§10-11 оқу бақылау сұрақтарына жауап беру
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алгоритм түрлерімен, қызметші сөздерімен, жазу ережелерімен таныстыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, тест
Сабақтың көрнекілігі: ДК, алгоритм түрлерінің блок – сызбалары
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу
Келмеген оқушыларды белгілеу
Сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Бүгінгі сабағымызда алгоритм типтерімен танысып, алгоритм типтеріне блок – сызбалар құруды үйренеміз.
Білімді маңыздылау
Алгоритм дегеніміз не? Бұл сөз қайдан шыққан?
Алгоритмнің қандай қасиеттерін білесіңдер?
Мысалдар келтіріңдер.
Үй тапсырмасын тексеру.
Тест тапсырмасы
Ұсынылғанғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтынын көрсетіңдер:
Сөздік
Графикалық
Алгоритмдік тілде
Ағылшын тілінде
Блок – сызба алгоритміндегі іс – әрекет дегеніміз:
Эллипс (сопақша дөңгелек)
Тіктөртбұрыш
Ромб
Алтыбұрыш
Блок – сызба алгоритміндегі енгізі – шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі
Эллипс (сопақша шеңбер)
Тіктөртбұрыш
Ромб
Параллелограмм
Блок – сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі:
Эллипс (сопақша шеңбер)
Тіктөртбұрыш
Ромб
Параллелограмм
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Алгоритмнің 3 түрі болады: сызықтық, тармақталған және циклдік.
Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритмді сызықтық алгоритм деп атаймыз.
Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады.
Орындалатын әрекеттер
Терезеге қара
Қолшатыр ал
Кейде алгоритм бұйрықтарын орындау барысы шартқа
тәуелді болады. Мысалы, далада жаңбыр жауып тұрса, қол
шатыр алу керек; ал егер жаңбыр жаумаса, онда қолшатыр жоқ
алудың қажеті жоқ. Мұндай алгоритмнің түрлері
т
Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритмді тармақталған алгоритм дейміз.
армақталған алгоритм деп аталады.
иә
Тармақталу алгоритмінде міндетті түрде шарт қойылады.
Шарт – тексеру нәтижесінде «иә» (ақиқат) немесе «жоқ» (жалған) логикалық мәндерін қабылдайтын логикалық өрнек немесе пікір.
Циклдік алгоритм дегеніміз – іс – әрекеттердің тізбегі бірнеше рет қайталанып отыратын алгоритмдер. Циклдік алгоритмнің блок – сызбасы:
серия 1
жоқ
Жаңа білімді бекіту (оқулықпен жұмыс)
Тест тапсырмасын орындау
Егер алгоритмдегі іс – әрекет бірінен кейін бірі қатаң түрде орындалса...алгоритм деп аталады.
Сызықтық
Тармақталған
Толық емес формадағы тармақталған алгоритм
Тармақталған элементтері бар сызықтық алгоритм
Толық және толық емес формадағы алгоритмді не деп атаймыз?
Сызықтық
Тармақталған
Ондай алгоритм жоқ
Таңдау алгоритмі
Тармақталу алгоритмінің блок – сызбасындағы шарттың берілуі қандай фигурамен сипатталады:
Тіктөртбұрыш
Эллипс (сопақша шеңбер)
Алтыбұрыш
Ромб
«Егер сағат кешкі 11 болса, онда ұйықтау керек, әйтпесе кітап оқу керек». Қандай алгоритм?
Сызықтық
Тармақталу алгоритмінің толық формасы
Тармақталу алгоритмінің толық емес формасы
Аралас түр.
Қорытынды.
Бүгінгі сабақта біздің білгеніміз:
Үйге тапсырма
§10-11 оқу бақылау сұрақтарына жауап беру
Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритм
Мақсаты: Тармақталу алгоритміндегі қызметші сөздердің аудармасындағы операторлармен және операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету
Әдіс-тәсілдер:Жеке, жұптық, топтық жұмыс, АКТ
Керекті жабдықтар: Информатика оқулығы, интерактивті тақта, компьютер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткенді қайталау
1.Алгоритм дегеніміз не?
2. Атқарушы дегеніміз не?
3. Алгоритм қасеттері дегеніміз не?.
4. Блок-схема - бұл
5. Алгоритмнің қандай түрлерін білесің?
6. Қандай алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады?
Жаңа тақырыппен жұмыс:
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу
алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер , then(зен) – онда , else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE.
Толық оператордың жазылу түрі:
{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF <шартты өрнек>
THEN <1 оператор>
ELSE <2 оператор>;
ІІ топ Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен
кейінгі оператор орындалады.
Қысқа оператордың жазылу түрі:
IF <шартты өрнек>
THEN <1 оператор> ;
IF шартты операторы: IF(егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің
ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы:
IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (boolean-
бульдік) типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE ақиқат болса, онда THEN (онда) ELSE (әйтпесе) сөзінен
кейінгі 2-оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда шарт мәні FALSE(жалған) болса, онда ELSE сөзінен кейінгі
2- оператор орындалып, 1-оператор орындалмайды. IF операторы бірінің ішіне бірі кіріп, қабаттасып та орындала
береді.
Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:
Алгоритмдік тілде жазылуы
|
Pascal тілінде жазылуы
|
және
немесе
емес
|
and
or
not
|
Жалпы түрде шартты к1 к2 түрінде қарастыруға болады, мұнда -салыстыру белгілерінің бірі, к1,к2 тұрақты айнымалы
немесе кез-келген өрнек болуы мүмкін. Бір мезгілде бірнеше шартты немесе , яғни күрделі құрама шартты жазу үшін
логикалық амалдарды пайдалануға болады.
Логикалық амалдарда шартты оператор оқу мен түсіну жеңіл болуы үшін оны сатылы түрде былай жазу қалыптасқан:
Шартты оператордыңм жалпы түрдегі тармақталуы
Шартты операторда құрама оператор жиі пайдаланылады:
IF <логикалық өрнек>
THEN
BEGIN
1-оператор;
2-лператор;
................
n -1 оператор;
n- оператор;
END.
Оқулықтағы тақырып бөлігімен өз бетімен танысу, түсінгендерін топқа айту, талқылау.
Берілген тақырып бөлігін топта талқылай ды, түсінгендерін баяндайды, бір-біріне түсіндіреді.
Қорытынды
1.Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
Қадамдардың тізбектеп орындалуы шартқа байланысты болатын алгоритм
2.Тармақталу операторының толымды түрі
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі
оператор орындалады
3. Блок-сызбада шарт қай блоктың ішіне жазылады?
Блок-сызбада шарт тексеру блогына ромбқолданылады.
4.Егер if
5.Онда then
6.Әйтпесе else
Бағалау:
Үйге тапсырма: Тармақталған алгоритм
Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритм
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолдананып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру. Осындай есептеулерді орындаған кезде циклді алгоритмдерді құрудағы білімдерін арттыру. Циклдік алгоритмдердің сызба-нұсқаларын құрып, соған байланысты алгоритімін құруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін дамыту. Қайталау барысын орындау алдында оның аргументінің параметрінің алғашқы мәнін енгізу арқылы , оның қадамын орнату жағдайларын қарастырып, циклдерге деген білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы оқушыларды цикілдің мәнін ұғуға тәрбиелеу. Оның қайтымдығына өмірмен байланыстырап, мысалдар кертілу арқылы өмірдің қайтымсыз екндігіне көз жеткізу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру
Өткенді қайталау
Тапсырмалар
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Үй тапсырмасын тексеру:
Алгоритм дегеніміз не?
А) іс-әрекеттің ретсіз орындаруы В) іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы
С) тармақталу алгоритмі D) қандай да бір іс-әрекеттің орындалуы
2. Алгоритмнің түрлері?
А) сызықтық, циклдік В) тармақталу, сызықтық, негізгі
С) сызықтық, тармақталу, циклдің D) негізгі, қосымша
3. Алгоритм ұғымын енгізген ғалым
А) Мухаммед Әл-Хорезми В) Билл Гейтс
С) Лейбнец D) Робертсон
4. Aлгоритмнің қасиеттер.
А) түсінікті, толық В) негізгі, қосымша
С) қарапайым, күрделі D) айқындылық, үзіктілік, нәтижелік, жалпылық, формалдылық
5. Тармақталу алгоритмінің негізгі түйінді сөздері
А) басы, соңы В) алг, арг
С) егер, онда, әйтпесе, бітті D) енгізу, шығару
2-кезең: Қайталау сұрақтары:
Алгоритмдерді неше тілде көрсетуге болады?
Алгоритмдік және графикалық тілдерді түсіндір
Байланыс сызықтары деген не?
Блоктардың неше түрі бар?
Меншіктеу командасы қалай жазылады? Ондағы айнымалылар.
Командалардың неше түрі бар?
Алгоритмдердің түрлерін ата.
Тапсырмалар:
Мысалы: 1, 3, 5, ... , 15 сандар тізбегі берілген. Осы тізбектің квадраттарының кестесін құру керек.
Берілген: х= 1
Қажетті формула: x:= x2
Блок - схема
|
Алгоритм
|
X=1
Иә Жоқ
y=x2
соңы
x, y
x=x+2
|
алг квадраттар кестесі
нәт бүт у
басы бүт х
х:= 1;
әзір x<=15
цб
у:= х2
шығару х, у;
х:= х+2;
цс
соңы
|
1. 20 саннан бүтін сандар тізбегі берілген, осы сандардың ішінен 5 санынан үлкен сандар қашан екенін анықтайтын алгоритм және сызба-нұсқа құр.
2. 10 саннан бүтін сандар тізбегі берілген, осы сандардың ішінен 4 санынан кіші сандар қашан екенін анықтайтын алгоритм және сызба-нұсқа құр.
Бекіту:
1. электронды оқулығынан тапсырмаларды орындау
Үйге тапсырма: Ережелерді жаттап келу. Сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдерге ойдан есеп құрастырып алгоритмін және блок-схемасын құрастыру.
Бағалау.
Сабатың тақырыбы: Циклдік алгоритмдер
Сабақтың мақсаты:цикілдік алгоритм түсінігін енгізу, циклдік құрылымды алгоритмнің блок-сызбасын құруды үйрету.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Көрнекілік:презентация, тапсырма парақтары, видео, бағалау парағы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгендеу;
Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
II Үй тапсырмасын тексеру.
1. Алгорит дегеніміз не?
2. Алгорит түрлерін атаңдар.
3. Тармақталған алгоритм дегеніміз?
4. Сызықтық алгоритм дегеніміз?
5. Блок-сызба алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі.
6. Алгоритмді жүзеге асырушы.
III. Жаңа материалды оқып-үйрету.
Есептерді шығару кезінде әрекетттерді анықтайтын параметрлердің әртүрлі мәндерінде біртипті әрекеттерді бірнеше рет қайталау қажеттілігі туындайды.
Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдік деп, ал бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі цикл денесі немесе циклдер деп аталады.
Қоржынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар, сол қызыл асықты табудың алгоритмін құрыңдар. Мысалы,ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз және т.с.с.
Қызыл асық табылғанша берілген мысалдағы осы іс-әрекет қайталана береді. Бұндай алгоритмдерді циклдік алгоритм дейміз.
Алгоритмнің бірнеше рет қайталануын циклдік алгоритм деп атайды
Асықты іздеу алгоритміне мысал
Серия
жоқ
иә
Қоржынға қолды салып, қызыл асықты табу
иә
жоқ
Сабақтың тақырыбы: Тест жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін бақылау
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: бақылау.
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
6 сынып І жарты жылдық тест
ІІ нұсқа
1Компьютер жады қандай түрге бөлінеді?
A)дискеттержәне сыртқы B)дискілер, дискеттержәнет.б C) винчестер және ішкі D) ішкі және сыртқы
2ЭЕМ құрылғыларына қызмет ететін программалар
A)драйверлер B)жүктеушілер C)хабарлағыштар D) компилятор
3Компьютерлік вирустардан қорғану бұл:
A)вирустардың кіруін болдырмау B) ДК-ге вирус енсе, оларға қарсы шабуылды болдырмау
C)қиратушылық әрекеттерді болдырмау. D)барлық жауаптары дұрыс
4ДК процессорының негізгі қызметі
A)ақпаратты сақтау B) ДК құрылғыларының жұмысын басқарады.
C) ДК жадын басқарады D)ақпаратты алып, оны сақтайды
5Енгізу құрылғыларына жатады:
A)тышқан, клавиатура, сканер B) клавиатура, монитор, тышқан
C) принтер, клавиатура, монитор D) процессор, клавиатура, тышқан
6Оқушы мазмұндама жазып отыр. Оқушы қандай ақпараттық үрдістерді орындауда?
A)қабылдау және беру B)қабылдау және өңдеу C) қабылдау, өңдеу, сақтау D) қабылдау, сақтау, беру
7 Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды?
A) техникалық, математикалық, бейнелік B) символдық, мәтіндік, графикалық
C) мақсат, міндет. D) аналықтақша, жүйелік блок
8.Ақпараттарды бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі
А) сигнал Ә) код Б) ақпарат
9.Ақпараттың өлшем бірлігі
А) бид,байт Ә) код,бит Б) бит,байт
10. Компьютердің ең басты бөлігі немесе «миы»
А) монитор Ә) жүйелік блок Б) процессор
11Драйвер дегеніміз -
A)ақпаратты ұзақ сақтау құрылғысы; B)енгізуқұрылғысы;
C)компьютерге жаңа сыртқы құрылғыны қосуға мүмкіндік туғызатын құрылғы;
D)нақты сыртқы құралыммен басқаратын бағдарламма.
12Қолданбалы БҚ кіреді:
A)бағдарламалау тілі; B)операциялық жүйелер; C) диалог сырты; D)мәтіндік редакторы.
13Жүйелік БҚ тұрады:
A)бағдарламалаутілі; B)операциялықжүйелер; C) диалог сырты; D)мәтіндік редакторы.
14«Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
A)Мұхаммедәл-Хорезми атының латынша айтылуынан B)Латынныңa lgoritm сөзінен
C)Мұхаммедәл-Хорезми атының арабша айтылуынан D)әл-Фараби атының латынша айтылуынан
15Алгоритм дегеніміз не?
A)Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері
B)Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
C)Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым
D)Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау
16Блок-схемада қандай геометриялық фигураларды қолданбайды?
A)төртбұрыш, ромб B)стрелкалар, параллелограм C) ромб, параллелограм D)шеңбер, үшбұрыш
17Паскаль тілі қай жылдарда жасалды?
A) 1965 - 1968ж B) 1985-1987ж C) 1968 - 1971ж D) 1963 - 1970ж
18Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым:
A) физика B) информатика C) математика D) химия
19Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал
A) термометр B) принтер C) калькулятор D) компьютер
12«information» сөзі қанша биттен тұрады?
A) 42 B) 88 C) 56 D) 16
Ответы:
B
D
B
D
A
D
B
A
C
D
AC
BD
C
B
C
D
B
A
C
A
D
B
D
A
A
D
C
B
|
Тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттер енгізу әдіс - тәсілдерін үйрету, көрсету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Құжаттарды безендіруге, әртүрлі суреттерді енгізу түрлерін білу қажет.
3. Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта ҚЕ сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, суреттер, карточкалар, электронды оқулық. MS Office программалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме? Сыныпты түгендеу.
1. Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.
2. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
«Теңіздегі шабуыл» ойыны
А1: MS WORD қандай программа?
А2: MS WORD редакторын қалай іске қосамыз?
А3: Жаңа құжатты қай менюдің көмегімен ашамыз?
А4: Құжатқа кестені қалай орнатамыз?
Б1: батырмасының қызметі?
Б2: батырмасының қызметі?
Б3: батырмасының қызметі?
Б4: батырмасының қызметі?
В1: батырмасының қызметі?
В2: батырмасының қызметі?
В3: Мәтінді енгізгенде ENTER пернесін қай кезде басу керек
В4: Бас әріп салу үшін қай пернені басулы күйде ұстап тұрамыз?
Г1: Бас әріптер режимін қосатын перне қалай аталады?
ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе
1. Мәтіндік процессор? – WORD
2. Септік жалғауы? – ТЫҢ
3. Ағылшынша ‘’grapho’’ сөзінің қазақша, орысша аудармасы қандай? – ГРАФИКА
4. Сын есім тудыратын жұрнақ? – ЛЫҚ
5. “Возможности”- сөзінің қазақша аудармасы қандай? – МҮМКІНДІКТЕР
Осы сөздерден «Word - тың графикалық мүмкіндіктері» деген сөйлем бүгінгі тақырыбымыз ашылады.
ІV. Жаңа сабақ
Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа графикалық мүмкіндіктерін енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары:
1. Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
2. Вставка - Рисунок - Картинки командасын орындайсыңдар.
3. Коллекция картинок командасын орындайсыңдар.
4. Избранное терезесі ашылады.
5. Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft OFFICE бетін ашасыңдар.
6. Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажетті бөлімді таңдап, оң жақ бөліктен қажетті суреттің жанындағы стрелка батырманың үстінде маус батырмасын шертесіңдер.
7. Шыққан динамикалық менюден Копировать батырмасын шертесіңдер.
8. Терезені жауып, сурет енгізетін жерге курсорды қойып, Правка - Вставить командасын орындайсыңдар.
9. Сонда сурет мәтінге кірістіріледі.
10. Суреттің өлшемі ұнамаса оны кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Ол үшін суреттің үстінде маустың сол жақ батырмасын бір рет шертіңдер. Суреттің жақтауларында сегіз төртбұрыш пайда болады. Сол төртбұрыштардың үстіне маус нұсқағышын апарсаңдар екі жаққа бағытталған стрелка пайда болады. Сол стрелка бағытымен суреттің өлшемін маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап созып өзгертуге болады.
11. Суреттің өлшемін өзгерткен соң оның үстінде маустың сол жақ батырмасын шертіп, Формат рисунка командасын орындаңдар. Формат рисунка терезесінде Положение қосымшасында шертіңдер де, Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастаңдар. ОК - ді басыңдар. Енді суреттеріңді қалаған жерлеріңе апарып қоюға болады.
12. Кірістірген сурет мәтіннің оң жақ немес сол жақ шетінде орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау керек. Одан кейін қажетті жағдайды таңдап ОК - ді басу керек.
Фигуралық мәтін кірістіру.
Егер мәтіннің тақырыбын немесе мәтін ішінде кездесетін ерекше сөздерді әдемілеп жазу керек болса, онда фигуралық мәтін енгізуге болады.
Ол үшін:
1. Меңзерді фигуралық мәтін орналасатын жерге қойып, Вставка - Рисунок - Обьект WORDART командасын орындау керек.
2. Коллекция WORDART терезесінде ұнаған қаріп стилін шертіп, ОК - ді басыңдар.
3. Изменение текста WORDART терезесі пайда болады. Ондағы Текст надписи өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіңдер де, ОК - ді басыңдар.
4. Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі әдіс-тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: MS Word бағдарламасымен жұмыс істеу, оқушыларға мәтін абзацын пішімдеу, туралау, жоларалық интервалдарды үйрету барысында оқушылардың білімін жүйелей, жетілдіре отырып, өз бетінше еңбектенуге, компьютерлік білімділікке үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік мәдениеттілікке, ұлт танымдылыққа, және уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында өз бетінше және топпен жұмыс жасай алуын, іскерлік, шығармашылық ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылығын дамыту. Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ, жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндірмелі - демонстрациялау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті белсенді тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер, WordPad редакторы, флипчарт, таратпа қағаздары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
(Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру, назарларын сабаққа аудару, стикерлер арқылы топқа бөлу, топ басшысын сайлау, топтағы әрбір оқушының қолдарына өзін - өзі бағалау парақтарын тарату ).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (4 мин)
«Түймедақ құру» ойыны
(Оқушыларға қиынды таратпа қағаздарымен өткен сабақ бойынша әр түрлі сұрақтар беріледі. Сол сұрақтардың дұрыс жауаптарын пайдалана отырып топпен түймедақ құру керек.
ІІІ. Жаңа сабақ (10 мин)
Оқушыларға флипчарт, түрлі түсті маркер, желім және Microsoft Word бағдарламасының суреттерін бейнеленген қиында қағаздар таратылады. Топтағы әрбір оқушы Microsoft Word бағдарламасы тақырыбын кітаптан оқып, қиынды қағаздарды желімдеп жапсырып, әр қиынды қағаздың қандай әрекет атқаратынын жазады. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыстар атқарады. Оқушылар өздері оқып тапқан ақпарат туралы топқа түсіндіреді. Қосымша ақпарат болса толықтырып жазады. Microsoft Word бағдарламасы тақырыбына арналған слайд көрсетіледі.
Пішімдеу панелі:
- стиль
- шрифт
- шрифтің размері
- жартылай қарайтылған
- курсив
- асты сызылған
- ортасы бойынша туралау
- оң жақ шеті бойынша туралау
- оң және сол жақ шеті бойынша туралау
- нөмірлеу
- маркер қою
- түспен бояу
- шрифт түсі
Форматтау режимдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:
– жартылай қалыңдалған (полужирный),
– курсив,
– асты сызылған (подчеркнутый)
Мәтінді пішімдеу, редакциялау
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі пішімдеу деп аталады.
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс (8 мин)
Сергіту сәті (1 мин)
ІІ тәжірибелік жұмыс (7 мин)
V. «Кім білгір» ойыны арқылы сабақты бекіту (5 мин)
1. Пішімдеу дегеніміз не?
2. Парақтың түсін ауыстыру командасы?
3. Enter пернесінің қызметі?
4. Курсордың алдындағы символды қандай перне өшіреді?
5. Мәтіннің Түсін қалай ауыстырамыз?
6. Қандай батырманы басу арқылы қатар қосуға болады?
7. Мәтіндік редактордың кеңейтілімі?
8. Соңғы әрекетті болдырмау командасы
9. Мәтіннің интервалын өзгерту батырмасын көрсет
10. Пернетақта көмегімен мәтінді қиып алу, көшіру, қою әрекетін ата
VI. Бағалау (3 мин)
(Оқушылар өздерін бағалап, топ басшылары бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады, мұғалім өз бағасын қойып, ортақ қорытынды бағаларын айтады )
VIІ. Үйге тапсырма (2 мин)
4. 8 тақырып 66 - 68 бет оқып келу
VIІІ. Рефлексия (2 мин)
Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз – бір тілек әдісімен толтыру.
Сабақтың тақырыбы: Кесте, кестені құру. Кестені редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға Microsoft Word 2010 бағдарламасында кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау туралы ақпарат беру.
Дамытушылық:оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, берілген тапсырманы уақытында орындау;ақыл - ойлауын, танымдық қабілетін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды топпен, жұппен жұмыс істеу барысында ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ – жауап, жаңа сабақты түсіндіру,
өткен тақырыпты қайталау, практикалық жұмыс.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ноутбук, интерактивті тақта,слайд, кеспе қағаздар, сөзжұмбақ,
оқулық, жұмыс дәптері, бағалау парағы.
Сабақ өткізу формалары: жеке, топтық, деңгейлік.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі
«Білу». Үй тапсырмасын тексеру
«Түсіну». Жаңа сабақ
«Талдау». Сергіту сәті
«Қолдану». Практикалық жұмыс
«Жинақтау». Сабақты бекіту сұрақтары
«Бағалау» Оқушылардың білімін бағалау
Рефлексия
Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Оқушыларды екі топқа бөлу.
2. «Білу».Үй жұмысын тексеру.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
1 – топ (жұптары) 2 – топ (тақтары)
Мәтіндік процессор дегеніміз не?(Бұл қарапайым мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге ,пішімдеуге мүмкіндік беретін программалар түрі)
Microsoft Word 2010 программасын іске қосу үшін қандай командаларды орындаймыз? (Пуск (Іске қосу) – Все программы (Барлық программалар) – Microsoft Оffice - Microsoft Word 2010)
Құжат дегеніміз не? (Мәтіндік процессорлар арқылы құралған кез – келген мәтін құжат деп аталады)
Абзац дегеніміз не?(Бұл Enter пернесін басқанда абзац белгісінің арасына қойылатын символдар жиыны)
Жоларалық интервал дегеніміз не?(Абзацтағы мәтін жолдарының арасындағықашықтықты вертикаль бойынша анықтайды. Абзацтың жоғары және төмеңгі бос аралығының өлшемі абзац аралық интервал деп аталады)
Сәйкестендіру .Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
Дұрыс жауабын сызықшамен сызу арқылы көрсетіңіз.
1 - топ
|
Мәтінді туралау
|
|
Ағымдағы құжатты сақтау
|
|
Мәтіндік құжатты ашу
|
|
Астын сызу
|
|
Кірістіру
|
|
Қаріп
|
|
Мәтіндік құжатты басып шығару
|
2 – топ
|
Мәтіннің өлшемі
|
|
Мәтіндік құжатты бағандарға бөлу
|
|
Құжатты алдын ала қарап шығу
|
|
Стиль орнату
|
|
Шегіністер
|
|
Жартылай қалың
|
|
Жаңа құжат құру
|
3.«Түсіну». Жаңа сабақ
Біз кесте ұғымымен бұрыннан таныспыз. Мысалы сендер қандай кесте түрлерін білесіңдер? Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік редакторында кесте құруды жеңілдетеді.
Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз.
Кесте, кестені құру. Кестені редакциялау.Кестеге мәліметтер енгізу және пішімдеу.
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.
Кесте құрудың үш әдісі бар:
1-әдіс.Мәзір жолы:Кестеà ҚоюàКесте
2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
3-әдіс. Мәзір жолы: КестеàКесте сызу
1 әдіс. Мәзір жолы: Кестеà ҚоюàКесте
Word мәтіндік редакторында кестелерді құру үшін:
ЛентаныңКірістіру (Вставка) қосымша бетіндегі,Кесте тобынан Кестені кірістіру (Вставка таблицы) бөлімін таңда. Экранда Вставка таблицы диологтік терезесі шығады. Число столбцов өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі. Число строк өрісіне кесте жолдарының санын енгізіп, ОК батырмасын шертсек жеткілікті.
2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
1>2>1>
Достарыңызбен бөлісу: |