2. Жаңа сабақ:
Слайд №1
Ой қозғау. Суреттер бойынша болжау жасау.Оқушы ізденісі .
Ою деген не?
Слайд №2.
Фариза Оңғарсынованың өмір жолы туралы шолу мәлімет.
Фариза Оңғарсынова 1935 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданы Манаш ауланда дүниеге келген. 1961 жылы Атырау мемлекеттік педагогикалық институтының тіл- әдебиет факультетін бітірген.
1961-66 жылдар арасында орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметін атқарған. 1970-78 жылдары «Қазақстан пионері» /қазіргі «Ұлан»/ газетінің бас редакторы 1978 жылы «Пионер» /қазіргі «Ақжелкен» журналының бас редакторы болған.
Алғашқы өлеңдері 1958 жылдан бастап газет беттерінде жариялана бастаған. Әр жылдары 20- дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары жарық көріп отырды. Аударма ісімен де айналысқан.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Республика мәдени- ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, ҚР Парламеті Мәжілісінің депутаты, халық жазушысы.
2009 жылы Фариза Оңғарсынованың 70 жылдық мерейтойы Республика көлемінде аталып өтілді.
Бүгінгі сабағымыз қазақ халқының ұлтық мәдениетіне, салт- дәстүріне қатысты болғандықтан біз «Тұскиіз» фабрикасына саяхат жасаймыз.Саяхатымыз бір аптаға созылады және біз де фабрикада жұмыс жасап, өзіміздің тиісті еңбекақымызды алатын боламыз.
Аптаны алғашқы күні қалай аталады? /дүйсені/
1. Дүйсенбі күні: «Бастапқы сөз».
Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сұрақтар:
Текемет деген не?
Текемет- түрлі – түсті, ою- өрнекті түр салып киізден басылатын төсеніш.
Достарыңызбен бөлісу: |