Бірінші рет электромагниттік өрістің затқа түрленетіні эксперимент жүзінде осылай дәлелденді. Энергияның сақталу заңы бойынша, ұшып келген -кванттың энергиясы Е=h тыныштықтағы электрон мен позитронның массасына ауысады. Минималды h энергия электронды-позитрондық жұпты құруға қажет, ол 2m0c2 –ге тең.
Ваккумде позитрон (электрон сияқты) орнықты, дегенмен заттың ішінде электрондардың біреуіне тартылады және кері процесс – аннигиляцияның нәтижесінде, энергияның және имульстің сақталу заңына сәйкес екі немесе үш -квант пайда болады.
Сонымен, «біздің әлемдегі» әрбір бөлшек (фотоннан басқасы) антибөлшекке ие. 1955 жылы эксперимент жүзінде антипротон, 1956 жылы антинейтрон, 1969 жылы аз мөлшерде антигелий атомдары, яғни антизат алынды.
Егер ядро протондар мен нейтрондардан (олардың жалпылама атауы нуклондар) тұрса, онда оң зарядты протондпрдың кулондық тебу күштерінің әрекетінен неге ядро ыдырап кетпейді? Демек, нуклондарды ядроның ішінде қандай да бір жаңа және ядроның өлшемімен салыстырғанда өте аз аралықта әсер ететін күштер ұстап тұр. 1935 жылы жапон физигі Х.Юкава алғаш рет теориямен негіздеп және ядро өрісінің кванты – ядродағы нуклондардың өзара әрекетін іске асыратын делдал бөлшектің массасын бағалаған. Олардың массасы шамамен тыныштықтағы электрон массасынан 250 есе үлкен.
Электронның тыныштық массасына 207 есе артық, оң және теріс зарядты бөлшектер протон мен электрон массаларының арасындағы аралық масса болады. Сондықтан бұл бөлшектер мю-мезондар немесе мезондар деп аталады.
Бірақ, тәжірибе көрсеткендей мю-мезондар нуклондармен де, ядролармен де, тіпті бір-бірімен өзара әрекеттеспейтін болып шықты. Сондықтан, олар ядролық өзара әрекет тасушылар бола алмайды. Юкаваның айтқан мезондары тек 1947 жылы ашылды. Осы бөлшектердің массасы m=270me, олар пи-мезондар немесе пиондар деп аталады. Пиондар атомдардың ядроларымен белсенді әрекеттеседі. Сонымен ядродағы нуклондар пи-мезондармен алмасып, олардың өзара қамтамасыз етеді.
Үлкен энергияға ие болған протондар басқа нуклондармен кездескенде энергиясының артығын жаңа бөлшектерге береді. Пайда болған бөлшектердің массасы әуелгі бөлшектің массасынан үлкен болуы мүмкін. Егер бастапқы протонның энергиясы Е=1014эВ болса, ол оның тыныштық массасынан
105 есе үлкен;
Егер ұшып келетін бөлшектердің энергияларын одан әрі арттырсақ, массалары одан да үлкен пайда болу керек. Мұндай массалары протон массасынан үлкен бөлшектер гиперондар немесе асқын ауы деп аталады.
3.Жаңа сабақты бекіту.
Сонымен,
Ғарыштық сәулелер дегеніміз не?
Бірінші және екінші бөлшектер туралы не айта аласыңдар?
Антибөлшектердің пайда болуы туралы не түсіндіңдер?
Ядролық күштер қандай бөлшектер әсерінен болады?
Мю-мезондар мен пи-мезондардың қандай айырмашылықтары бар?
4.Берілген суретпен жұмыс.
Мына суретке қарап жаңа бөлшектің пайда болуын түсіндіріңдер. Олардың тыныштықтағы массалары туралы на айта аласыңдар?
5.Үй тапсырмасын сұрау.
2-3 баланы тақтаға шығару арқылы.
6.Үйге тапсырма беру. 9.1; 9.2- оқып талдап келу.
7.Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |