схемалар сыр шертеді» әдісімен суреттер бойынша ой тастау.



мына шартты белгілерді не үшін қолданамыз?


Интербелсінді тақта


Сабақтың ортасы

30 мин


Оқушыны жаңа сабақ тақырыбымен және

тақырыбымызда қолданылатын терминдік сөздермен таныстыру.



Bilimland.kz сайтынан тақырыбымызға қысқаша шолу жасау.
Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі арқылы 4 топтың оқушылары өз тақырыптарына байланысты оқулықтағы мәтіндер бойынша түсіндірме жүргізеді.

1 –топ. Токтың әсері.

2- топ. Электр тізбегі.

3- топ. Ток күші

4 – топ. Кернеу

Дескриптор :


  1. Электр тогы тізбегі бойымен өткендегі токтың әсерін түсінеді

  2. Электр тізбегі туралы түсіндіреді

  3. Электр тізбегіндегі шартты белгілерді өзара қалай қосуды біледі

  4. Ток күшінің мағынасын біледі

  5. Ток күшінің өлшем бірлігін, формуласын түсіндіреді;

  6. Кернеудің мағынасын біледі

  7. Кернеудің өлшем бірлігін, формуласын түсіндіреді;

Қалыптастырушы бағалау.

Кезінде көмек қажет ететін оқушыларға түрткі сұрақтар, нұсқаулықтар беру арқылы қолдау көрсетемін.


Жұптық жұмыс. «Конверт» әдісі арқылы жұптаса отыра тәжірибе жасау. 13- кестені қолдана отырып, берілген электр схемасындағы приборларды өзара жалғайды.
1.
2.
3.
Дескриптор :

1. Электр схемасындағы электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін біледі;

2. 13- схеманы қолдана отыра, приборларды өзара жалғайды;

3. Приборлардың көрсеткішін көре отырып, кернеу мен ток күшін мәнін анықтайды.


Қалыптастырушы бағалау.
Жеке тапсырма. «Есептеу-білімді еселеу» әдісі арқылыоқушылар деңгейлік есептерді шығарады.


№1(А)

№2(С)

№3(В)

№4(В)

№5(С)

№6(А)

№7(С)

№8(В)

№9(А)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет