Сабақтың тақырыбы: Есеп +2, -2 Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі33,53 Kb.
#28258
түріСабақ
Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бегалиева Балымша Камалбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Есеп +2, -2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қосындыны табуға берілген есептің құраушы бөліктері мен шығару үдерісінің кезеңдері туралы оқушылардың түсінігін тиянақтау, қосу кестесінің 7+2 және 8+2 жағдайларын есептеулер жүргізуде қолдану білігін, теңдіктер мен теңсіздіктер туралы түсініктерді тиянақтау

Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге, туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарауға баулу; болашақ табиғат жанашыры болатын, рухани жан дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастырып, өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, ойын, есептер шығару, сергіту сәті

Сабақтың формасы: Ұжымдық, жеке

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі

Сабақтың көрнекілігі: Слайд-презентация, гүл қималары, суреттер
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық

Оқушылар:

Сабаққа біз даярмыз.

Жалқаулықты қоямыз

Үздік оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз

Мұғалім:

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда табиғат аясына серуенге шығамыз. Ең алдымен, жасыл-желекті орманға барамыз.

(Әдемі әуен естіліп тұрады)
ІІ. Білімді еске түсіру

Орманды аралап келе жатқанымызда, алдымыздан қурап, көктемей тұрған мына ағашты көріп қалдық. Осы ағашты білім нәрімен көркейтейік. Бұл қандай ағаш екен?

Ол үшін өткен сабақты еске түсірейік:


  1. 5+2

  2. 6+2

  3. 4+2

  4. 4-2

  5. 7-2

Қызықты математикалық ойындар
Көлден ұшты 5 қаз

Қайтып қонды 2 қаз

Қонбады оның нешеуі?

Қане, кім тез шешеді?
6 алманың 2-ін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

ІІІ. Есептер шығару

Оқулықпен жұмыс

Орманның ішін аралап келе жатып, шашылып жатқан қоқыстарды көрдік. Орманға қоқыс тастайтын кімдер? Ормандағы қоқысты тазалау үшін есеп шығаруымыз керек.


1-тапсырма

Арман – 4 машина

Ермек – 2 машина

Барлығы - ?

4+2=6

Жауабы: 6 машина


ІҮ. Сергіту сәті

Қимылдатып саусақты


Оңға, солға бұрап көр.
Ұстап көріп жапырақты
Әсем бейне құрап көр.
Сырт-сырт, сырт-сырт
Шықсын даусы
Келесі саяхтақа баратын жеріміз – қорық. Қорық дегеніміз - табиғатты, өсімдіктер мен жануарларды қорғау үшін қамқорлыққа алынған жер болып табылады. Қорықта әр түрлі аңдар мен құстар қорғауға алынады. Берілген есептерді шығару арқылы аңдар мен құстардың атын білуге болады.
2-тапсырма.

Тура теңсіздіктер Тура емес теңсіздіктер

10>3 0>2

2 > 1 5>6

7<9 9<8
3-тапсырма

2-2=0


2-1=1

2-0=2
Балалар, келесі баратын жеріміз – «Жасыл ел» ұйымы. 2005-2007 жылдары Елбасымыздың бастамасымен «Жасыл ел» жастардан құрылған еңбек жасақтары құрылды. Ұйымның жастары орман шаруашылығын дамытуға, елдімекендерді көгалдандыруға, ағаш отырғыз жұмыстарына үлес қосады. Біз де сенбілікке шығып, ауылымызға, мектеп ауласына ағаштар отырғызу арқылы көгалдандыруға ат салысамыз.


Ү. Өзіндік жұмыс

4+1= 7-2=

5-2 = 8+1=

6+1= 9-2=


Келесі кезекте туған ауылымыз Иіркөл ауылына келдік. Жазған сандарымыз қандай әдемі болса, біздің ауылымыз да сондай көркем болмақ! Сондықтан берілген сандарды анық, таза, әдемі етіп, жазу дәптеріне түсірейік.

696

969
ҮІ. Сабақты қорытындылау
Не үйрендім? Не білдім?
4+2= 5+2=

7+2 = 3+2=



8+2= 6+2=
ҮІІ. Үйге тапсырма

  1. Геометриялық фигураларды салу, бояу

  2. 4-тапсырманы орындау


Бағалау. Сабақ барысында көп гүл қимасын жинаған оқушыларға алғыс жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет