Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар тақырыбына есептер шығару. Сабақтың мақсаты: білімділігі



бет2/3
Дата12.08.2022
өлшемі35,8 Kb.
#148049
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Эл есеп

Жоғары деңгей.
1.Радиоқабылдағыштың қабылдау контурындағы катушканың индуктивтілігі 1мкГн. Ұзындығы 1000 м толқында жұмыс істеп тұрған станция хабарын қабылдап жатса, конденсатордың сиымдылығы қандай?
2.Егер тербелмелі контурдағы конденсатордың сиымдылығы 200-ден 1800 пФ-ға дейін біртіндеп өзгеретін болса, радиоқабылдағыш толқындар ұзындығының қандай диапазонында жұмыс істейді?
3.Радиолакатордың электронды-сәулелік түтікшесінің горизонталь жаймасы 2 мс. Ең үлкен барлау тереңдігін табыңдар.
Тәжірбиелер.
1. Рупор мен медициналық стетоскоп.
2. Дауыстың тербелісін көруге болады.
3. Дыбысты көруге болады.
Үйге тапсырма.§ 30-37 қайталау, 5 тараудың түйінді мәселелері, бақылау жұмысына дайындалу.
Бекіту.
1.Қазақ радиосы қандай толқынжиілігеінде жұмыс істейді?
2.Күн күркірегенде қайсысын бірінші бақылайсың?
а) найзағайдың жарқылын ,
б) найзағайдың күркілін. Неліктен
3.Электромагниттік толқындар шкаласын пайдаланып, толқындарды жиіліктерінің өсу ретімен атаңдар
4.24.
Егер тербелмелі контур индуктивтігі 2∙10-3 Гн катушка мен жазық конденсатордан тұрса, ол қанадй толқын ұзындығымен сәйкестендірілген? Конденсатор астарларының ара қашықтығы 1см, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған заттың диэлектрлік өтімділігі 11-ге тең, астралар ауданы 800 см2.
4.25.
Жиілігі 200 Гц дыбыс тербелістерінің бір периоды ішінде ұзындығы 30 м электромагниттік толқында болатын тербеліс санын анықтаңдар.
4.29.
Индуктивті катушкадағы ток 0,6 с ішінде 1 А-ге өзгерткенде, онда 0,5 В-қа тең ЭҚК-і пайда болады. Контуры осы катушка мен сыйымдылығы 14100 п?Ф конденсатордан тұратын генератор шығаратын радиотолқын ұзындығы қандай?
4.32.
Егер контурдың 50 мкГн индуктивтікте толқын ұзындығы 300 м электромагниттік тербелістермен. Резонанстық бапқа келтірілгені белгілі болса, контурдың сыйымдылығы қандай?
4.34.
Қабылдағыштың кіріспе контурының индуктивтігі 10 мкГн катушкасында толқынды қабылдау барысында 4∙10-15 Дж максимал энергия жинақталады. Контур конденсаторындағы потенциалдардың ең үлкен айырымы 5∙10-4 В. Қабылдағыш қанадй толқын ұзындығына сәйкестендірілген?
4.40.
Радиоқабылдағыштың тербелмелі контуры конденсатор мен индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контур 1000 м ұзындықтағы толқынға сәйкестендірілуі үшін оның конденсаторының электр сыйымдылығы қанадй болуы керек?
4.44.
Егер тербелмелі контур индуктивтік кезінде 300 м толқын ұзындығындағы электромагниттік тербелістердің резонансына сәйкестендірілгені белгілі болса, онда контурдың ауа конденсаторының сыйымдылығын анықтаңдар.
4.45.
Тербелмелі контур индуктивтігі 10-6 Гн катушка мен астарларының ауданы 100 см2 және ара қышқытығы 3 мм ауа конденсаторынан тұрады. Контурда резонанс туғызатын толқын ұзындығын анықтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет