Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып тапқырлар»



Дата12.10.2020
өлшемі56 Kb.
#68219
түріСабақ


ҒАЖАЙЫП ТАПҚЫРЛАР САЙЫСЫ

1 сынып


Кабдыкова Салтанат Қарабайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: «ҒАЖАЙЫП ТАПҚЫРЛАР»

Сабақтың мақсаты:

1) математикалық ұғымдарды ажырату, амалдарды шапшаң орындау машықтарын жетілдіру үшін ойын түрлерін ұтымды пайдалану;

2) оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, шапшаң ойлау, өз ойын дәлелдей алу дағдыларын дамыту;

3) белсенділікке, білім сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық сайыс
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, жарыс, көрнекілік.
Көрнекі құралдар: ойын атаулары, конверттер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

  • Екі көз не үшін керек?

  • Жақсыларды көру үшін.

  • Екі құлақ не үшін керек?

  • Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

  • Екі қол не үшін керек?

  • Елге көмек беру үшін.

  • Екі аяқ не үшін керек?

  • Туған жерге жету үшін?

  • Бас не үшін керек?

  • Есепті шығару үшін.

- Олай болса қазіргі сабақ қандай сабақ?

- МАТЕМАТИКА.




  1. Сабақтың мақсатын қою.

  • Балалар, бүгінгі сабақта осы уақытқа дейінгі өтілген математикалық ұғымдарды қалай меңгергенімізді тексереміз, 3 топқа бөлініп жарысамыз.




  1. Таныстыру:

І – топ: «Азамат» тобының ұраны:

Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та ойлайық,

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық!

ІІ – топ: «Әділет» тобының ұраны:



Ой-арманын кешеміз,

Ақылды боп өсеміз.

Есепке тұнған әлемнің,

Жұмбақ сырын шешеміз.

ІІ – топ: «Бірлік» тобының ұраны:



Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз – еңбектену,

Есепті тез шығарып,

Жеңіске қол жеткізу.

4. Сайыс:



1 – тур « Кім алғыр, кім шапшаң?»

Үш топқа 3 конверт беру. Есчепті топтағы барлық бала тақтаға шығып орындайды. Әр топтың жұмысы тексеріліп, қорытындысы шығарылады.

2+3 = 8+2 = 8- 1 =

6- 3 = 8-4 = 9- 7 =

4-2 = 9-6 = 7+3 =

5+3 = 7-3 = 5- 3 =

9- 3 = 6+3 = 6+3 =

10- 3 = 7+3 = 4+5 =

8+2 = 5+4 = 8 -7 =

10-6 = 9-3 = 10-4 =


2 – тур «Жоғалған амалдар»

Әр топқа теңдіктер беріледі, ортасында қандай амал, таңба «+»,«-» орындалатынын оқушылар табу керек.

6 * 2 = 4 10 * 3 =7 5 * 3 = 8

4 * 4 = 0 8 * 3 = 5 6 * 3 = 3

7 * 2 = 9 2 * 3 = 5 9 * 3 = 6

6 * 4 = 2 4 * 3 = 1 4 * 3 = 7

5 * 4 = 9 6 * 4 = 10 6 * 4 = 2

8 * 1 = 7 3 * 3 = 6 3 * 3 = 0




3 – тур «Қай санды жоғалттым?»


1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 10 (5, 9)



1, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10 (2, 8)


1, 2, 3, 5, 6, 8, 9, 10 (4, 7)




4 – тур « Мені тап »

Сан құрамын анықтауға тапсырма





4 1 3 3 4 3


Сергіту сәті:

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін қолым жерге жеткенше.
5- тур «Жұмбақтар әлемі» (ой сергіту)

Әр топтың топбасшылары ғана жарысады.


1. Екі түйе, бір жылқы

Екі сиыр, үш ешкі

Екі қойым тағы бар,

Қанша малым табыңдар?! (10)



* * *

Бір-бірімен жарысқан,

2 аю, 1 арыстан

1 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (5)

* * *


Тал басында тізіліп, 10 жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы екеуі,

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі ? (7)
6- тур. «Сөзжұмбақ»

7- тур. «Тездет, бірақ қателеспе!»

Киелі 7 санына байланысты жалпы барлық топқа сұрақтар қойылады, дұрыс және толығымен жауап берген оқушыға (топқа) ғана ұпай қосылады.



  1. Аптаның жеті күнін ата? (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)

  2. Жеті қазынаны атап шық (толығымен)? (Ер жігіт, ана, білім, жүйрік ат, берен мылтық, қыран бүркіт, жүйрік ат.)

  3. 7 санының көршісін ата? (6,8)

4. 7 санына байланысты мақал – мәтел айтып бер? (1 мақалды толығымен айту керек)
8-тур. «Вагон бөшкелерін толтыр»

Әр балаға жеке - жеке тапсырма беріледі.



1

+ 4 - 2 + 6 - 7 + 4


2

+ 8 - 5 + 1 - 3 + 5

5. Сабақты қорыту

Екі топтың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтау. Мына санамақты айтқызу арқылы сабақты қорытындылау:

«1» дегенім жаман баға,

Алады оны жаман бала.



«2» дегенім нашар баға,

Балаларым, нашарлама.



«3» дегенім орта баға,

Сапасы да орта ғана.



«4» дегенім жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.



«5» дегенім үздік баға,

Оқиық тек үздік қана!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет