Астана қаласы №53 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Смаилова Шолпан Кумарбековна
Әдебиет 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба
Мақсаты: 1. Абай Құнанбаевтың өмір жолы туралы оқушылардың түсініктерін толықтыру;
Өлеңнің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру.
2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ақыл-ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру. 3.Оқушыларды адамгершілік пен азаматтыққа тәрбиелеу.
Ұлы адам өмірін үлгі тұта білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдістері: баяндау, сұрақ-жауап,әңгімелеу, топтау, ой қозғау ,жұптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: А.Құнанбаев суреті, өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер,слайд, мақал- мәтелдер,үнтаспа.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру:
-Әжей Аянға не үшін алма берді?
-Арман неге қысылды деп ойлайсың?
-Сенің досың Арман сияқты болса не дейсің?
-Әдеп дегенді қалай түсінесің?
Арман мен Аянға мінездеме беру.
«Мен әдепті баламын» тақырыбына жазған әңгімелерін оқыту.
«Әдеп» тақырыбына мақал-мәтелдер айту, м/ы :
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» т.б мақалдың мәнін ашқызу.
Сергіту сәті.
III.Жаңа сабақ
Ой шақыру. Бұл топтама кім туралы деп ойлайсыңдар?
Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысында дүниеге келген.
Әкесі Құнанбай қатал, ел басқарған адам болған.
Абай анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің тәрбиесін көріп , жас кезінен оқуға зерек ,ақылды болып өседі.
Әкесі Құнанбай Абайды он жасында ауылдағы Ғабитқан моллаға оқытады.Одан соң Семейдегі Ахмет Риза медрессесіне оқуға береді.Абай өзіне біткен талабы арқасында, парсының тағы басқа шығыс халықтарының тілін үйреніп, өз бетінше білім алып, тілдерді зерттей бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |