Сабақтың тақырыбы: Есімдік, түрлері туралы түсінік.


Сабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау



бет3/4
Дата29.03.2017
өлшемі0,5 Mb.
#12698
түріСабақ
1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктерден өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға есімдіктерден өткенді қайталау мақсатында
білімдерін тексеріп бекітемін.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс түріндегі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау. 1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау
2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Есімдіктерден өткенді қайталау сабағын» жүргіземін. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларға сабақ мақсаты түсіндіріліп, сабақ жоспары тақтаға көрсетіледі.
1. "Біріне-бірі үйрету" сабағы
2. "КТК" (көңілді тапқырлар клубы (КВН) ойыны
3. "Бетпе-бет" ойыны
4. "Мені түсін" ойыны
5. "Бірін-бірі тексеру" ойыны
6. "Ән сала білесің бе?"
7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
8. Үйге тапсырма.
Сабақта өтілген материалдар бойынша оқушыларды4 алған білімі тексеріледі. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ алдын. I, II, III жоспар бойынша дайындалады. Әр түрлі кітаптар өтілген I, II, III тапсырмалардағы қажетті мақал-мәтел, жаңылтпаштарға көңіл аударады. Ойын шарты бойынша тақырыпқа сай материалдар дайындалады, ішінен сөз таптарын табады.

1. "Біріне-бірі үйрету" ойыны.
Ойын шарты бойынша әр топқа тапсырма беріледі. I тапсырма бойынша біреуі мұғалім болып сол тапсырманы оқиды, екінші оқушы жауап береді. II тапсырмада орындарын алмастырады, яғни зат есім, сан есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің түрлері туралы айтып, мысалдармен дәлелдеп беруі қажет. Оқушылар схема-таблицамен жұмыс істейді.
2. "КВН" ойынының шарты 3 турдан тұрады: топты ұйымдастыру; үй
тапсырмасы; шығармашылық кезең.
I тур бойынша әр топ өздерін таныстырады.
II турда оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша жауап береді. Әр топ зат есім,
сын есім, сан есімі бар мақал-мәтел, жаңылтпаштар айтып талдау жасайды.
Әдепті бала-арлы бала. Әдепсіз бала-сорлы бала. Бала-мағынасына қарай жалпы, деректі зат есім, құрамына қарай негізгі, дара-зат есім.
III тур бойынша берілген тақырыпта шығарған өлеңдері, толғаныстары тыңдалады.

3. "Бетпе-бет" ойынында 1 оқушыны жүргізуші етіп сайлап, 1 топтан 3 оқушыны
"Бетпе-бет" студиясына қонаққа шақырады. 3 топтың оқушылары өзге топтан келген қонаққа сұрақ қояды. Ал жауаптарын жүргізуші бағалап отырады.
«Зат есім» тобынан келген қонаққа: «Атауыш сөздер деп қандай сөздерді айтамыз, деректі, дерексіз зат есімдер жайында» айтып бер.
«Сын есім» тобынан келген қонаққа: "Сын есімнің шырайлары туралы айтып, сын есімнің маңызды белгілері қандай» екеніне жауап бер.
"Сан есім" тобынан келген қонаққа: "Сан есім туралы қызықты әңгімелер айтып, қасиетті сандар туралы әңгімеле..

4. "Мені түсін" ойынының шарты бойынша 3 топтан оқушылар шығып бір
автордың шығармасындағы кейіпкерлер бейнесін сомдап береді және де жұмбақтап сұрақ
қояды. Келесі топ жұмбақтың шешуін тауып, сол кейіпкер бейнесін сомдап көрсетеді.

5. "Бірін-бірі тексеру" ойынында әр топ өзара бірін-бірі тексеру мақсатында бір -
біріне сұрақ қояды.
"Зат есім" тобына
1. Жалпы, жалқы есім деген не? Мысалдар келтір.
2. Тыйым сөздерден зат есімді тауып, талдау жүргіз.
3. «А» эрпінен басталатын жалқы есімдер.
"Сын есім" тобына 1. Сын есімнің мағыналық түрлері туралы не білесің? Мысалдар келтір.
2. Өлең жолдарынан сын есімді тауып, талда.
3. Бояумен сурет салып, сөзбен суретте.

"Сан есім" тобына
1. Реттік, жинақтық сан есімдер туралы не білесің? Мысалмен дәлелде.
2. Билер сөзінен сан есімді тауып, талда.
3. Сан есімнен басталатын ұлттық ойын атауларын ата.

«Есімдік» тобына
1. Есімдіктің түрлерін ата.
2. Есімдіктер кездесетін мақал-мәтел айт.
3. Есімдіктің әр түріне мысал келтір.
6. "Ән сала білесің бе?" Мәтін ішінде зат есім, сын есім, сан есім кездесуі керек.
Оқушылар "Саржайлау", "Сегіз аяқ" әндерін айтады.
7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Оқушы мүмкіндігіне қарай
материалды деңгейлеп беру тәсілі қолданылады.
Оқушылық деңгей тапсырмасында оқулық бойынша жұмыс жүргізеді. Алғашқы орындалатын тапсырма: 212-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, құрамындағы есімдіктерді теріп жазыңдар және оларды мағынасына қарай ажыратып талдаңдар.
Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 213-жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Берілген есімдіктерді мағыналарына қарай анықтап, бұлардың қандай түбірлерден бірігіп тұрғанын айтыңдар.
Келесі тапсырма: 214-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Мәтінді оқып, есімдіктерді көшіріп жазыңдар. Сұрау есімдіктерінің ерекшелігін айтыңдар.
Алгоритмдік деңгей тапсырмасы
А, Т, С әріптерінен басталатын қатыстық сын есімдер табу қажет.
Алғыр Тапқыр
Арлы Төзімді
Арыстандай Тәртіпті
Алмадай Тебеген
Аққудай Тиімді
Айтқыш Толық
Ақылды Таулы
Айлалы Тасты
Ақылсыз Түнгі
Айтулы Тарихи
Сулы Сабырлы Сезімді Сезгіш Сезімтал Сөзшең Сүзеген Сауықшыл Сыншыл Сазандай
Эвристикалық деңгей тапсырмасы «Егер мұғалім болсам...», "Мектебім-мақтанышым" тақырыптары бойынша мәтін құрайды, ішінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік түрлерін қолдануы керек. 

Шығармашылық кезең
" Менің елім – Қазақстан" тақырыбында пікір таластыру, ой-толғау немесе "Батырлар жырынан" үзіндіні жыр түрінде айту, зат есім, сын есім, сан есімдер, есімдіктерге талдау жасау.
Келесі тапсырма: 215-жаттығу жұмысының шартын түсіндіремін: Мәтіңді көшіріп жазып, есімдіктерге талдау жасаңдар.
Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: Мәтінді оқып, құрамында есімдіктің қай түрлері бар екенін аңғарыңдар. Оларға мағыналық, тұлғалық жағынан талдау жасаңдар. Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: 216-жатығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген
есімдіктерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Келесі тапсырма: 219-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, мазмұндама етіп жазыңдар.
Тексер
сұрақ қояды. Ал жауаптарын жүргізуші бағалап отырады.
«Зат есім» тобынан келген қонаққа: «Атауыш сөздер деп қандай сөздерді айтамыз, деректі, дерексіз зат есімдер жайында» айтып бер.
«Сын есім» тобынан келген қонаққа: "Сын есімнің шырайлары туралы айтып, сын есімнің маңызды белгілері қандай» екеніне жауап бер.

"Сан есім" тобынан келген қонаққа: "Сан есім туралы қызықты әңгімелер айтып, қасиетті сандар туралы әңгімеле..
6. "Мені түсін" ойынының шарты бойынша 3 топтан оқушылар шығып бір
автордың шығармасындағы кейіпкерлер бейнесін сомдап береді және де жұмбақтап сұрақ
қояды. Келесі топ жұмбақтың шешуін тауып, сол кейіпкер бейнесін сомдап көрсетеді.
7. "Бірін-бірі тексеру" ойынында әр топ өзара бірін-бірі тексеру мақсатында бір -
біріне сұрақ қояды.
"Зат есім" тобына
4. Жалпы, жалқы есім деген не? Мысалдар келтір.
5. Тыйым сөздерден зат есімді тауып, талдау жүргіз.
6. «А» әрпінен басталатын жалқы есімдер.
"Сын есім" тобына 1. Сын есімнің мағыналық түрлері туралы не білесің? Мысалдар келтір.
4. Өлең жолдарынан сын есімді тауып, талда.
5. Бояумен сурет салып, сөзбен суретте.

"Сан есім" тобына
1. Реттік, жинақтық сан есімдер туралы не білесің? Мысалмен дәлелде.
4. Билер сөзінен сан есімді тауып, талда.
5. Сан есімнен басталатын ұлттық ойын атауларын ата.
«Есімдік» тобына
3. Есімдіктің түрлерін ата.
4. Есімдіктер кездесетін мақал-мәтел айт.
3. Есімдіктің әр түріне мысал келтір.
6. "Ән сала білесің бе?" Мәтін ішінде зат есім, сын есім, сан есім кездесуі керек.
Оқушылар "Саржайлау", "Сегіз аяқ" әндерін айтады.

7. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Оқушы мүмкіндігіне қарай
материалды деңгейлеп беру тәсілі қолданылады.
Оқушылық деңгей тапсырмасында оқулық бойынша жұмыс жүргізеді. Алғашқы орындалатын тапсырма: 212-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, құрамындағы есімдіктерді теріп жазыңдар және оларды мағынасына қарай ажыратып талдаңдар.
Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 213-жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Берілген есімдіктерді мағыналарына қарай анықтап, бұлардың қандай түбірлерден бірігіп тұрғанын айтыңдар.
Келесі тапсырма: 214-жаттығу жұмысы
Алғыр Тапқыр
Арлы Төзімді
Арыстандай Тәртіпті
Алмадай Тебеген
Ақкудай Тиімді
Айтқыш Толық
Ақылды Таулы
Айлалы Тасты
Ақылсыз Түнгі
Айтулы Тарихи
Сулы Сабырлы Сезімді Сезгіш Сезімтал Сөзшең Сүзеген Сауықшыл Сыншыл Сазандай
Эвристикалық деңгей тапсырмасы «Егер мұғалім болсам...», "Мектебім-мақтанышым" тақырыптары бойынша мәтін құрайды, ішінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік түрлерін қолдануы керек. Шығармашылық кезең
"Менің елім-Қазақстан" тақырыбында пікір таластыру, ой-толғау немесе "Батырлар жырынан" үзіндіні жыр түрінде айту, зат есім, сын есім, сан есімдер, есімдіктерге талдау жасау.
Келесі тапсырма: 215-жаттығу жұмысының шартын түсіндіремін: Мәтінді көшіріп жазып, есімдіктерге талдау жасаңдар.
Келесі тапсырманы ауызша түрде орындатамын: Мәтінді оқып, құрамында есімдіктің қай түрлері бар екенін аңғарыңдар. Оларға мағыналық, тұлғалық жағынан талдау жасаңдар. Сабақтың қорытындысы:
4. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
5. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
6. Үйге тапсырма: 216-жатығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген
есімдіктерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Келесі тапсырма: 219-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, мазмұндама етіп жазыңдар.

Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігінің түрленуі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың есімдіктің түрлері мен белгісіздік есімдігінің түрленуі туралы лингвистикалық білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді ардақтауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Өздік есімдіктерінің түрленуі.
2. Тапсырма. « Сезімсіз өмір сүруге бола ма?» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазыңдар.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:


1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1. Біреулер үйінің орнын өлшеп, біреулер қазып үлгеріп, қайсыбіреулері қалқитып та алған.
2. Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол...
3. Кейбіреуге таяғым тиіп те кетті бартылдап.
4. Әсемпаз болма әрнеге.
Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде - кім, әлдекім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып, сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш қызметтерін атқарады.
Мысалы:
Біреулер үйінің орнын өлшеп, біреулер қазып үлгеріп, қайсыбіреулері қалқитып та алған. (Ғ. Мұст.) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол..... Кейбіреуге таяғым тиіп те кетті бартылдап. Әсемпаз болма әрнеге. (Абай) Берілген сөйлемдерде біреулер деген көптік жалғауында және атау септікте тұрып, кім? деген сұраққа жауап беріп, қайсыбіреулері деген көптік, тәуелдік және атау септікте тұрып, кім? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болып тұр. Біреудің деген белгісіздік есімдігі ілік септікте тұрып, кімнің? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып тұр; кейбіреуге, әрнеге дегендер барыс септікте тұрып, кімге? неге? деген сұрақтарға жауап беріп, толықтауыш болып тұр.

IV. Жаңа сабақты бекіту.


Оқулықпен жұмыс.
106 - жаттығу.
Төмендегі белгісіздік есімдіктерін түрлендіріп, сөйлем құраңыздар.
А. с. әлдекім, бірдеме, кейбіреу
І. с. әлдекімнің, бірдеменің, кейбіреудің.
Б. с. әлдекімге, бірдемеге, кейбіреуге
Т. с. әлдекімді, бірдемені, кейбіреуді.
Ж. с. әлдекімде, бірдемеде, кейбіреуде.
Ш. с. әлдекімнен, бірдемеден, кейбіреуден
К. с. әлдекіммен, бірдемемен, кейбіреумен.
108 - жаттығу
Мәнерлеп оқыңыздар. Сонан соң: 1) әңгімені баяндаушы кім және кім айтып тұрғанын неден байқағанларыңызды айтыңыздар. Әңгімеге ат қойыңыздар; 2) әңгімеде өсімдіктердің қай түрі көбірек қолданылғанын табыңыздар.

Үлестірме карточкалар мен жұмыс


№1. Берілген белгісіздік есімдіктерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.
1. Біреу: ______________
2. Кейбір: _____________
3. Бірнеше: ____________
4. Әрбір: ______________
5. Әрқашан: ___________
№2. Берілген белгісіздік есімдіктерді тәуелдеңіз.
әрбір кейбіреу әрқайсы
Біздің ________ _________ _________
Сендердің _______ _________ ______
Сіздердің _______ _________ _______
Олардың ________ _________ _______
№3. Берілген белгісіздік есімдіктерді септеңіз.
Атау: әркім біреу әлдене
Ілік: ________ ________ _______
Барыс: ______ ________ _______
Табыс: ______ _________ ______
Жатыс: ______ _________ ______
Шығыс: ______ _________ ______
Көмектес._____ ________ _______
№4. Жақшадағы сөздерді пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз.
1. Бұл сөзді кімнен естідің? (біреу)
2. Марат қашан ерте тұрады? (әрқашан)
3. Қандай адамдар үзілісте демалмайды? (кейбір)
4. Жұмысқа қанша адам келмеді? (бірнеше)
5. Кім өзінің туған жерін жақсы көреді? (Әркім)
№5. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.
1. Әрбір адамның құқығы бар. ________
2. Әркім өз жұмысын істейді. ________
3. Ол әрдайым көңілді жүреді. ________
4. Біз бірнеше күн демалдық. ________
5. Жиналысқа кейбір қызметкерлер келмеді. ________

V. Үйге тапсырма беру:


1. Белгісіздік есімдіктерінің түрленуі. (65 - 67)
2. 107 - жаттығу
VІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сілтеу есімдігі.
Сабақтың мақсаты:
1. Сан есім бойынша алған білімдерін жинақтап қайталау және есімдіктермен байланыстыра отырып түсіндіру.
2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ой – өрісін, сезім, қиялын, түсінігін дамыту.
3. Оқушыларға өз – өзіне сын көзбен қарауға үйрету.Елін сүюге, ана тілін оқып меңгеруге арналған жауапкершілікті жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, схемалар, тест сұрақтары, кеспе қағаздары, ақын – жазушылар портреті, т.б.
Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, қайталау, сурет арқылы ойландыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, сурет, тарих, т.б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жинақтау кестесі.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу.
1. «Қайталау білім –анасы».
2. «Жүйрік болсаң шауып көр».
ІІІ. Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Кітаппен жұмыс.
2. Ой толғаныс сатысы.
Ү. Жаңа сабақты пысықтау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Бағалау.

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты төрт топқа бөлу.
1. Қайрат
2. Ақыл
3. Жүрек
4. Ғылым
Оқушылар өз топтарының атына мінездеме береді.
Қайрат: Құдайға лайықты ғибадат қылу. Күнәһарлықтан, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқару.
Ақыл: Дүниеде не ахиретте не пайдалы, не залалды екенін білдіру. Мінез пайданы іздей алмау, залалдан қаша алмау, ғылымды ұғып үйрене алмау.
Жүрек: Адам дененің патшасымын, қанменен тарайды, жан менде мекен қылады. Адам баласын алаламау. Әділет, ұят, рахым мейірбан менен шығады.
Ғылым: Үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет. Бір кісіден табылсаңдар, қасиетті адам -сол.
Мұғалім сөзі:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.
Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,
- деп ақын Абай атамыз айтқандай ыстық қайратымыз, нұрлы ақылымыз жылы жүрегімізді ғылымменен байланыстыра отырып сабағымызды жалғастырамыз.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу. «Қайталау білім анасы»
1 – топ: Сан есім дегеніміз не? (Ережесі, сұра мысал келтіру)
2- топ: Сан есім құрамына қарай бөлінуін түсіндір. Мысал келтір.
3 – топ: Сан есімнің мағынасына қарай бөлінуін түсіндір. Мысал келтір.
4- топ: Сан есімнің емлесі дегеніміз не?Қанша жолмен жасалады. Мысал келтір.
ІІІ. «Жүйрік болсаң - шауып көр» тестпен жұмыс.

1- топ:
1. Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Осы өлең авторы кім?
А) Жамбыл
*Ә) Абай
В) Ахмет Байтұрсынов
С) Ыбырай Алтынсарин

2. Осы өлең жолында мың деген сан есімге жалғанып тұрған қай жалғау?
А) Тәуелділік
Ә) Көптік
В) Жіктік
*С) Септік

3. Септік жалғау болса қай септік
А) Табыс
Ә) Атау
*В) Көмектес
С) Барыс
4. Қарағым, айналайын, қамқор анам,
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтай,
Көруге жазған еді хақ тағалам.
Бара алмай өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң,
Оқ тиіп, он үшімде ой түсірген
Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
Авторы кім?
А) Жамбыл
Ә) Абай
*В) Ахмет Байтұрсынов
С) Ыбырай Алтынсарин

2- топ:
1.Осы өлеңдегі сан есім қандай сан есім?(он үшімде)
А) Болжалдық
Ә) Есептік
В) Реттік
С) жинақтық
2.Осы «он үшімде» деген сөзге жалғанып тұрған жалғауларды ата.
*А) Тәуелдік - септік
Ә) Септік-тәуелдік
В) Тәуелдік - жіктік
С) Тәуелдік – көптік

3.Осы «он үшімде» деген сөз сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
А) Анықтауыш
Ә) Пысықтауыш
В) Толықтауыш
С) Бастауыш

4.Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ. Абай өлеңінен алынған үзіндіде сан есімнің қай түрі кездеседі?
А) Болжалдық
Ә) Есептік
В) Реттік
С) Жинақтық

3- топ:
1. Мына мақал адамның жас мөлшеріне байланысты айтылған, қай сан есімді қоюға болады?
... орда бұзбасаң,
... қыр аспайсың.

А) 40-50
*Ә) 30-40
В) 50-60
С) 60-70

2.Осы мақалда айтылған сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
*А) Анықтауыш
Ә) Пысықтауыш
В) Толықтауыш
С) Бастауыш
3. «Ер қаруы» деп бастап, біздің халқымыздың ер қаруының нешеу болатынын айтатын мақалы бар. Сол қай санға байланысты?

А) 3
Ә) 7
В) 6
*С) 5
4. Тамақ, күлкі, ұйқы. Осы сөздер киелі сандарға байланысты қай ұғымға жатады?

А) Үш кедейлік
*Ә) Үш арсыз
В) Үш асыл
С) Үш байлық

4- топ:
1. Өздерің оқыған бір ертегінің аты сан есіммен басталады.
А) 30
Ә) 40
*В) 20
С) 60

2. Дұрыс жазылған сан есім қайсы?
А) 16-қатар
Ә) Ү - том
*В) 7 сынып
С) ХХІ – ғасыр
3. Мына мақалдағы сан есім қандай қызмет атқарады?
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
А) Бастауыш
Ә) Пысықтауыш
В) Толықтауыш
С) Анықтауыш

4.С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі қай жылы жазылды?
А) 1916
Ә) 1914
В) 1920
С) 1922

ІҮ. Жаңа сабақ. Сілтеу есімдігі.
Есімдік зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы. Сондықтан ол орынбасар сөз табы деп аталады. Мағынасына қарай 7 түрі бар: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық.

Сілтеу есімдігі: меңзеу, нұсқау және көрсету, мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі.
Мысалы: сол, мынау, аналар, міне, т.б.

Сергіту сәті: «Жан аға» әні.

Ү.Кітаппен жұмыс.
196- жаттығу (жазбаша)
ҮІ. Ой толғаныс сатысы. Оқушылар «Сүйікті Қазақстаным» тақырыбына берілген сөздердің көмегімен сілтеу есімдігін қатыстырып, өлең шумағын құрайды.

1- топ:
... ... .... ойладым,
... .... .... бойладым.
... .... ....мен балаң
... ... ....ойнадым.
2- топ:
... .... ....көркем едің,
... .... .... есейгенмін.
... .... .... туған елім,
... .... . ... көркейтемін.
3-топ:
... .... ... жайнаған,
... .... .... қайнаған.
... .... ....ұлымын,
.... .... .... ойнаған.
4-топ:
... ... ....түсінгенге,
... ... ....толысар күшім деме.
... ... ...мән бермейміз,
... .... ....пайдалы ісің елге.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Есімдік дегеніміз не?
2. Есімдік деп қандай сөз табын айтамыз?
3. Есімдік мағынасына қарай қаншаға бөлінеді?
4. Құрамына қарай қаншаға бөлінеді?
5. Сілтеу есімдіктері қандай мағынаны білдіреді?(Мысал келтір)
ҮІІ.Үйге тапсырма: «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына мәтін құрап, ішінен сілтеу есімдігін тауып, астын сыз.
ҮІІІ. Бағалау.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет