Сабақтың тақырыбы: Физика табиғат туралы ғылым Сабақтың номері: №1



бет1/3
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#116254
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
7 сынып ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

Физика – табиғат туралы ғылым

Педагогтің аты - жөні




Күні:




Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Физика – табиғат туралы ғылым

Сабақтың номері:

№1

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.1. – Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіре алады.

Басым бөлігі: Физикалық ұғымдарды біледі, олардың мағынасын аша алады.

Кейбір оқушылар:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.





САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі: танысу, түгендеу

(Жаңа пәнмен таңыстыру)

Қоршаған ортамен танысу кезінде не себепті темір шеге суға батады, ал өте үлкен кемелер су бетінде жүзеді, не себепті күзгі жауыннан кейін кемпірқосақ болмайды, неге тұтылу кезінде Айдың түсі қара емес, қызыл болады деген сұрақтар мазалаған болар. Олай болса, бұл сұрақтарға физика ғылымы жауап береді.(Оқулықпен таңысу)












Сабақтың ортасы

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен сабақ тақырыбың жазыңыздар: «Физика – табиғат туралы ғылым»

  • Бүгінгі сабақты меңгерген соң, физикалық дене мен зат түсінігін ажырата аласыздар; физикалық құбылыстарды ажыратасыздар.

Ол үшін, жаңа тақырыппен таңысып, дәптерге қысқаша конспект жазындар
Оқу тапсырмаларың орындау:

І. ТЕСТ

  1. Төмендегі қай нұсқа «физикалық дене» түсінігіне жатады?

  1. оттегі

  2. мыс

  3. ұшақ

  4. алюминий




  1. Балқу процесіне қай мысал сәйкес келеді?

  1. заттың газ күйден сұйық күйге өтуі

  2. заттың сұйық агрегат күйден қатты күйге өтуі

  3. зат немесе дене температурасының төмендеу процесі

  4. заттың қатты күйден сұйық күйге өтуі




  1. Сәйкес келетін нұсқаны таңда.

Қай құбылыстардың көптүрлілігі мөлдір ортадағы жарық сәулелерінің таралуымен байланысты?

  1. Оптикалық

  2. Механикалық

  3. Магниттік

  4. Электрлік




  1. Шыныдан жасалуы мүмкін физикалық денелерді көрсет. (Дұрыс жауап саны: 2)

  1. аквариум

  2. кілемше

  3. сызғыш

  4. стақан

  5. орындық

  1. Механикалық құбылыстың жылу құбылысынан айырмашылығы неде?

(Дұрыс жауап саны: 2)

  1. Егер денелер бір-біріне қатысты қозғалыста болса, онда жылу құбылысты, ал егер денелер қызса, салқындаса, буланса, онда механикалық қозғалысты сипаттайды.

  2. Егер денелер бір-біріне қатысты қозғалыста болса, онда механикалық құбылысты, ал егер денелер қызса, салқындаса, буланса, онда жылу құбылысын сипаттайды.

  3. Машиналардың, ұшақтардың қозғалысы, қар көшкіні бұл жылу құбылысына жатса, мұздың еруі, табиғаттағы су айналымы бұл механикалық құбылысқа жатады.

  4. Машиналардың, ұшақтардың қозғалысы, қар көшкіні механикалық құбылысқа жатса, мұздың еруі, табиғаттағы су айналымы жылу құбылысына жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет