Пәні: тәрбие сағаты
Сыныбы:6 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген- Елбасы»
Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері
Барысы:
Мұғалім:- Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды. Осыған орай лицей бойынша апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кеш ұйымдастырылады. Сөйтіп біз де өз сыныбымызда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз
Мен- қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? Өйткені
1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
- Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?
Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады. Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп, түсіндіремін.
«Балалық шағы»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.
Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
Нұрсұлтан- металлург
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Президенттің саяси өмірбаянының бастауы
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
• 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы
«Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
• 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
•1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
• 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
• 1998 жыл 10 маусым Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.
• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жаңарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
Сөзін жазған Жұмекен Нажмединов /1956 жыл/ және Нұрсұлтан Назарбаев /2005 жыл/.Әні Шәмші Қадыаяқовтікі, 1956 жыл.
«Ғылыми атақтары»
Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыың, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
• Басқа лауазымдары мен мансаптары
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.
*ОБСЕ - нің бас төреғасы
«Елбасы отбасымен»
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы;
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады;
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Мұғалім: - Санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі, - деп 21 жыл ішінде елімізде болған жақсы істерге шолуды қорытындылаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |