Сабақтың тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаты



Дата04.10.2020
өлшемі13,07 Kb.
#63977
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату.
Оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін, ой - өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Грамматикалық және орфографиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, АКТ, суреттер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, салыстыру, талдау, сипаттау, ойландыру. т.

Түрі: саяхат сабағы
Пән аралық байланыс: Дүниетану, ана тілі


Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4-жаттығу

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.

Табиғатқа саяхат

( ведиоролик өмірмен байланыстыру)

1-жаттығу (ұжымдық жұмыс) ауызша


- Балалар күнделікті өмірде біз сан қилы әрекеттер жасаймыз. Яғни қимыл - қозғалыссыз өмір сүре ала алмаймыз. Тіптен оны елестету мүмкін де емес шығар. Өздерің ойланып көріңдерші табиғатта ешбір қимыл жоқ! Бұдан біз тек табиғаттың тоқтап қалғанын елестете аламыз (оқушылар жауабы тыңдалады). Ендеше балалар мына видеога назар аударыңдар нені көріп тұрсыңдар? Иә, дұрыс айтасыңдар. Суреттегі барлық заттар қимыл үстінде. Ал осы қимыл әрекеттерді түсіну үшін осыдан етістіктің ережесін шығарамыз.

Ереже: Етістік деген заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы.Не істеді?Не қылды?Қайтті?деген сұрақтарға жауап береді.

(Ережені түсіндіру, оқыту, талдау).
Дәптермен жұмыс.
(Күннің жады, тақырып)

Өлеңді мәнерлеп оқы.Етістіктерді теріп жазып,сұрақ қой.

2-жаттығу (ұжымдық жұмыс)

3-жаттығу (ұжымдық жұмыс)

Суреттерді топқа бөліп беру.Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.

1-топ: 1-ші сурет

2-топ: 2-ші сурет

3-топ: 3-ші сурет

4-топ: шығармашылық топ

Осы сурет бойынша оқиға немен аяқталды.

Сергіту сәті.

4 - жаттығу:

Жұмбақты жатқа жазып, етістіктерді тауып, сұрақ қой.
1-топ:

Жіппен келеді,
Үзсең, сөнеді.
(шам)
2-топ: Арыстан ақырады,

Орман жарқырады. (Найзағай)

3-топ: Қолы жоқ,сурет салады,

Тісі жоқ,тістеп алады. (Аяз)



4-топ: Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

IV. Сабақты қорытындылау.


V. Үйге тапсырма:
5 - жаттығу:
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
VІ. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет