Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ұстанымдары: Зерттеу жұмысының әдіснамалық ұстанымдары мен амалдары зерттеудің кешенділігін, жан-жақтылығын қамтамасыз етеді. Зерттеуші өз тақырыбы бойынша қарастырылатын мәселенің ұстанымдары мен амалдарын дұрыс таңдай білген жөн.
1.Біртұтастылық (целлостность) – білім мен тәрбиенің бір-бірімен бөліп қарауға болмайтын тұтастығы. Білім бере отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып білім береміз.
2.Тұлғалық (личность) – зерттеу жұмысының тұлғаға бағытталуы, оның дамуының түп-тамыры өзін-өзі дамытумен байланысты екенін назарда ұстау, оның еркіндігін: адами интеллектуалдық еркіндігін мойындау, яғни зерттеу жұмысымыз адамның жеке қасиеттеріне әсер етпейтіндей жүргізілуі керек. Гуманистік ізгіліктік қасиеттер қатар жүруі керек.
3.Әрекеттік (деятельностный) ұстаным – әдіснаманың басты ұстанымының бірі болып табылады. Оның нәтижесінде адамның қоршаған ортаны өзгертуі орын алады. Әрбір әрекеттің төмендегідей құрылымы бар:
– қажеттілік (танымдық, рухани, әлеуметтік)
– мотив
– іс-қимыл
– шарттары
– құралдары
– нәтижесі
– рефлексия
Диалогтық ұстаным – оқытушымен, ұжыммен, кітаппен қарым-қатынас. М.М.Бахтин «Тек қарым-қатынаста өзара әрекетте «Адамдағы адам оянады, ашылады». Диалог адамды қалыптастыруқұралы ғана емес, сол адам болудың өзі» дейді.
Мәдениеттанымдық ұстаным – әдіснаманың негізгі ұстанымдарының бірі. Мәдениеттің үлгілері адам жанын өңдейді, құнарландырады, нәрлендіреді.
Аксиологиялық (құндылық) ұстаным. Аксиологиялық зерттеудің басты құндылығы – адам.
Синергетикалық ұстаным. «Синергия» – өзін-өзі ұйымдастыру деген мағынаны білдіреді. Бірлесе жұмыс жасау, сол бірлескен әрекетте өзінің орнын табу; осы екі ұйғарымда дұрыс шешім қабылдауды жүзеге асырады.
8.Акмеологиялық (биіктік, шың) ұстаным – адамның белгілі бір биіктерді бағындыруы.
Антропологиялық