Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы Сабақтың мақсаты



бет1/8
Дата04.08.2017
өлшемі1,21 Mb.
#22951
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі

Ғылым мен білімніңдамуы

ҮІІ сынып

Сынып жетекші: Гүлдерім Мусина
Күні: 9.12.2015ж

Сыныбы: 7

Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
1.Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
2.Оқушылардың тарихи-ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
3.Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағылым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, 
тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, уақыт шеңбері,шығармашылық жұмыс,гармошка әдісі,санадағы кинофильм,интернет желісімен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Орта ғасырлық Қазақстанның картасы, интерактивті тақта, суреттер
І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу,түгендеу

2. Оқушыларды топқа бөлу (алма,мандарин,банан)

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (уақыт шеңбері арқылы)

Оқушылар ортаға шығып дөңеленіп тұрады

1. Мұсылманша жерлеу салты (адамның басы құбылаға қаратылып,жанына ешбір зат бірге қойылмай жерленеді

2. Христиандық крестің таңбасы салынған кірпіштер табылды? (Ақтөбе)

3. 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы? (Кутейба ибн Муслим)

4. Зороастра ілімі қай ғасырда қалыптасты? (ҮІІ - ІҮ)

5. "Дін үшін соғыс" ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігіне басып кірді? (737 - 748жж)

6. Х ғ. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған ғалым (Әл - Макдиси)

7. Арабтардың Қазақстанның оңтүстігіне басып кірген уақыты? (ҮІІІ ғ. ортасында)

8. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным - сенім (тотемизм)

9. Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай қандай дін таралған? (христиан)

10. Ислам дінінің нығаюы қазақ жерінде қандай салаларының дамуына ықпал етті? (ғылым мен білім)



ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбын білу үшін сіздерге мақал - мәтелдің жалғасын табамыз.

Ғылым - теңіз.... (Білім - қайық)

Ақыл азбайды......(Білім тозбайды)

Тіліңмен жүгірме.....(біліммен жүгір)

Наданмен қос болғанша .....(кітаппен дос бол)

Байлықтың кілті .....(ғылым)

Ілім бұлақ....(білім шырақ)

Көп оқыған білмейді.....(Көп тоқыған біледі)

Оқу - білім азығы.....(Білім - ырыс қазығы)

Жаңа сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы

Жоспары:


Ғылымның дамуы

Әбу Насыр әл - Фараби (870 - 950жж)

Әбу Райхан әл - Бируни (973 - 1050жж)

Тіл білімнің дамуы

Махмуд Қашғари (1030 - 1090жж)

Жүсіп Баласағұни (1021 - 1075жж)

Әдебиет

Ахмет Иүгнеки



Қожа Ахмет Йасауи (1103 - 1167жж)


Ғылымның дамуы


Әбу Насыр әл - Фараби

(870 - 950жж)

Әбу Райхан әл - Бируни

(973 - 1050жж)




Тіл білімнің дамуы



Махмуд Қашғари

(1030 - 1090жж)

Жүсіп Баласағұни

(1021 - 1075жж)

Әдебиет

Ахмет Игүнеки


Қожа Ахмет Йасауи

(1103 - 1167жж)

Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" ретінде белгілі болған Әбу Насыр Мұхамед ибн Мұхаммед Үзлағ ибн Тархан әл - Фарабаи Шығыс пен Батысқа Х ғасырдың 1 - жартысында мәлім болды.Ол 870 жылы Отырар (Фараб) қаласында дүниеге келген.Руы - қыпшақ,әкесі әскери басшы адам болған.

Әл - Фараби музыканың заңдылықтарын зерттеп,оны екі тараудан тұратын "Музыканың үлкен кітабы" атты күрделі еңбегін жазған.Әл - Фарабидың жазуынша, "Табиғат көркі - аспан шырақтары,жердегі көрік - музыка,дыбыс" Тоғыз ішекті музыка аспабын сипаттап жазған.Ол туралы Мағжан Жұмабаевтың мынадай өлеңі бар:

Тұранның кім кеміткен музыкасын,

Фараби тоғыз ішекті домбырасын.

Күңірентіп тоқсан тоғыз күй таратқанда,

Тебіреніп кім көкпеген көзден жасын.

Әл - Фараби 950 жылы Дамаскі қаласында қайтыс болды.

Дамаскідегі әл - Фараби кесенесі мен тарихи - мәдени орталығы - мешті,оқу залы мен интернет - кафесі,кітапханасы,конференц залы,қонақ үйі бар көп салалы нысан.
Әбу Райхан әл - Бируни 973ж қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген.Парсы, араб,грек,үнді тілдерін меңгерген оқымысты.Әбу Райхан әл - Бируни жалпы алғанда жүз елу еңбек жазған,олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған.

Жүсіп Хас Хажип Баласағұни (1021 - 1075 жж) түрік отбасынан шыққан,жас кезінен бастап білім алып,әдебиетпен шұғылданған.Парсы - тәжік әдебиетін көп оқыған.

Жүсіп "Құтадғу білік" ("Құт негізі - білім") деген 85 тараудан,6500 - ден астам бәйіттен тұратын поэма жазған.

Ақынның көтерген мәселесі - адамның кемелдену жолдары.Автор осы жолда адамның жадында ұстауы тиіс деген негізгі төмендегідей шарттарды ұсынады

1. Баласағұни адам баласының қадір - қасиеті білім мен ақылда деп есептеп,халқын білімге үндейді.

175. Біліксіздер өзі нағыз басырдың,

Білім үйрен,надан.көзің ашылсың!

195 Білімді - аз,білімсіздер қаптағын,

Ақылсыз - көп,ақылдыны таптаған

150. Білік берді - адам бүгін жетілді,

Ақыл берді - талай түйін шешілді.

2. Тілдің пайдасы мен зияны туралы

170. Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,

Біз сөзбен шеш түмен сөздің түйінін.

Сөз кісіні ұлы қылар,бек қылар,

Көп сөз басты иіп жерге,жеп тынар
Махмуд Қашғари (1030 - 1090жж) орта ғасырдағы түрік тайпаларыннан шыққан ірі ғалым,ауыз әдебиетінің мол мұраларын жинаушы.Махмуд Қашғаридің "Диуани лұғат - ат - түрік" деген еңбек жазды.Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді. "Мен түріктер,түркімендер, оғыздар,яғмалар,қырғыздардың қалаларын,қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым,сөз жинадым,әр алуан тіл ерекшеліктерін үйреніп,оларды анықтап отырдым.Мен бұл істерді тіл білмегендігімнен емес,сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау үшін істедім.Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы,жетік білетінмамандардың,жіті аңғарып,ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімін. "
Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы,сопы ақындардың ішінде Ахмет Йасауидің (1103 - 1167) шығармалары елеулі орын алады.Қожа Ахметтің өлеңмен 1103 жылы Испиджабта туған Қожа Ахмет алғашқы білімді өз әкесі шейх Ибрагимнен алды.

Қожа Ахметтің өлеңімен жазылған "Диуани хикмет" ("Даналық жайындағы кітап") деген еңбегі бар.

Йасауидың даналық ойлары Баласағұни мен Абай көзқарастарымен өте ұқсас .Йасауи да бес нәрседен қашық болуды уағыздайды

1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол

Өз көркіңе өзің мәз бола берме,

Өзіңе - өзің сұқтанғаның сәрі жөн бе?

Алланы айтып тәуба қылғын,жөнге кел де,

Түн ұйқыңды төрт бөліп алдыңды ойла.

2. Менмен,тәкаппар болма:

Менмен болсаң,тамұқ күтіп алар алда,

Тәкаппардың халі ауыр,дозақ ол да.

3. Дүние мүлік үшін арыңды сатпа:

Дүние - мүлікке құмартып,жаөан малын жиғандар,

Құзын жемін жегендер арамға әбден батпақшы

4. Арамдықтан аулақ бол:

Арам жеген әкімдер,құныққандар параға,

Өз бармағын тістелеп,өкініш отқа жанбақшы.

5. Еріншек болмай оқуға,алыңдар білім кеңінен

Жоққа әрине,дауа жоқ,бардың жолын табыңдар.



ІҮ. Интернет желісімен жұмыс



а) Сәйкестендіру тапсырмасы

Мына тарихи есімдер мен шығармалардың арасындағы сәйкестіктерді табыңыз



Оқиға

Уақыты

Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші

Бируни

Құтадғу білік

Жүсіп Баласағұни

Диуани лұғат ат - түрік

Махмұд Қашғари

Диуани и - Хикмет

Ахмет Йасауи

Музыканың үлкен кітабы

Әл - Фараби




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет