Күн: 10.09..2024 ж.
Топ: 21 ДТ-1
Пән:ҒПЗӘ Сабақтың тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысы және деңгейлері, негізгі компоненттері, ғылым логикасы
Жоспар 1.Ғылыми зерттеу жұмысы және деңгейлері, негізгі бағыттары
2.Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері
3.Ғылым логикасы және методология проблемалары
Педагогика әдіснамасы – педагогикалық теория, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білімдер жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарының жиынтығы туралы педагогика ғылымының бір бөлігі.
Әдіснаманың теориялық жағы – педагогикалық заңдылықтарды, педагогикалық зерттеудің қандай идеялардан (философиялық, биологиялық, психологиялық) анықтап, қорытынды шығарады.
Әдіснаманың нормативтік жағы – педагогикалық нысананы(объектілерді) қараудың жалпы принциптерін, ғылым мен педагогикалық зерттеудің жалпы және жеке әдістерінің жүйесін зерттейді. Ғылыми педагогикалық зерттеу жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын танымдық әрекет түрі және оқыту, тәрбиелеу және тұлға дамуының объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс болғандықтан, объективтілігі, нақтылығы, дәлелділігі жағынан сипатталады.
Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері. 1.Эмпирикалық (практикалық) – жаңа ғылыми фактілер анықталып, эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады. Жинау, талдау және жалпылау, практикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық талдаудан өтеді.
2.Теориялық: негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп ашылған фактілерді анықтап, болашақтағы фактілерді, жағдайларды алдын-ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3.Әдіснамалық: эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылыстың жалпы принциптері мен әдістері мен теориясы құрылады. Зерттеудің бұл деңгейі іргелі деп аталады.
Педагогикалық зерттеу бағыттары. 1.Тарихи-педагогикалық зерттеулер
2.Дидактикалық зерттеулер
3.Әдістемелік тұрғыдан жасалған зерттеулер
4.Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер
5.Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулер
6.Әдіснамалық зерттеулер
7.Тәрбие саласына қатысты зерттеулер
Педагогикалық зерттеулер өз бағыттылығына қарай ізденістік,іргелі, қолданбалы, болып бөлінеді.
Ізденістік зерттеулер ғылыми жаңалықтарды ашу мақсатымен зерттеудің принциптік жаңа бағыттарын табу үшін жүргізіледі. Олар белгілі бір теория мен идеяларға сүйенеді, ізденістердің барысында әрбір теорияларға, тұжырымдарға сын көзбен қайта қаралып, елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Нәтижелері оңтайлы болған жағдайда ізденістік жұмыстардың қорытындылары тәжірибелерде шығармашылықта пайдаланылады.
Іргелі (фундаментальды) зерттеулер – табиғаттың жаңа заңдарын ашуға, табиғи құбылыстар арасындағы байланысты анықтауға және құбылыстарды, процестерді, айғақтарды түсіндіруге бағытталады. Іргелі зерттеулердің нәтижесі прогностикалық негізде жасалған педагогикалық негізде жасалған педагогикалық жүйелердің даму нобайы (моделі) немесе теориялық және тәжірибе арқылы өзінен бұрынғы зерттеушінің алынған жетістіктерін қорытындылайтын тұжырымдамалар болып табылады. Үлкен жаңалық ашатын зерттеулер – іргелі зерттеулер.
Қолданбалы зерттеулер – педагогикалық тәжірибенің заңдылықтарын ашуға, педагогикалық үдерістің жекелеген қырларын тереңірек зерттеуге бағытталады. Бұндай зерттеулер нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар береді.