Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі Сабақтың мақсаты: Білімділік


Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы



бет3/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,98 Mb.
#33623
1   2   3   4   5   6

Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Құлақшын (наушникмикрофон
ДжойстикМодем
Сабақтыбекіту сұрақтары:

-         Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.

-         Компьютердің жадының қандай түрлерін білесіңдер?

-         Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

-         Ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын ата.

-         Жадтың  сыртқы тасуыштарын сипатта.

-         -Монитордың  ажырату қабілеті дегеніміз не?

Үйгетапсырма:Дербес компьютер. Компьютерментанысу. Компьютердіңқұрылымы.

 Бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасына жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалаймын.



Тақырып: Компьютерлік графика түрлері
Мақсат: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары тақырыптары бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру, оқушыларды графикалық редакторлардың түрлерімен таныстыру.

Білімділік – Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық – Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік – Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК-лер, интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, Paint, видео

Компьютерлік графика - программалық және аппараттық кұралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

Компъютерлік графика - күрделі ақпараттық технологияның бірі. Онсыз әрбір веб-парақшаны, компьютер ойынын жасау, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес.

Компьютерлік графика модельдеудің нәтижелерін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді және кескін, сұлбалар, сызбалар жасау өндірісінде пайдаланылады. Кескінді компьютерде өңдеудің басты артықшылығы - оның түзетуін шексіз жасау мүмкіндігі.

Тарау материалдарын оқу кезінде сендер түпнұсқа кескінді және қолданыста бар кескіндердің өңдеуін арнайы программалар - графикалық редакторлар арқылы жасайсыңдар.

Компьютерлік графика түрлері

Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады: екіөлшемді (2D, 2Dimensions-ден - 2 өлшеу) және үшөлшемді (3D, от 3Dimensions-ден - 3 өлшеу).

Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.

Растрлық кескіндердің пиксельдерден тұратынын білесіңдер. Paint-те жасалған кескіндер, фотосуреттер – растрлық кескіндеудің мысалы болып табылады. Растрлық графика редакторлары тек қана сурет салуға арналмаған. Олардың көмегімен коллаждарды, фото- монтажды, суреттерді қалпына келтіруді және т.б. функцияларды орындауға болады.

Векторлық кескіндер сызықтар кесінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. Демек, программа бір-бірінен тәуелсіз редакцияланатын, өзгеретін, орналастырылатын нысандармен жұмыс істейді.

Векторлық графиканың кұндылығы - файлдардың шағын көлемде болуы. Век- торлық кескіндердің растр кескіндерінен айырмашылығы - векторлық кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді, жоғары қалпын сақтайды (40- сурет).



Өнімдерді көркемдеуде векторлың графика қолданылады (кітаптардың, баннерлердің, афишалардың, плакаттардың суреттемелері және т.б.).

MS Office қосымшаларын пайдаланып, өз композицияларың мен фигуралардан векторлық кескіндер құрған болатынсыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет