Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Әже»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын, ананың құдіретті де мейірімді жан екенін ұғындыру;
2. Оқушылардың ой-өрісін, сана сезімін, сөздік қорын дамыта отырып, өз ойын ашық айтуға, топпен жұмыс жасауға дағдылау;
3. Оқушыларды анаға деген қайырымдылық, сыйластық, адамгершілік қасиеттерге , тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, Ф.Оңғарсынова суреті, күн шуағы, музыка, слайд
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс әдісі
Пән аралық байланыс: музыка, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Кімдердің көңіл-күйі өте жақсы?
Кімдердің достары қасында?
Кімдер сабаққа өте жақсы дайындалып келді?
Көңіл күйіміз өте жақсы болса,
Досымыз қасымызда болса,
Сабаққа өте жақсы дайындалып келген болсақ,-онда сабағымызды бастаймыз.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
-Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?
- Ф. Оңғарсынова «Жылу»
ІІІ. Ой қозғау
- Ф. Оңғарсынова кім?
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау обл. Манаш ауылында дүниеге келген. Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол.
Оның қандай өлеңдерімен таныстық?
«Білім керек бәріне», «Жылу»
ІV. Жаңа сабақ
Олай болса бүгін біз тағы Ф. Оңғарсынованың «Әже» өлеңімен танымамыз.
V. Қызығушылықты ояту. Әже туралы білетіндерін (оқушылар күн шуағына жазып, тақтаға ілінеді )
Әже
ҮІ. Оқулықпен жұмыс
Мұғалім оқиды
Іштей оқу
Тізбектеп оқу
ҮІІІ. Сергіту сәті «Сағындым, әже, сағындым»
Есіңде сақта!
Домалақ ана кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан. Қарашаш aнa күмбезі -сәулет өнері ескерткіші. Сайрам ауданында орналасқан. Айшабибі ана кесенесі Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айшабибі ауылында орналасқан.Бұл аналарымыз ақылдылығымен, сабырлылығымен халық арасында дауларды шешуімен, тапқырлығымен танымал болған және жақсылық пен ананың символы болып табылады Және де Маңғыстау өңірінде де көптеген «Мейіз шекем», «Долы апа», «Ана әулие» т.б аналарымыз бар. Қазіргі кезде бұл жерлер қарапайым халық өздерінің дұғасын оқып, тағзым етіп, бас иетін жеріне айналған.
ҮІІ. Сызбамен жұмыс
Ақын қолданған көркем сөздер
|
Мағынасы
|
Тентек болса
Жақсы іс қылсақ
|
ренжіп, ашуланып
мақтап, шаттанып
|
Х. Шығармашылық жұмыс
І топ: «Ана, әже »туралы өлеңдер оқу.
ІІ топ: «Ана, әже» туралы эссе жазу.
ІІІ топ: Мақал-мәтелдер айту.
ІҮ топ: Ұйқасын жалғастыр.(өлең)
ХІ. Қорытынды: «Сен білесің бе?» ойыны. Ұяшықты таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру.
Ананың құшағы қандай?
Әкеңнің анасы саған кім болады?
«Жылу», «Әже» өлеңін жазған кім?
Анаңның анасы саған кім болады?
Қасиетті, әулие аналарымызды ата?
Әжеңді ренжітпеу үшін не істейсің?
Анамыз бізді несімен асырады?
Баланың тілі шыққанда ең алғаш қай сөзді бірінші айтады?
ХІІ. Бағалау. Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, гүлдер арқылы бағалау.
ХІІІ. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау
№5 жалпы орта білім беру мектебі ММ
Ашық сабақ
Өткізген: Амиршиева Рабиға Бекшорақызы
Мұнайлы ауданы 2013ж
Достарыңызбен бөлісу: |