Мақсаты: есімдік туралы жалпы түсінік, өздік есімдігінің анықтамасы, мағыналық, тұлғалық белгілері, қолдану ерекшелігі туралы түсінік беру; оқушылардың өз ойларын жүйелі, сауатты, дәлелді жеткізе білуге үйрету; адамгершілікке, жауапкершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу. Көрнекілігі: тірек - сызба, интерактивті тақта, ойын түрлері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. - класс ұжымымен амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару - сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін нәтижені анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тиянақтау. Теориялық бөлімі.(Сұрақ - жауап әдісі) Интерактивті тақтада өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтары беріледі. - Балалар сөз таптары дегеніміз не? - Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата. - Есімдік дегеніміз не? Есімдіктің неше түрі бар. - Біз есімдіктің қандай түрлерімен таныстық? Оқушылар: Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар екенін, зат, сын, сан есімдермен танысқандарын, осы үш есім сөздердің орнына қолданылатын сөзді есімдік деп аталатынын, оның жеті түрі бар екенін айтып пысықтайды. Практикалық бөлімі. Сілтеу есімдіктерін қолдана отырып қалаған тақырыптарына жазған әңгімелерін оқып, сілтеу есімдігінің мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталып өту. (Бұл, сол, ол сияқты сілтеу есімдіктеріне көптік, септік жалғаулары жалғанғанда, түбір соңындағы – Л - дыбысы түсіп қалады. Ал осы есімдіктерге тәуелдік жалғау жалғанғанда түбір соңындағы – Л - дыбысының орнына – Н - дыбысы жазылады. Бұл, сол, ол есімдіктері ауызекі тілде бұ, со, о қолданылатыны да ескертіледі)
ІІІ. Жаңа сабақ. «Өздік есімдігі» Мұғалім: - Есімдіктер өте ерте заманда пайда болған сөздер қатарына жатады. Есімдіктің жеті түрі бар. Олар: жіктеу, сұрау, сілтеу, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық. Бүгінгі танысатынымыз өздік есімдігі. Өздік есімдігі бір ғана сөз арқылы жасалады. Ол - «өзі» сөзі, өздік есімдігі мағынасы жағынан адамның өзіне тән нәрсені білдіреді. Көбіне түбір мағынада қолдана бермей, тәуелдеулі, септеулі, жіктеулі, көптеулі түрінде қолданылады. Мысалы: Жақтары ---------------------- Тәуелдеулі түрі ------------- Тәуелдеулі түрінде жіктелуі І - жақ -------------------------- Менің өз - ім ---------------- Мен өзім - мін ІІ - жақ ------------------------- Сенің өз - ің ------------------ Сен өзің - сің ІІ - жақ(сыпайы түрі) ------ Сіздің өз - іңіз --------------- Сіз өзіңіз - сіз ІІІ - жақ ------------------------ Оның өз - і ------------------- Ол өз - і
Септіктер ---------------- Жекеше түрі -------------- Көпше түрі Атау септігі -------------- Өзім ------------------------- Өздерің Ілік септігі --------------- Өзім - нің ------------------ Өздерің - нің Барыс септігі ----------- Өзім - е --------------------- Өздерің - е Табыс септігі ----------- Өзім - ді -------------------- Өздерің - ді Жатыс септігі ----------- Өзім - де ------------------ Өздерің - де Шығыс септігі ---------- Өзім - нен ----------------- Өздерің - нен Көмектес септігі ------- Өзім - мен ---------------- Өздерің - мен
Оқушылардың санасында жаңа тақырыпты бекіту үшін өздік есімдіктің тәуелдеу, жіктеу, септеу үлгілері интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Оқушыларға тақырып толық түсіндірілген соң, өздік есімдігі дегеніміз нені білдіреді, анықтамасы қалай айтылады, кім жауап береді?- деген сұрақтар қойылып, тақырып пысықталады. «Өздік есімдігі - деп, белгілі бір нәрсені, қимылдың, адамның өзіне тән екендігін білдіретін есімдік түрін айтамыз» ІV. Бекіту кезеңі. 1.«Кім жылдам» ойыны. Берілген өлең жолдарынан өздік есімдікті тауып, толық анықтама беру. 1. «Ана тілін - арың бұл Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте»
2. Өзін - өзі билеген ер бақытты, Өзін - өзі билеген ел бақытты.
3. Туған тілім - тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр бойдағы, Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
5. Өзім – тәңірі, табынамын өзіме, Сөзім құран, бағынамын сөзіме. Бұзушы да, түзеуші де өзіммін, Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе.
6. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатынын ұмытпауымыз керек» / А. Байтұрсынов/
2. Тақтамен жұмыс. Екі оқушы тақтаға шығып, «Өз кітабым» деген сөзді жекеше, көпше түрінде тәуелдеп жазып шығады. Менің өз кітабым – өзімнің кітабым Сенің өз кітабың – өзіңнің кітабың Сіздің өз кітабыңыз – өзіңіздің кітабыңыз Оның өз кітабы – өзіңнің кітабың
Біздің өз кітаптарымыз – өздеріміздің кітаптарымыз Сендердің өз кітаптарың – өздеріңнің кітаптарың Сіздердің өз кітаптарыңыз – өздеріңіздің кітаптарыңыз Олардың өз кітаптары – өздерінің кітаптары
3. Балама тест. / Тест қорытындысын оқушылар өзара тексереді./ 1. Өзім, өзі, өзің есімдіктері өздік есімдікке жата ма? а/ иә; ә/ жоқ. 2 Бұл, сол, ол есімдіктері сұрау есімдігіне жата ма? а/ иә; ә/ жоқ. 3 Есім сөздердің орнына есімдік қолданылады ма? а/ иә; ә/ жоқ. 4 Мен, сен, ол есімдіктері сілтеу есімдігіне жата ма? а/ иә; ә/ жоқ. 5 Кім, не, қай, қалай есімдіктері жіктеу есімдігіне жата ма? а/ иә; ә/ жоқ. 4. Кітаппен жұмыс. Мақал - мәтелдерді көшіріп жазып, өздік есімдігін тауып, олардың қандай тұлғада тұрғанын анықтау./ 198 – жаттығу / Мысалы: өзінің - өздік есімдігі, түбірі - өз, - і – ІІІ жақ тәуелдік жалғауы, - нің – ілік септігінің жалғауы, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр. V. Бағалау. VІ. Үй тапсырмасы. «Өздік есімдікті» қолдана отырып өлең жолдарын жазу. Сабақтың тақырыбы: «Сұрау есімдігінің түрленуі» (презентациясымен) Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде сұрау есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Сұрау есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуін үйрету. Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту, грамматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кестелер, тірек - сызбалар. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау: - Есімдік дегеніміз не? - Оның қандай түрлері бар? - Мысалдар келтіру. Жаңа сабақ: Сұрау есімдігінің түрленуі Әр нәрсені білу мақсатында сұрақ қойып жүретін бүлдіршіндерді негеш деп еркелетеді емес пе? Есімдіктің ішіндегі негеші - сұрау есімдігі. Өзі аты айтып тұрғандай сұрау есімдігі сұрау сөздерден тұрады. кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы және т. б. сұрақтарға жауап береді. Тақтаға ілінген тірек сызбадан сұрау есімдіктерін көрсету. Мысалы: I жақ менің кімім? II жақ сенің кімің? Сіздің кіміңіз? III жақ оның кімі? Бұл тәуелдену үлгісі I жақ мен кіммін? II жақ сен кімсің? Сіз кімсіз? III жақ ол кім? Бұл жіктелу үлгісі Атау: кім? Ілік: кімнің? Барыс: кімге? Табыс: кімді? Жатыс: кімде? Шығыс: кімнен? Көмектес: кіммен? Бұл септелу үлгісі Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана I, II жақтарда жіктеледі. Cебебі I және II жақ, яғни айтушы(мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіздер) адам ғана болады. III жақ адамнан басқа бөгде затқа қатысты бола береді.
Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі: Тәуелдіктің жақтары ------ Кім? ------------ Нешеу? ------------ қайсы? І менің ------------------------- Кімім? ------------ Нешеуім? ------------ қайсым? ІІ сенің ------------------------- Кімің? ------------ Нешеуің? ------------ қайсың? сіздің ------------------------- Кіміңіз? ------------ Нешеуіңіз? ------------ қайсыңыз? ІІІ оның ------------------------- Кімі? ------------ Нешеуі? ------------ қайсысы?
Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі: Септік ------ Кім?--------------- Нешеу?------------ қайсы? А. ----------- Кім? ------------- Нешеу? ------------ қайсы? І. ----------- Кімнің? ----------- Нешеудің? ------- қайсының? Б. ----------- Кімге? ------------ Нешеуге? -------- қайсыған? Т. ----------- Кімді? ------------ Нешеуді? -------- қайсыны? Ж. ----------- Кімде? ---------- Нешеуде? ------- қайсыда? Ш. ----------- Кімнен? -------- Нешеуден? ------ қайсыдан? К. ----------- Кіммен? -------- Нешеумен? қайсымен?
Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған барлық сұрақтар сұрау есімдігі деп аталады. Сұрау есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше тәуелденеді, септеледі және жіктеледі.
Оқулықпен жұмыс: 100 - жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағыналық ерекшеліктеріне және қолданысына назар аударыңыздар. Тақтаға теріп жазу. - Ойбай, балаларды әкеткелі жатыр. - Солдат қаптап кетіпті. - Қайда бұл, түге, осы елдің еркегі? - Жүр, не тұрыс бар? Көріп алайық, көрейік! - Қайда осының болысы, старшыны қайда, түге?! - Осы ер - азамат қайда? Атына неге мінбейді? Бұл жерде сұрау есімдіктері: қайда, неге,...
101 - жаттығу. Жаңылтпаштарды айтып үйреніңіздер. Құрамындағы сұрау есімдіктерінің мағынасын және сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын түсіндіріңіздер.
Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім, Неше кіші ішік піштім?! * * * Шеше, кеше неше есе кесе көп алдыңыз? Шеше, кеше неше есе кесе кем алдыңыз? * * * Менің нем кем деп ең, Бер үйді ең кең деген? Бер үйді ең кең деген, Менің нем кем деп ең?!
Балаларға жаңылтпашты жатқа айтқызып, ішіндегі сұрау есімдіктерін тапқызу. Неше, нем,...
Сергіту сәті: Сөздер мен сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығына қимылдар жасату. Егер қате болса аяқтарды жай ғана топылдатып, егер дұрыс болса, жай ғана шапалақтаумен білдіру. Айтылған сөздер мен сөйлемдер әрі көңіл көтеріп, әрі тәрбиелеуге арналған.
- Біз бүгін ашық сабақ өтіп жатырмыз! - Біз бүгін жіктеу есімдігін өтіп жатырмыз! - Біз сабақты қызыға тыңдап отырмыз! - «Ғылым таппай мақтанба» Сәкеннің өлеңі. - «Абай жолы»романын Мұхтар Әуезов жазды. - Саяхат жасауға дайынбыз ба? Олай болса, балалар біз қай қалада тұрамыз? Барлығымыз да басқа қалаларға қыдырғанды ұнатамыз ғой. Ендеше, бізге көптеген мүмкіндіктер бар. Егер де біз Мына сұрақтарға жауап берер болсақ, біз Қазақстанның қалаларына саяхат жасай алады екенбіз.
1 - сұрақ. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мақал - мәтелді толықтыр. ... ексең,... орасың. (не - сұрау есімдігі, соны - сілтеу есімдігі) Шымкент қаласына жеттік.
2 - сұрақ. Нешінші? деген сұрау есімдігін жіктеп және тәуелдеп жаз. Мен нешіншімін? Сен нешіншісің? Сіз нешіншісіз? Ол нешінші?
Менің нешіншім? Сенің нешіншің? Сіздің нешіншіңіз? Оның нешіншісі? Алматы қаласына да келіп жеттік.
Астана қаласына жету үшін бізге «Есімдік» деген сөзжұмбақ беріліпті. 1. Заттың қимылын, іс - әрекетін, жай - күйін білдіретін сөз табы. (етістік) 2. Қимыл, іс әрекеттің әр түрлі белгілерін білдіретін сөз табы. (үстеу) 3. Заттың санын, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы. (сан есім) 4. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. (зат есім) 5. Толық мағынасы жоқ, тек адамның көңіл - күйін білдіретін сөз табы.(одағай) 6. Заттың түрін, түсін, сынын білдіретін сөз табы.(сын есім) 7. Естілген дыбысқа еліктеу арқылы пайда болған сөздер.(еліктеуіш)
Балалар, осы жерде нені байқадыңдар? Бірыңғай сөз таптарынан жасалған сөзжұмбақты байқап отырмыз. Бұл жерде тек бір ғана сөз табы жетпейді, ол қандай сөз табы? Шылау деген сөз табы.