2. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістерін қолданудың тиімділігі
Өзімнің сабақтарымда оқытудың заманауи әдістеін әр түлі қолдануға тырысамын. 1)Мысалы: «XIX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар» тақырыбында сабақтың үй тапсырмасын сұрау кезеңінде венн диаграммасын қолданамын.
1- тапсырма:
Кіші жүздегі Сырым Датұлы көтерілісі мен Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерінің ортақ сипаттары мен айырмашылықтары
(Венн диаграммасын толтыру)
2) Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың II ж Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. Сабақтың жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде: «Джигсо» әдісін қолданамын. Интербелсенді әдістің бірі топтарды кездейсоқ бес топшаларға бөлемін. Таратпа қағаздарға өзі таңдаған санды жазып топтасады. Топ бес топшаға бөлінді. 1-топ «Реформа», 2- топ «Генерал-губернатор», 3- топ «Сот», 4-топ «Уезд», 5-топ «Округ». Жаңа тақырыптың осы жоспар бойынша тақырыпты өздері игеріп, постерге қорғайды.
«ДЖИГСО» әдісі:
Жаңа сабақ «Джигсо» әдісі бойынша тақырыпты талдап, бірігіп жұмыс жасауына жол ашу. Тапсырмаларды оқытушы топтарға барып, бақылайды, бағыт береді.
1-топ: Ақпараттық жаналықтар бағдарламасы бойынша әкімшілік реформалар туралы ақпарат береді. (24кz жаңалықтар бағдарламасы) «Тв шоу» әдісі арқылы қорғайды;
2-топ: «Фишбоун» әдісі бойынша проблеманың себептерін анықтау, дәлелдер келтіру, нәтижесін шығарады.
3-топ: 1822/24 жылғы жарғылар мен 1867 -1868 ж реформаларды салыстыру.«SWOT» кестесі арқылы қорғайды;
4 топ: Халық шаруашылығында қалыптасқан жағдай, реформалардың отаршылдық мәні туралы әңгімелесу;
5-топ: Реформаның нәтижесі, салдары.
«Джигсо» әдісі бойынша, әр топтағы оқушылар берілген тақырыптарды топта талқылайды. Талқылап болған соң, тақырыпты басқа топ мүшелеріне түсіндіреді, қалған оқушылар басқа топтың тапсырмаларын тыңдайды, сұрақтар қояды, маңызды жерлерін дәптерлеріне жазып отырады. Әр топ берілген тапсырмаларын флипчартқа түсіреді, білімдерін жинақтап, ортақ шешімге келеді.
3) Сабақтың тақырыбы: Қазақстан өлкесіндегі XX ғасырдың басындағы саяси партиялар. Қазақ өлкесіндегі ұлттық автономиялар.Сабақта жаңа білімді игеру үшін«Өкіл» әдісін қолданамын. Топты төрт топшаға бөліп, «Алаш» партиясы, «Үш жүз» партиясы, «Түркістан автномиясы», «Кадеттер партиясы» деген тақырыптарды үлестірме карточкалар арқылы таратамын. Топтар бір-біріне берілген жаңа материалдарды түсіндіру арқылы жаңа мәлімет береді. Топтар талқылап болғаннан кейін, топта белсенді түсіндіргендер келесі топқа «елші» ретінде барып, жаңа мәлімет тыңдауға және өз мәліметімен бөлісуге барады. Бұл әдіс тыңдаушылардың мәліметін толықтырады.
4) Сабақтың тақырыбы: Шетелдік интервенция және азамат соғысы кезіндегі қазақ өлкесі. Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде: интерактивті тақтаға Ақпан төнкерісі мен Қазан төнкерісінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын «Венн» диаграммасы арқылы сұраймын. Екінші стратегия «Миға шабуылдау» арқылы: Ақпан төнкерісінің нәтижесі қазақ үшін тиімді болды ма? немесе Қеңес үкіметінің орнауына «Алаш» партиясының пікірі қандай болды? деген сұрақтар арқылы ой қозғаймын. Ал жаңа тақырыпты түсіндіру үшін: Топты таратпа қағаздарда жазылған сандар арқылы топтастырып, 1-топқа: Азамат соғысының алғышарттары, 2-топқа: Әскери коммунизм саясаты, 3-топқа: Қазақ өлкесіндегі майдандар атты сұрақтарды бөліп беремін. Әр топ «джигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты алдын-ала оқытушы дайындаған гипер-мәтін арқылы игеріп, түсіндіреді. Бұл әдістер уақыт үнемдеу үшін, білім алушы сабақты тиімді меңгеру үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |