Сабақтың тақырыбы: Ғұндар мемлекеті Мақсаты



бет1/2
Дата19.02.2017
өлшемі1,28 Mb.
#10917
түріСабақ
  1   2
Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қоянды орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Савилхан Меруерт

Сабақтың тақырыбы: Ғұндар мемлекеті

Мақсаты: Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың ролі,ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы,Мөде,Аттила туралы мағлұматтарды талқылау.

Міндеттері:



  • Оқушылардың ойлау қабілетін шыңдау,өзіндік пікірі бар оқушы дайындап, жеке тұлға қалыптастыру.

  • Оқушыларды ізденімпаздыққа,өзін-өзі басқаруға, бір- бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге үлес қосу.Отанын сүюге үйрету.

  • Оқушының сөйлеу мәдениетіне, ойын еркін жеткізе білуге баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: топтық жұмыс,ой-қозғау,Венн диаграммасы

Сабақ көрнекілігі: Карта,тірек-сызба,суреттер,видео-ролик,слайд.

Сабақ барысы:

І-Ұйымдастыру кезеңі


  1. Сәлемдесу

  2. Түгендеу

  3. Сабаққа назарларын аудару

ІІ.Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Ізгі арманын,үмітін

Бабалардың жалғаймыз.

Білім көкжиегінде

Жалындаймыз,самғаймыз.

ІІІ.Үй тапсырамасы.

Пресс-конференция түрінде өтеді.

Құрметті пресс-конференцияға қатысушылар!

Қаңлылар туралы не білетінімізді ортаға салайық.


  1. Астана арнасының арнайы тілішісі: Аманжол Хуан

Менің сұрағым «Тарихшылар» тобына арналады.

Қаңлылардың этникалық дамуы туралы не білесіздер.



  1. Егеменді Қазастан газетінің тілшісі: Құдайбергенов Султан

Менің сұрағым «Көшпенділер» тобына арналады.

Қаңлылардың жалпы орналасуы қалай болған?



  1. Қазақ радиосының тілшісі: Кундаулет Кунзат

Мен сұрағымды «Зерттеушілер» тобына қойғым келіп отыр.

Қаңлылардың саяси дамуы қай уақытта ерекше дамыды.


ІҮ. Жаңа сабақ

Ал балалар! Қазақ халқының ата - тегі болған қандай тайпаларды білесіздер?

Төменде берілген кесте бойынша білетінімізді толтырып өтейік.
Ғұн

Қаңлы


Үйсін

Сақ


Ендеше, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: Ғұндар мемлекеті.

Оқушыларға ғұндар туралы қысқаша видеоролик көрсетіледі.



Мұғалім: Ғұндар туралы слайд арқылы қысқаша түсінік береді.Картадан көрсету.

Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында “Ғұн” деген атпен тайпа одағы қалыптаса бастады.


Қытайлар хунну, кейде сюнну деп атаған бұл тайпалар “халықтардың Ұлы қоныс аударуы” дәуірінде белгілі болды.

Оқушыларғы топтық тапсырма беру.

1 топ. Ғұндардың гүлденуі мен тайпалары

2 топ.Ғұндардың Юэчжилермен,Қытаймен,Үйсіндермен,Қаңлылармен байланысы

3 топ. Ғұн мемлекетілігі,Ұлы қоныс аудару

Әр топ берілген тапсырма бойынша жеке,жұп,топ болып жұмыс жасайды.Әр топтың спикерлері сөйлейді.

Мұғалім:Қысқаша түсініктеме береді.Ғұндарды зерттеген ғалымдар:

Ғұн қағанаты мен ғұндарды зерттеген ғалым көп. Тек Кеңестер Одағының өзінен түрколог ғалымдар Лев Гумилев, С. Кляшторный, Л. П. Окладников, Əлкей Марғұлан, О. Сүлейменов, Манаш Қозыбаев, Мəмбет Қойгелдиев, Əбдуəли Қайдар, Рахманқұл Бердібай, Ақселеу Сейдімбек, Қойшығара Салғара, Мырзатай Жолдасбековтердің еңбектері де төбе-төбе. Қытайдағы Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжы, Жақып Мырзаханов пен Жақып Жүнісұлы, Шадыман Ахметұлы, Қытайдан Қазақстанға барған Нəбижан Мұхаметханұлы, Бақыт Еженханұлы, Əлімғазы Дəулетхан сықылды ғалымдар бұл іске тіпті күшті серпін берді.


Деңгейлік тапсырма.

  1. Ғұндардың орналасуы

  2. Ғұн тайпасының көсемдері

  3. Ғұн тайпалары туралы айтылған ой –пікірлерге тоқталыңыз.

  4. Ғұндардың Еуропаға жорығы

Ү.Шығармашылық жұмыс.

1 топ. Мөде қаған туралы көрініс

2 топ. Қытай қорғанының ерекшелігі,тарихтағы орны



3 топ.Аттила патша туралы не білеміз?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет