Сабақтың тақырыбы: Есімдіктің түрлері. «Нақыл сөздер»



Дата05.06.2017
өлшемі155,12 Kb.
#17950
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушы Болысбаева Сандуғаш Сейітмаханқызы

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктің түрлері. «Нақыл сөздер»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімдік туралы түсінік беру, оның ерекшелігін ұғындыру. Бабалардан  қалған   ұлағатты   ғибрат  сөздердің,  мақал-мәтелдердің мазмұнын  ашу,  мәнін  ұғындыру   және  одан  үлгі-өнеге  алуға  баулу. Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазып, оқу дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық дүние танымын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қорыту, танымдық ойындар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет


Көрнекілігі: мультипроектор, суреттер, слайдтар, ұлы тұлғалардың нақыл сөздері, тесттер, кітаптар мен жинақтар.
I Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

б) оқушыларға сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру.
II Өткен сабақты қайталау:

Сұрақтарға-жауап.


1. Сан есім дегеніміз не?

2. Сан есімнің сұрақтарын ата?

3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?

4. Дара сан есім дегеніміз не?

5. Күрделі сан есім дегеніміз не?


Сәйкесін тап.

1 асым                   тұз

1 ұрттам           қамыр

1 жайым                сөз

1 ауыз                    су

1 шымшым            ет

1 үзім                     қазы

1 елі                       нан


4





1

6




2











5

3



4


III Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жіктеу есімдігі



Сұрау есімдігі

Сілтеу есімдігі




Есімдік


Белгісіздік




Өздік есімдік


Болымсыздық

Жалпылау

1. Жіктеу есімдігі: заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі: нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

3. Сұрау есімдігі: жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.

 4. Өздік есімдігі: әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөзжатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп:өзімнің түрінде қолданылады.

5. Жалпылау есімдігі:жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

 6. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан,ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздықмағынаны білдіретін сөздер жатады.

7. Белгісіздік есімдігі:затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан;
Нақыл сөздерді үш топқа бөлген:
1) қазақ мақал-мәтелдері . 2) өзінің мақал-мәтелдері. 3) өзінің афоризмдері. 

Нақыл сөз (Афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы: ХХІ ғасыр – білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі

(Н.Ә.Назарбаев),

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер

(Абай).


Білген адам  білімді өмір бойы  іздейді. (А.Иүгінеки)

Адамға екі нәрсе  тірек тегі:

Бірі –тіл,бірі-ділің  жүректегі.   (Жүсіп  Баласағұни)

Тілден  артық  қазына жоқ

Тілден  артық қасиет жоқ.( Н.Назарбаев.)

Әр халықтың  ана тілі-білімнің  кілті...

Біздің жастарымыз ана  тіліне  жетік, білімді,мәдениетті болсын.  (А.Жұбанов)



Тіл жоқ жерде ,ұлт жоқ.    (Ш.Айтматов)

-Тәрбие  басы –тіл.  (М.Қашқари)

Игі істің  басы –тіл,тәрбие басы –тіл.  (М.Қашқари)

Әркімге  қажетті білім бар, Сол білімді меңгермейінше, барлық  басқа  білім  адамға нұқсан келтіреді  (Л.Н. Толстой)

Нағыз білім атаулығы өздігінент  білім  алу арқылы  ғана   қол жетеді.

(Н.А. Рубакин)

IV Оқушының білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту:

Бүгінгі  біздің  сабағымыз  тренинг түрінде  өтеді. Тренинг сабақтың мақсаты сендерді ұйымшылдыққа,  топтасып  жұмыс  істеуге  баулып,  ойларыңды  бөлісіп,  ашық  айту.

Оқушыларды  үш топқа  бөліп  алайық.

І-топ-«Ізденімпаздар»

ІІ-топ- «Өнерпаздар»

ІІІ-топ- «Ақпараттық» 
Тапсырмалардың шарты: Жаттығуларды орындау барысында есімдіктердің түрлерін анықтау керек.


І  шарт.   Білгенге  маржан.

Мұнда  шашылып тұрған үлестірмелер  берілген. Осы үлестірмедегі сұрақтарға  дұрыс  жауап бере  отырып  рет-ретімен  орналастыратын  болсақ,  Жүсіп  Баласағұн  бабамыздың   ақыл  сөзі  шығады.Сол неқыл сөзді пайдаланып мәтін құрап,есімдіктердің түрін анықтау.




ІІ  шарт.  Санаға  сапар.



Қалаған  қатардағы  түстерді  таңдау арқылы  белгіленген  сұрақтарға   жауап береді.

Киелі сандар. Мақал-мәтел.

Тыйым сөздер. Киелі  сандар.

7 саны   қандай сан?Топтастыру  жаса. 5 санына байланысты ақын  аталарымыз    қандай өсиет, ұлағатты өлеңдерін  білесіңдер? 3 санына топтастыру  жаса.


ІІІ шарт.  Білімдіден ақыл  шығар .

Шарты: 2 топты жарыстыра, жұмбақтың шешуін шешу.

Жұмбақ сұрақтар» Бұл қай есімдіктер?»

1. Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдіктің қай түрі?

2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды?

3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды?



4. Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды,

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды


2. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вместо многоточие вставьте нужное слово.

1. Ақын бол, болма - өз ЕРКІҢ,

Ал азамат болу – ... (Н.Некрасов.).

2. Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған ... (қандай?), ымырасыз адам бол (В.А.Сухомлинский).

3. Аузына келгенін айту – (кімнің?) ... ісі,

Алдына келгенін жеу – хайуанның ісі (Ә.Науаи).

4. ... (кімі?)жоқпен сырлас,

... (кімі?)көппен сыйлас (Абай).

5. Шын білім әрдайым, ... (қандай?)анық болатын білім (Әл-Фараби).

6. Әркімге ... – туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе (С.Мұқанов).


Сөздікпен жұмыс.
Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттаңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.


конкурентноспособный

бәсекеге қабілетті

движущая сила

қозғаушы күші

консультанты

кеңесшілері

«идти перед или уступай место другому»

«алға қарай жүр немесе жол бер»

норма, правило

қағида

руководствует

басшылық етеді

жизненные позиции

өмірлік ұстанымдар

показать себя

өзін таныту

возможности

мүмкіндіктер

старшая поколение

ұға ұрпақ

энергичный, активный

жігерлі

самоуверенный

өзіне сенетін

полон мечты

арманға бай

осуществить, претворить в жизнь

жүзеге асыру

сила-воля

ерік-жігері

тратить попусту

рәсуә ету

преступление

қылмыс

мошно

қуатты

с огненным сердцем

жалын жүректі

целеустремленным достоинством

өршіл намысты

высокодуховный

биік рухты









Үстеудің мағыналық түрлеріне мысалдар айтып,нақыл сөздерден анықтаңдар.

V Сабақты қорытындылау.




Грамматикалық тест тапсырмалары

1. Афоризмнің қазақша аудармасы. Перевод слова «афоризм»

А) идиома

Ә) мақал


Б) мәтел

В) нақыл сөз

Г) тұрақты тіркес
2. Қажетті сөзді қойыңыз.

Вставьте необходимое слово.

Жер бетінде адал адамнан ... ештеңе жоқ (Р.Роллан).

А) дәулетті

Ә) кедей

Б) қымбат

В) арзан

Г) қажетсіз


3. Қажетті сөзді қойыңыз.

Вставьте необходимое слова.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық ..., нұрлы ..., жылы ... (Абай).

А) күн ой үй

Ә) қайрат ақыл жүрек

Б) қан көз киім

В) нан күн шай

Г) құм ақыл қан
4. Қажетті сөзді қойыңыз.

Вставьте необходимое слово.

... – Қазақстан халықтарын біріктіретін негізгі фактор (Н.Ә. Назарбаев).

А) Ағылшын тілі

Ә) Орыс тілі

Б) Түрік тілі

В) Қытай тілі

Г) Мемлекеттік тіл


5. Өлеңнің авторын көрсетіңіз. Укажите автор стихотворение.

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп түр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

А) Абай Құнанбаев

Ә) Жамбыл Жабаев

Б) Ыбырай Алтынсарин

В) С.Торайғыров

Г) М.Жұмабаев


6. Қажетті сөзді қойыңыз.

Вставьте необходимое слово.

Тілін білмеген –... білмейді (Ғ.Мүсірепов).

А) тарихын

Ә) дінін

Б) түбін


В) әдебиетін

Г) мәдениетін


7. Қажетті сөзді қойыңыз.

Вставьте необходимое слово.

Мейірімді болу оңай, ... болу – қиын (В.Гюго).

А) ел


Ә) адам

Б) әділ


В) опасыз

Г) мейірімсіз

Еліміздің болашағы – жастардың қолында.

Сөз –халықтың  қымбаттан  қымбат кені (С. Мұқанов.)

Отан үшін отқа түс-күймейсің. (Б.Момышұлы)

VІ Үйге тапсырма беру:



Нақыл сөздер жаттау. Есімдіктердің түрін анықтау.

Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Х. Қожабаева «Кәсіби қазақ тілі»1999жыл «Алматы» баспасы.
2. Н. Оралбаева «Практикалық қазақ тілі» 1992жыл «Астана» баспасы.
3. Ұ. Байсақалова «Қазақ тілі»2000жыл «Атамұра» баспасы.
4.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №5, 2010ж
5. Ж.Бейсенбайұлы, «Жасын-тағдыр жарқылы» (тарихи-ғұмырнамалық хикаят), 1987 ж.
6.Бауыржан Момышұлы. Қазақ тілі туралы пікір
7.Бауыржан Момышұлы: Алтын-күмiске ешқашан қызыққан да және соған мойын бұрған да емеспiн!
8 «Даналардан шыққан сөз» Жинақ. Алматы 1999жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет