Күні:
Сыныбы: 5 “Б”
Сабақтың тақырыбы: Ф.Оңғарсынова «Оюлар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу. Өлең мазмұнын, құрылысын меңгерте отырып, автор шеберлігін таныту.
Дамытушылық: Ой және қол еңбегін жасату арқылы ізденпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу.Ұлттық қолөнердің баға жетпес байлық екендігін ұғындырып, халықтық дәстүрді қастерлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Ой және қол еңбегін жасату арқылы ізденпаздыққа, еңбексүйгіштікке баулу.Ұлттық қолөнердің баға жетпес байлық екендігін ұғындырып, халықтық
дәстүрді қастерлеуге үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, өлең мазмұнын талдау, ою ойып үйрену, СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, ақынның портреті, бейне-баяндар, оюдың суреттері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, бейнелеу, еңбек, саз.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару.
«Молекула» әдісі бойынша сыныпты 3 топқа бөлемін.
І кезең. Қызығушылықты ояту
«Миға шабуыл» әдісі
1. Әңгімедегі Төреқұл мен Ағыбайдың достығы қалай, қашан басталған еді?
2. Төреқұлдың Қозыкүрең туралы әңгімесі қай кезде болған оқиға?
3. Қозыкүрең қандай мінез көрсетеді? Оны ең алдымен кім байқайды?
4. Жануарым-ай, аман-есен келген екенсің ғой! Айшылық жолыңды алты аттап, Алатауыңа жеткен екенсің-ау!..- деген кімнің сөзі?
5. Қозыкүрең оқиғасы қалай аяқталады?
6. Әңгіме Ағыбайға қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?
7. Төреқұл Ағыбайдың жиендеріне қандай сый жасады?
ІІ кезең. Мағынаны тану
«Мозайка» әдісі бойынша әр топ алдарыңа берілген кеспе қағазды оқып алып, мазмұнын басқа топқа түсіндіреді.
Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін
бітіріп,Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 ж.ж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.
Еңбектері
1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.
"Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы.
Содан кейін "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", «Дауа» сияқты кітаптары оқырман қауымға ұсынылды.
Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
Оюлар
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай?
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
“Келе ғой, қошақаным, өзіме!”- деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі.
Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.
Әжемнің көзіндей бұл оюларды
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.
Елестеп көз алдымда сән шақтарым,
Келгендей құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын
Әжемнің тарамысты саусақтарын.
Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр - өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан
Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім...
Болардай басқұр, өрнек маған медет,
Белгісі балғын шақтың қарар жебеп,
Сүйеніп түскиізге тұрып қаппын,
Көз жазып оюлардан қалам ба деп.
Мөлдір шық жасырынды жанарға кеп...
ІІІ кезең. Ой - толғаныс.
Сөздікпен жұмыс
Қошқармүйіз - қазақтың ұлттық оюының бір түрі
Тарамысты - арықтау.
Құр - киіз үйдің керегелері мен уықтарын таңып, байланыстырып
тұратын жалпақ бау.
Деңгейлік тапсырма.
1-тапсырма. Өлеңнің құрылысын талдау. Шумақ, тармақ, бунақ, буын санын, ұйқасын табу керек.
2-тапсырма. Өлеңнен төсеніш атауларын тауып, сол төсеніштер туралы әңгімелеп беру. Сөздік жұмысын жасау.
3-тапсырма. Өлең кейіпкерлерін табу. «Менің әжем» тақырыбында шағын шығарма жазу.
4-тапсырма. Өлең мазмұнынан не ұқтың? Мазмұнын сөзбен әңгімелеп беру.
Ою-өрнектер туралы деректер беру.
Қошқармүйіз оюын ою.
Тақырып – қаламгердің шығармасына негіз болған мәселе.
Идея – алған тақырыбы арқылы қаламгердің айтпақ болған ойы, мақсат-мүддесі, арманы.
«Оюлар» өлеңінің тақырыбы – қазақтың ұлттық нақышы-
ою-өрнегі туралы.
Идеясы – ою-өрнегімізге сүйсіну, ұлттық құндылығымызды қадірлеу, жойылуға жол бермеу.
Сабақты қорыту.
«Бес жолды өлең стратегиясы
1. Зат есім. Ою
2. Сын есім . Өрнекті, әдемі
3. Етістік. Ояды,тағады, безендіреді
4. Мағыналы сөйлем. Ою-қазақтың ұлттық байлығы.
5. Синоним. Өрнек.
Үйге тапсырма.
“Оюлар” өлеңін жаттау, ою ойып келу.
Бағалау. Өзара бағалау.(Топ бір-бірін бағалайды)
№26 С. Датов атындағы орта мектебі
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Оюлар»
Сыныбы: 5 «Б»
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Боранқұлова Жадыра Сембайқызы
2017 оқу жылы
№ 26 С. Датов атындағы орта мектеп
Тәрбиелік шара
«Ұлы ағартушыны еске аламыз!»
Сыныбы: 5 «Г»
Сынып жетекшісі: Боранқұлова Ж.С
Тақырыбы: Ұлы ағартушыны еске аламыз!
Мақсаты: 1. Ұлы ағаратушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл болғанын, Қазақтың даласына алғаш мектеп салып, білімнің жарық нұрын шашқан Ы.Алтынсаринның еңбектерімен таныстыру;
2. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, ой-пікірлерін қорытындылап айту шеберліктерін дамыту;
3. Білімнің адам өміріне пайдасы туралы түсінік бере отырып, оқуға деген құштарлықтарын ояту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сынып сағатының түрі: Ми шабуылы
Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу
Қадірменді ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұлы ағартушыны еске аламыз» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер!
Маған бақыт сабақ беру сіздерге,
Көріп тұрмын, қуаныш бар жүздерде!
Мол білімнің тереңіне бет бұрып,
Бәрімізге болсын серік – сәттілік!- дегендей, бүгінгі балалар әдебиетінің атасы, ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жылдығына арналған сынып сағатымызды бастайық.
Ұраны:
- Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ?
- Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісім?
- Тірлік,тірек, адамдық.
- Әрбір сөзім?
- Шындық, бірлік, адалдық
Сынып оқушыларының түгелдей тақта алдына шығулары сұралады.
Оқушыларды қатар бойынша топқа бөлу.
Ақындар, Жазушылар, Аудармашылар тобы.
Ақындар – өлең жолдарын оқиды.
Жазушылар – еңбегімен таныстырады.
Аудармашылар – аудармаларымен таныстырады.
И.Б.Паульсон: “Бір уыс мақта” “Тәкаппарлық” “Әдеп” т.б.
Л.Н.Толстой: “Жақсылыққа жамандық” “ Жаман жолдас” “Үш ұры’’
К.Д.Ушинский : “Түлкі мен ешкі’’ “Сауысқан мен қарға’’
И.Крылов; “Қайырымды түлкі”
2. «Деректер сөйлейді» тапсырмасы.( Слайдтағы сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын cәйкестендірулері қажет)
1879, 1841, 1889, 1850, 1864, ,1887, 1896.
1841 ж. 20 қазанда Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы (бұрынғы Торғай облысы) ауданында туған.
1850 ж. Орынбордағы қазақ-орыс мектебінде оқиды. Мектептен кейін өз елінде екі жыл тілмаш болып қызмет етеді.
1864 ж. 8 қаңтарда Торғайда мектебі ашылды. Бастапқыда он төрт бала қабылданады.
1879 ж. «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығарылады.
1887 ж. Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
1889 ж. Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.
1896 ж. “Мәктубат” деген кітабы Қазанда жарық көрді. Ол туралы Ғафу Қайырбеков “Дала қоңырауы “атты дастан, Жайсаңбек Молдағалиев “Таза бұлақ»атты роман жазды.
Мұғалім: Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ
мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Ендеше, оқушылардың көрінісіне кезек берсек!
1-топ. « Әке мен бала»
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың ескі тағасын көріп, баласына:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан сол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір - бірлеп алып жеп баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.
Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма - жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң бір шие, сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын, аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаласың, деді.
2-топ. «Таза бұлақ» Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты: — Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап: — Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады. Жігіт айтты: — Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.
3-топ. «Жаман жолдас» Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты: – Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi: – Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi.
“Кім көп біледі” ойыны. Оқушылар өздері дайындап келген баяндамасын оқиды.
4. Сергіту Сәті. «Галереяға саяхат»
1. Дүниеде бір дария беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан (Оқу, білім)
Бес жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып ақ тақырдан іс кескен (Бес саусақ пен қалам)
Абай ақын жұмбағы:
Алла Жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек – кезек жығысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз, түбінде ақыр
(Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық )
Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпе ұнаған (Домбыра)
Ортасында ақ көлдің, қара көлге тап болдым. (Көздің ағы мен қарасы).
Жаурағанды күлдірер, өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер. (от)
Кіруге адам батпайды,
Төрт бұрышты тақтайды.
Бәрі оны мақтайды
Затынды аман сақтайды (Сандық)
“Мен үшін...” әр жеке тұлғаның бүгінгі сабақ бойынша
өз ой – пікірлерін тыңдау.
1. Мен үшін Ыбырай атаның әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор…
2. Қазағымның тұңғыш кемеңгер- ұстазы ,ойшылы - Ыбырай атаның арманына біздер жетіп отырмыз…
3. «Ғылым- жанып тұрған шырақ»,-дегендей…
Кім тапқыр?
Ақынның өлеңдерінен үзінді беріліп, жасырынып тұрған сөзді табу.
1.Таулардан өзен ағар ........ (сарқыраған)
Айнадай сәуле беріп ........... .(жарқыраған)
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты ......... .(арқыраған)
2. Өнер - білім бар жұрттар,
Тастан сарай ........... . (салғызды)
Айшылық алыс ............ (жерлерден),
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар ......... . (алғызды)
3. Көңілің суын ішсең, .......... . (басылады)
Денеңде бар дертіңді ............ . (қашырады)
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып, ............ . (басылады)
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
Шуылдап желмен бірге ........... . (бас ұрады)
Достарыңызбен бөлісу: |