Сергіту сәті: Формула табу. Мұғалім конветтен хат оқиды: «Балалар, менің атым- Физика. Мен өте зерек, алғыр бала болып өстім. Үйде ата- анамды, мектепте ұстаздарымды сыйлайтынмын. Мектеп кезінде оқи жүріп «Табиғат» тақырыбында ғылыми жұмыс қорғап, содан бері табиғаттағы өзгерістер мен болмыстарды зерттейтін ғылым болдым. Зерттеу барысында көптеген формула кездеседі. Көмектесе отырып, бір- бірімізді жетілдірейікші балалар!»
Бір күндік режимдегі өз өмірімді баян етейін. Мен таңертең ерте тұрамын.Неліктен? (Жер күнді айналады). Жаттығу жасаймын, иілемін, отырып тұрамын. Ненің әсерінен? (деформация). Гир көтеремін. Ненің әсерінен? (Ға= mg). Шай қайнатып (=). Үрлеп суытып (жылу өткізгіштік) тез- тез ішіп, жылдам сабаққа барамын (=). Бірінші сабақ – қазақ әдебиеті. Апайымыз халық ауыз әдебиетінен мақал үйретті. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді(диффузия). Саусақ бірікпей, ине ілінбейді(Fүйк= μN). Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады (F = ). Қоңырау соғылды. Ненің әсерінен? (Дыбыс толқындарының тербелісінен). Далаға жүгіріп шыққанымда алдымнан ірі денелі адам шықты. Соқтығысып қалған мен кейін шегініп барып отырып қалдым. Неге? (). Әттең, салмағымның аз болғанын-ай! (P = mg).
Екінші сабақ дене шынықтыру болды. Жүгірдік, массасы әр түрлі гир көтердік. (m= ρv). Серіппе арқылы күш жинадық. (F = kx). Секіргенде қандай энергия шығындалады? (Ep= mgh) Сабақты бітіріп, үйге бет алдым. Қарным аш неге? (Ek = ). Тамақтың қақпағын ашып жатып, ой келді. Неге ұстағышты ортасына, ал есікке тұтқаны шетіне салады екен деп? ().
Күз мезгілі(жердің күнді айнала қозғалуы). Далаға бір мезгіл ойнауға шығып, жапырақтардың жерге түсіп жатқанын көрдім. ( F= G ). Адамдар жүннен тоқылған киім киіп бастады. Неге? (жылу берілу, өткізгіштік). Күн суытқан соң үйге кіріп, отқа ағаш салдым (q= ). Кеш батты. Жарықты жақтым. Қосқышты басқанымда жарық жанды. ( I = ). Сабағымды оқыдым. Көздің көруінің әсерінен (оптика). Сабаққа дайындалып болғасын киім жууға кірістім. Кірді суға салдым. Судың қысымы төменгі жағында көп болады. (P = ρ g h). Суға салған кірім де, ұнтағым да төмен бата берді. Тек қалтамдағы ағаш тіс шұқығыш су бетіне шықты. Неге? (Fa = ρ g V). Жуып, жайдым.
Киімімді кептіріп, үтік бастым. Қуатын аз қылып жұқа киімді, қуатын күшейтіп, қалың киімді үтіктедім. (N= ). Кеште барлығымыз тамақтанып, теледидардан жаңалық тыңдап ұйқыға кеттік.
Данышпан балалар тапқандарыңа рахмет!
Ескерту: жақшадағылардың барлығы кеспе қағаздарда шашылып жатады. Өздері тауып мұғалімге көрсетуі тиіс.
Бекіту кезеңі: 29- жаттығу.
Радиоқабылдағыштың тербелмелі контур конденсаторының сыйымдылығы 50 пФ-дан 500пФ-ға дейін жайлап өзгереді. Егер индуктивтілік 20мкГн-дан болса, онда қабылдағыш қандай толқындар аралығында жұмыс істейді?
Берілгені: Формула: Есеп шығару:
С1 = 50 пФ λ2 3*108 м/с * 2*3,14*
С2 = 500 пФ λ23*108 м/с * 2*3,14* 190м
L=20мкГн
т/к: -? Жауабы: 60м- 190 м
Бағалау.
Әр оқушы сабақтың басынын бастап жауап берген кездерінде өз жауап парақша беттеріне жауап бергенін белгілеп отырады.
|
|
тапсырмалар
|
№
|
Аты-жөні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
жалпы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тақтаға ілінген таудың суретіне жоғарыдан төмен қарай сандар ретімен белгіленіп, жинаған ұпайы көрсетіліп, сол бойынша бағаланады.
1
8
2
«2»
9
«4»
10
3
11
4
12
5
«3»
13
6
«5»
14
7
Үйге тапсырма: § 36 түсінік айту, 29- жаттығудың 2,3-сі.
Асанова Аманай Жангельдиновна. «Болашақ селолық округінің №10 орта мектебі» КММ-сінде физика пәні мұғалімі.
Достарыңызбен бөлісу: |