ә) Мәтінмен жұмыс
Cіз мына тарихи тұлғаларды танисыз ба?
1. Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Әкесі Ыстықкөлдің оңтүстігіндегі Барсханда тұрған. Барсхан әмірінің ұлы. Бұқара мен Нишапуда білім алған. Ол біраз уақыт Бағдад қаласында тұрған. Онда араб тілін оқып үйренеді. Ауыз әдебиетінің мол мұраларын жинаушы, тіл танушы және этнограф. Ол түріктердің тілі мен аңыз әдебиетіне ерекше көңіл бөліп, әрбір түрік тайпаларының қоныс жерлерін аралап сапар шеккен. Түріктердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Ортағасырлық түркі тілдес тайпалардың энциклопедиясы – «Түркі сөздерінің жинағын» мұраға қалдырған. Бұл еңбекті ерте орта ғасырлардағы түріктердің өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.
Махмуд Қашғари
2. 1103 жылы Испиджабта туған. Алғашқы білімді өз әкесі шейх Ибрагимнен алды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы түрік халқының арасында ислам дінінің тарауына зор әсерін тигізді. Оның өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тарады. Оның өлеңмен жазылған «Даналық жайындағы кітап» деген еңбегі бар. Еңбегінде ақиқатты, шындықты, адалдық пен тазалықты уағыздаған. Алғашқы ұстазы Отырардағы Арыстан Баб.
Қожа Ахмет Йасауи
3. Ол 973 жылы Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Ол парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын) болжаған.
Әбу Райхан әл - Бируни
б) Өлең шумақты табу
Төмендегі өлең шумақтарының авторы мен кітапты атаңыз. Ол адам баласының қадір-қасиеті - білім мен ақылда деп есептеп, халқын білімге үндейді:
Біліксіздер өзі нағыз басырдың,
Білім үйрен, надан, көзің ашылсын!
Білімді-аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз-көп, ақылдыны таптаған
Білік берді - адам бүгін жетілді,
Ақыл берді- талай түйін шешілді.
Ақылды ұлы, біл, білімді білікті,
Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.
Жүсіп Баласағұн (Құтадғу білік)
в) Сөзжұмбақ шешу
"Ортағасырлардағы рухани мәдениет"
Т
Б
О
А
Ф
Р
А
Б
И
Т
Л
Е
О
Т
С
Н
И
Р
А
Н
М
Р
И
С
Т
О
Т
Е
Л
Ь
А
И
А
З
Ғ
М
Ұ
Н
г) Тест жұмысы
1. "Әлемнің екінші ұстазы" әл - Фарабидің атақты трактатын атаңыз
А) Ғылымдардың пайда болуы
В) Даналық кітабы туралы
С) Ежелгі халықтар хронологиясы
Д) Түрік сөздерінің сөздігі
Е) Бақытты болу жайлы ілім
2. Әл - Фараби кесенесі мен тарихи - мәдени орталығы қай қалада орналасқан?
А) Бағдад
В) Самарқанд
С) Дамаск
Д) Бұқара
Е) Каир
3. Ежелгі түріктердің әйел құдайы:
А) Қыз - Емшек
В) Тенгри
С) Ыдұқ баш
Д) Йер - Су
Е) Ұмай
4. Орталық Азияда будда дінінің таралуында маңызды рөл атқарды
А) Соғдылықтар
В) Қытайлар
С) Түріктер
Д) Монғолдар
Е) Наймандар
5. ІІІғ. Иранда "Жарық ұстазы" негізін қалаған,түріктер арасында таралған дін қалай аталады?
А) Христиан
В) Манихей
С) Зороастра
Д) Будда
Е) Ислам
6. М.Қашғари еңбегін атаңыз
А) "Диуани Хикмет"
В) "Жылнамалар жинағы"
С) "Құтты білік"
Д) "Диуани лұғат ат - түрік"
Е) "Орынбор тарихы"
7. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниектен 500 жыл бұрын болжаған ортаазиялық энциклопедист ғалым?
А) Бақырғани
В) Ибн Сина
С) Әл - Фараби
Д) Әбу Райхан әл - Бируни
Е) Қожа Ахмет Йасауи
8. Х - ХІІ ғғ. Қазақстанда қай мемлекет ресми турде исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады?
А) Түргеш қағанаты
В) Қарақытай мемлекеті
С) Қыпшақ мемлекеті
Д) Түрік қағанаты
Е) Қарахан мемлекеті
9. Әл - Фарабидің қайтыс болған жылы
А) 870 жыл
В) 950 жыл
С) 980 жыл
Д) 970 жыл
Е) 890 жыл
10. Қожа Ахмет Йасауи еңбегін атаңыз
А) "Құтты білік"
В) "Орынбор тарихы"
С) " Жылнамалар жинағы"
Д) "Диуани Хикмет"
Е) " Диуани лұғат ат - түрік"
Ү. Жұмыс алгоритмі (оқушыларға әуе шарының суреті беріледі)
Ғылымның дамуына үлес қосқан: Әбу Насыр әл - Фараби
Тіл білімінің дамуына үлес қосқан: Жүсіп Баласағұни
Әдебиет саласына үлесін қосқан: Қожа Ахмет Йасауи
Достарыңызбен бөлісу: |