Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесінің құрылысы. Есту гигиенасы



бет4/7
Дата18.02.2017
өлшемі1,25 Mb.
#10116
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Есту мүшесінің гигиенасы туралы айту.

Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер орналасқан. Құлықтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микроптардан жабыстыру және ұстау үшін қажет. Жиналған құлық бөлініп, құлақты жуған кезде сыртқа шығарылады. Салдыр-салақ адамның құлағында құлық жиналып, тығын түзуі мүмкін. Ол естудің нашарлауына әкеліп соғады. Құлықты әр түрлі заттармен алуға болмайды мысалы түйреуіш, сіріңке т.б. Бұл дабыл жарғағын зақымдап, есту нашарлауы мүмкін.

Ортаңғы құлақ аурулары жұқпалы аурулармен ауырған кезде (скарлатина, баспа, тұмау) мұрын-жұтқыншақтан микроптар мұрын шырышымен есту түтігі ортаңғы құлаққа түскенде пайда болады.

Құлақ ауырған кезде дәрігерге көріну қажет. Есту мүшесіне адам күнделікті әсер ететін қатты шу зиян келтіреді. Соның салдарынан адамның құлағы нашар естіп, мазасызданып, ұйқысыздыққа әсер етуі мүмкін. Бұл көптеген ауруларға әкеліп соқтырады.

IV. Сұрақтары


  1. Есту сүйекшесі (балғашық)

  2. Құлақтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микроптардан жабыстыру және ұстау үшін қажет. ( құлық)

  3. Дыбыс тербелістерін бұрмаамай жеткізеді? (дабыл жарғағы)

  4. Ішкі құлақта орналасады? (шытырман)

  5. Сыртқы құлақ бөлімі (сырғалық)

V. Сызықты диктант

1.Адам туылғаннан бастап есту әлемін қабылдайды? ( иә)

2.Егер бала саңырау болып туылса, онда ол ешқашан ауызша сөзді меңгере алмайды (иә)

3. Есту сүйекшелеріне шытырман жатады (жоқ)

4. Есту мүшесі 4 –ке бөлінеді (жоқ)

5. Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер бар (иә)

6. Құлықты түйреуіш, сіріңке сияқты заттармен алады (жоқ)

7. Есту жолы құлақ қалқанын ортаңғы құлақпен байланыстырады (иә)

8.Құлақ маңдай бөлімінде орналасқан (жоқ)

9. Қатты шу құлақ естімеуіне әкеледі (иә)



10 Құлақтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микроптарды жабыстыру және ұстау үшін қажет (иә)

VI. Мектеп мейірбикесінің кеңесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет